Posted in

ӨТКЕЛДЕН ӨТТІ

Әлдебір қиындықты жеңді, сыннан өтті.~ Ертең ұран шақырылған күні аталған жерге түгел жиыл. Шаруаға, дүниеге алаңдама. Осы өткелден өтпей тыныштық жоқ, мал дүние арам. Тобыңды жазба, шашырама, күндіз-түні дайын отыр. М.Әу. ~ Жағада кір жуған әйелдерге де тура қарай алмай, бетімен жер басып жүргенде, Жолдыбай ұрын келген соң, өткелден өткен Қымбат, кекететіндермен кездескенде маңғазсып, оларға басын изеп паңданып өтетін. Т.Рыс. ~ Нұртаза солқылдаған жалғыз тақтай өткелден өткендей, іштей «Уһ» деп терең дем алды. С.Жүн.

Posted in

ӨТКЕЛ БЕРМЕДІ (БЕРМЕС)

Асау, ағысы қатты, терең өзен жол бөгеді. * Қазірде күз болған соң шамасы кеміңкіреген сияқты. Бірақ сонда да өткел бермейді. М.Әу.~ Қыстайғы қатты боран енді сел жауын, қою тұманға айналып, жадыратпай тұр дүниені. Оңтүстікте «Көктал», «Соқыр» өзенсымақтары күшті тасып, арбалыға өткел бермей қойды. Ғ.Мұст. ~ «Күшіне қарамай көже көпіреді» дегендей, жаз суы үзбектеліп қалатын Қоңыраудың көктемде өткел бермей бұрқырайтыны бар!.. С.Мұқ.  ~ Ел арасындағы қатынас үзілген Үнияны іздеу де әзірге тоқталды. Жан-жақ өткел бермейтін асау толқын.  Ә.Шәр. ~ Құла дүзде адасып келе жатқан адамға алдынан өткел бермес арна кездескендей абыржыдым. Н.Сер.

Кедергі болды, алға бастырмады, ~ Қайран туғанжер! Сені де көретін күн болар ма екен? Арамыз бөлініп қалды. Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар, дария деймін — ау, маған енді туып өскен ел — жұртым теңіздің ар жағындай елестейді. Т.Ахт. ~ Ақыл серік амал іздегенімен қамалы көп тірлік қабырғасына тірелтіп өткел бермейді.  Не істерміз? С.См.

Posted in

ӨТІРІКТІҢ КӨКЕСІ

Барып тұрған жалған сөз, шіли өтірік. ~ Жақындап келе жатқан қауіп- қатерден туатын, тірі жанның бәріне тән, табиғи қорқыныш сезімі. Бұдан ешкім, ешқашан қашып құтылған емес. «Мен өлімнен қорықпаймын деп айту — барып тұрған өтіріктің көкесі». Н.Кел. ~ Көкесі өтіріктің осы жерде, Кей «сабаз» алар тілмен жосып өрге. Шаршады елегізіп талай құлақ Иесі гуілдеген тосып елге. Ғ.Қайыр. ~ Бірталай газеттер тілшілерінің  жазуына қарағанда Панфилов ауыр жараланып,  өлер алдында да : «Отан үшін, алға!» немесе «Ура, жолдастар, алға!» деп кезекті айқасты бастапты-мыс. Бұл — нағыз өтіріктің көкесі! М.Байғ.

ӨТІРІКТІ ШЫНДАЙ, АҚСАҚТЫ ТЫҢДАЙ (ЕТТІ)

Жалған сөзді ретін келтіріп, қиыстырып айтты. * – Арқар табындары қазір тіске ілінер көк іздеп, бауырға түскен. Дүрбіге қарасы іліксе болды, қоя береміз. Алшағырың өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етті.М.Қаб. * – Әдемі өтірік болса неге қабылдамасқа, – деп келіншек езу тартты. – Өтірікті шындай, ақсақты тыңдай еткен ондай- ондай әңгімені айта білу де зор өнер.  Әдемі өтіріктің арғы жағында үлкен ақыл, зерек зерде жатады. Ә.Асқ. *  – Ізіне бір түскен соң Жәкең таппай қоя ма? Тентіреп жүріп ту-ту Қыпшақ еліне асып кетіпті. Әшейін, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай соғып, еріккен елді сөзге қарық қып, есіп жүр екен.  С.Жүн. ~ — Мен емес, өзің нағыз жұғымсыз! — деді Жуантық қалам онымен біржолата есеп айырысуға нық бекініп. — Ғұмыр бойы өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп қопсыта қобырайтып кеп, жер ортасынан асқанда шындықты жазып әділетті бола қоймақсың! Бездім сендей екі сөздіден! Ө.Кәр.

ӨТІРІКТІ СЫҚПЫРТТЫ

Жалған сөзді сан-саққа жүгіртті. ~ Шатақ шығып, төбелесіп кете ме деп тықыршыған Ерік Төлебайға «шынын айта ма, әлде өтірікті сықпырта ма?» деген күдікпен барлай қарады. Б.Ыбыр. ~ Зынданға қамасаңыз да дүре соға көрмеңіз,– деп өтірікті сықпыртып, сардардың аяғын құшып, мұрнымды қос–қостан тартып, қорсылдадым – ай келіп.  Ж.Сәм. ~ Қараман қолдарын жайып, басын шайқап, қынжылған кейіп танытты. – Уақыт кетіп барады. Осылай өтірікті сықпыртып, тұра береміз бе? Б.Ыбыр.

ӨТІРІКТІ СУҚИТТЫ

Жалған сөзді желдей гулетті. ~ Ал, өзін қойшы, өзінің жайы белгілі. Ақырзаман орнағанша өтірікті суқита береді, бірақ әйелге сенім жоқ! А.Крис. ~ Сөйтіп ол әңгімесін қысқа да нұсқа түрде қайталап шықты. — Өтірікті суқитып тұрмағаныңызды немен дәлелдейсіз? — деп дігірледі Блор. — Айтқан сөзіңіздің шындық екенін қалай растайсыз? А.Крис.

ӨТІРІКТІ СУДАЙ САПЫРДЫ

Көпіртіп, гуілдетіп өтірік соқты. ~ … ақ отауының ішінде шырт түкіріп, дөнен иттей кергіп Омар бай отыр; қырық жылдан бері қыдырудан қолы тимей келе жатқан аларман-шабарман Оспан жүр өтірікті судай сапырып … О.Бөк. ~ – Ой, өтірікті судай сапырасың-ау, сабаз! Қалай сүмірейтеді, ә! Оқып-оқып, үйренгендегің осы ма? – деп Еділбай жағасын ұстап таңғалды.  Ш.Ай.  ~ Әне біреулер Өтірікті судай сапырып, Соғып жатыр. Өтірікті соғып, Қара халықты Қып-қызыл қанын Кенедей жабысып, Сорып жатыр. Т.Мед.

ӨТІРІКТІ СУДАЙ СІМІРДІ

Беті бүлк етпей жалған сөйледі. ~ — Сен өтірікші. Мынау не деген аяр, жәдігөй қатын, қалай өтірікті судай сіміреді,— деп еді Таубай, әйел жаңағыдан. Б.Қыд.