Әлдебір туындының, не адамның кемшіліктерін батыл түрде, бүкпесіз айтып, бетіне басу. ~ Абай Қарқаралы дуанынан қазақтың неше алуан шешен сөздерін мақал-мәтелдерін, сайқал-мазақ, шанышпа тілдерін Бошан ортасында болған ақын-қожа Қалдыбай, Бурақанның айтқан өлеңдерін, олардың өткір сын, өтімді теңеулерін жадына сақтап қайтады. Әрх.Ысқ. ~ «Ілияс Омарұлы, “Вопросы истории” журналында жарияланған Ким жолдастың өткір сынын оқыдыңыз ба? Меніңше, бұл да кейбір тарихшылардың ақиқатты теріске айналдырып, қазақ халқының тарихын көпе-көрінеу сүмірейтіп көрсету ниетінен туған сандырақ тұжырым. М.Сәрс. ~ Керісінше, қай-қайдағы бір Р.Вайан маған көп әсер етеді. Өйткені, ең құрығанда ол өзі жайлы да әрі батыл, әрі өткір сын айта алады. Д.Ис.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ӨТКІР КӨЗ
Тесіле қарайтын, отты, зерек көз. ~ Аркадий Павлович өткір көзін Белоусовқа қадады. М.Дәу. ~ Екі көзіміз телміріп Ырысбекте, оның ерекше қасқайып отырған отырысына да, күреңіте тершіген сұлу жүзіне де, ойнақшыған өткір көзіне де, қайратты қара шашына да ынтызар боп қызыға қараймыз. С.Мұр.

ӨТКІР ЖҮЗДІ (ЖҮЗ)
Айбарлы, өжет, сұсты. ~ Мұның бірі — бурыл сақалды, кішілеу шегір көзді, ер мұрынды салмақты адам. Екіншісі — сорайған ат жақты, көселеу келген, өткір жүзді, ұзын бойлы қара жігіт. М.Әу. ~ Осы кезде Мұрат кездесті. Өткір жүзді, сымбатты жігіт сонау бір күні коридорда кездесіп, тіл қатқанда-ақ Айшаның жүрегін дір еткізіп еді. Т.Ах. ~ Иә, ажал деген қақпаннан бұ жолы да құтылып кеттім. Қақпан қанша тарс жабылғанмен, өткір жүзінің әлі жетпей қалды. І.Ес.

ӨТКІР ЖЕЛ
Азынай соққан, бет бақтырмайтын ызғарлы жел. ~ Сілбісі сіркіреп, күні күркіреп, өте зәрлі өткір жел соғады. Үсті-басыңыз су болады. Қойыннан жел жорғалап, мойыннан су сорғалап, ықтасын іздейсіз.І.Жанс. ~ Түркістан тұсындағы қыстың лебі Сібірдің кейбір құрғақ, жылы күзінде қоңыржай, жылы келсе, Қызылорданың қысының ызыңдай соғатын өткір желі, маңдайыңнан темірдей қарып, бет бақтырмайды. С.Мұқ. * Бағанадан бері жас дөнен жолдың екі езуіне алма-кезек бұлтыңдап, титықтатқан омыраулы қара аттың арқасы кеңіп, маңдайынан қарсы соққан өткір желді қайықша сүзіп, жосылтып келеді. С.Жүн. ~ Жетпеппін қадіріне көп күндердің, Өтінде қаңғалақтап өткір желдің. Н.Айт.

ӨТКІНШІ СЕЗІМ
Өтпелі, тұрақсыз, баянсыз сезім. ~ Көп болса, бір қызды жақсы көрген шығарсың, көп болса, ол қыз сені түсінбеген шығар, қарамай кеткен шығар. Бірақ мұның бәрі өткінші сезім, алдамшы сезім. С.Шай. ~ Әлия үнсіз басын изеді. Әлі үйленбеген жап-жас жігіттің құлынды биедей балалы келіншекке ықыласы құлап ынтыққанына әуелі мән бермей, әшейін өткінші сезім дағы деп қараған. Ф.Оңғ. ~ Парызымды өтеу сезімнің ісі емес, парасаттың туындысы емес пе? Демек, мені билеген өткінші сезім емес, тұрақты Парасат қой. Н.Кел.

ӨТКІНШІ ӨМІР (ҒҰМЫР, ДӘУРЕН)
Мәңгілік ештеңе жоқ, өмірдің де көзді ашып-жұмғанша өте шығатын баянсыздығын бейнелейтін тіркес. ~ Қанаты бүтін сұңқар жоқ, Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.Алладан үкім келген соң Өткінші өмір сұрау жоқ. «Қыз Жібек». ~ Советханның өткінші өмір туралы философиясы, «оралыңның барында күліп-ойна» деген өлеңді еске алуы, айналып келгенде, оңай ақша табу мәселесіне тірелгенде ол не дерін білмей қақалып қалды. Б.Тоғ. ~ Балаларым, сендер өткінші ғұмырдың қиын-қыстау кезеңінде боран-шашында өскен қарағайдай қайсар мінез таныттыңдар. Ж.Шәк. ~ Сүйтіп Ақанның жанына сусын болған Көкшенің екі аруы – Ұрқия мен Ақтоқты өткінші дәурендей өте шықты. Ақан зарлап жалғыз қалды. С.Жүн. ~ Шын поэзия, осылайша, мәңгілікпен тексеріледі. Егер өткінші ғұмырдай белгілі бір мезгілдің туындысы болса, ол поэзия болмағаны. Ф.Оңғ.