Posted in

ӨТІРІКТІ СУДАЙ САПЫРДЫ

Көпіртіп, гуілдетіп өтірік соқты. ~ … ақ отауының ішінде шырт түкіріп, дөнен иттей кергіп Омар бай отыр; қырық жылдан бері қыдырудан қолы тимей келе жатқан аларман-шабарман Оспан жүр өтірікті судай сапырып … О.Бөк. ~ – Ой, өтірікті судай сапырасың-ау, сабаз! Қалай сүмірейтеді, ә! Оқып-оқып, үйренгендегің осы ма? – деп Еділбай жағасын ұстап таңғалды.  Ш.Ай.  ~ Әне біреулер Өтірікті судай сапырып, Соғып жатыр. Өтірікті соғып, Қара халықты Қып-қызыл қанын Кенедей жабысып, Сорып жатыр. Т.Мед.

ӨТІРІКТІ СУДАЙ СІМІРДІ

Беті бүлк етпей жалған сөйледі. ~ — Сен өтірікші. Мынау не деген аяр, жәдігөй қатын, қалай өтірікті судай сіміреді,— деп еді Таубай, әйел жаңағыдан. Б.Қыд.

Posted in

ӨТІРІКТІ ЖҮНДЕЙ САБАДЫ

Өтірік сөзді лепіртті, жоқтан бар жасады. ~ Оқыған осы өлеңді жаңа талап, Мін тағар төрт тарабын бірдей қарап. Сыртынан сырын ұқпай сыр береді–ау, Отыр деп өтірікті жүздей сабап. Шәк. ~ Қазақтың түбіне жеткен советтік коммунизмнің кез келген тақырыбын ал да, өтірікті жүндей сабап, қарыс сүйем кітап шығар. М.Мағ.

Posted in

ӨТІРІКТІ САУЛАТТЫ (ЖЕЛДЕЙ ГУЛЕТТІ)

Қисынсыз, жалған сөзге ерік берді. ~ «… өсек, өтірікті желдей гулетіп жайғаным, тыныш отырған елдің түңлігін желпілдетіп, төріне шығып текеметін тілгенім, отағасын боқтағаным, әйеліне түнемесі қол салғаным, қызын күнәға белшеден батырғаным, жетімді жылатып көз жасына қалғаным, сірә, текке ұмытылар деймісің!»  Д.Дос.

ӨТІРІКТІ САУЛАТТЫ

Жалған сөзге ерік берді, өтірік сөзді ағызды. ~ Бәйбіше бадалып, «Қыз жоқ» — деп бажылдап, өтірікті саулатты. – Өзім табам, – деп орыс жүгіріп ала жөнелді.  Ж.Айм.

ӨТІРІКТІ БОРАТТЫ

Жалған сөзді үдетті, қардай жаудырды. ~ Ал сөйлеңдер!— деді ағай, Бір тебініп торы атын. Өзім сонда дем алмай, Өтірікті бораттым: Шіркейді ерттеп міндім де, Ғұмыр бойы түспедім. Көлеңкемді көмдім де, Шынтағымды тістедім. Қ.Мырз.

ӨТІРІКПЕН БІРГЕ ТУҒАН

Жастайын жалған сөйлеп үйренген. ~ Каникулға келген студенттердің үш– төртеуін ілестіріп жүр. Қарап өлетін әйел емес»,— деп еді, өтірікпен бірге туған қуаяқ қой. Сандырақтай салуы хақ.  М.Сүн.

Posted in

ӨТІРІККЕ ШЫҚТЫ (ШЫҚПАДЫ)

Шындыққа жанаспады. (Рас боп шықты). ~ – Пәлен теңге, пәлен тиын, – деді. Қазы ақшаны санап жіберсе, ғаярдың айтқаны рас болып, байдың айтқаны өтірікке шықты. Қазы ақшаны ғаярға беріп қояберді. ҚЕ. (Ұры мен Ғаяр») ~ Батыр қалмақтардың бұл хабарын естігенде тіптен қуанып кеткен. Ел ішіне алдын ала жайып қойған лақабы өтірікке шықпады.  Ә.Кек.

ӨТІРІККЕ СҮТТЕЙ ҰЙЫДЫ

Біреудің өтірік сөзіне имандай сеніп, ден қойды. ~ Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай? Абай.