Амалы бітті, енді не істерін білмей дал болды, басқа амалы қалмады. * Қазіргі жалақымен мәңгі-бақи үй ала алмайтынын және біледі. Баспананы шарасы таусылғандықтан сұрап отыр. Айтқан сөзіңнен замандастарыңа, достарыңа деген ешқандай мейірім көре алмай отырмын. Т.Әсемқ. * Осылайша шешесі мен баласы біраз дауласып сөйлесіп алды да, ақыры Зейнат шарасы таусылғандай лажсыз күлімсіреп әжеме қарады. С.Мұратб. * Күте-күте қалтырап тоңа бастады. Ақыры шарасы таусылып, біреуде ақысы кеткендей мойыл түбінен құлазып шықты. Ә.Асқ. * Ұл шарасы таусылғандай ыңырана қозғалып барып, жастығына жантайды, Келін де самауырынның шүмегін жұлқи бұрап, шай құйды. Тұлданған түрі. К.Сег. * … Бетпақ Далада адасқан У2 шолғыншы аэропланы жағармайы сарқылып, шарасы таусылған ең соңғы сәтте көз ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. М.Мағауин * Түн болды ғой… Балым! — деп, көмірқара Бұлыш шарасы таусылып жан-жағына қарады. С.Елу. СИН: АЙЛАСЫ ҚҰРЫДЫ
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАПТАН ТІСТЕДІ
~ Әдетте, етікші мен ұстаның байқатпай шаптан тістейтін шақпа тілі болады. Құдықшыда о да жоқ. Ә.Кек.
ШАПТАН ТҮРТТІ
* Сөздеріне құлақ асып, дұрыстап сөйлесе білгенде өздері-ақ ың-шыңсыз тарап кетер еді. Өйтудің орнына үкімет шаптан түртіп өздері арандатты. Т.Сәу.
ШАПАҒАТ ҚЫЛДЫ
Рахым етті, жақсылық жасады. * Шамасыздан шықтым ерге, Болды маған бәрібір… Қыл шапағат тілегіме, Ая мені, аулақ жүр. І.Жанс.
ШАПАҒАТ САЛДЫ
Қолдау күтті. ~ Алғанда ұнатқан біреуің бар ма деймін. Бар еді, сен ұнатсаң кіргізейін деп міңгірлеп тұр. Е, сен ұнатсаң болды да, маған несін шапағат саласың, алып кел дедім баяғы. Қ.Ысқ. ~ Ешкімге құнттап уәде бермейді, берсе соны теріс-қағыс орындап, желге қарсы шаптырып жүретін, ер салдырмайтын қырсық керіктей қапылыста тастап кететін мінезін білетін замандастары қолынан келсе оған шапағат салмай өздерін аулағырақ ұстайтын. Қ.Ысқ.
ШАПАҒАТ ТАПТЫ
* Жастық шағын есіне түсіргендегі тәтті қиялы мен өткінші, өкініш — мұңы көкжиекте бұлаңдаған сағымдай алыстай бергенде, соның өзінен де кәрі жанына шапағат тапқандай тұла бойында, оттай ыстық қан ойнап шыға келді. С.Омар.
ШАПАҒАТ ТІЛЕДІ
* Бақсылар бұрынғыша күн батар алдында отты қоршап, темекі түтінін бұрқыратып жын-перілер рухын қуалап, періштелерден шапағат тілейтін болды. Т.Әбд.
ШАПАҒАТ ШАШТЫ
* Отқа өртеніп қан аралас көз жасына суарылған, махаббат жылуына бөленген, шапағат шашқан ел топырағында бір — бірінен үш-ақ қадам жерде Жердің екі перзенті тұр. М.Кәрім. * Күңгірт дәліз жарқырап кеңіп кеткендей. Жоқ, дәліз ғана емес, бүкіл дүние шүпілдеп нұрға толып тұр. Әппақ ниет, асыл жүрек айналаға шапағат шашып келе жатыр. Т.Сәу.
ШАПАҒАТҚА БӨЛЕНДІРДІ
* Қорқытты тебірендірген арқаның күн нұры, жусан исі Боранқұлды да әлдилеп, өз шапағатына бөлендіріпті. Ғ.Біл.
ШАПАҒАТЫ ТИДІ
* Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін, кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер. Б.Соқ. * … өзіне төнген бақсы қара ала қабан боп елестеген Ұрқия талықсып құлап түсті. Бақсының да шапағаты тимеді. С.Жүн. * Бастық болғам соң өзіне жақын адамдарға шапағатын тигізуі қажет. Б.Соқ.
