* Осы кезде Тана қойныма келіп кіргеннен бері тулай бастаған жүрегім шапқа түрткен тайдай мөңкіп, шапшып, кеудемді тынымсыз тепкілей жөнелді. Ә.Нұрш.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАҢЫРАҚТАЙ МҮЙІЗ
~ –Жауыздық дейсің бе, жауыздық көрген жалғыз менмін дейсің бе? Ортаға шаңырақтай мүйізін шайқап тастап, ақ бурыл шаған бұғы шыға келді. Д.Қуат.
ШАПҚАН АТТАЙ БҰЛДЫРАП ӨТТІ
Есіне түсті, көз алдынан өткендей болды. * Әлгі сөзді естігеннен Ақбілек жасын тыйып, көзі мөлдіреп, қиялға түскендей, алдында тұрған жез шәугімге қарап бедірейе қалды. Қарашаттағы құйын соққандай астан-кестен күндер заматта көз алдынан шапқан аттай бұлдырап өтті. Ж.Айм.
ШАҢЫРАҚТЫ ОРТАСЫНА ТҮСІРДІ
* Қара қазанды қақ бөліп, шаңырақты ортасына түсіру — оңай. Оны әумесер де істейді. М.Сүн.
ШАППА-ШАП ҰСТАСТЫ
* Екі балуан ұстасар алдыңда біріне-бірі қыр көрсете ойқастап келіп, шаппа-шап ұстаса кетті. С.Бег. * Қараңғы бейіттің ішінде екеуміз шаппа-шап келіп қапсыра құшақтасып, таласқан екі аюдай үн-түн жоқ сіресіп, қатып қалдық. М.Әу. * — Таста қаруыңды! — деп секіріп, ұмтылып кеп мылтығынан да ұстады, тізеден де теуіп жіберді… Ескі дұшпаны, сырқынды бандымен шаппа-шап алыса түсті. М.Әу. * Тайдай арлан бөрімен шаппа-шап ұстасып өлердей жағаласқаны, тапжылтпай ұстап өлтірткені — бәрі де бұл өңірде, бұл заманда болмаған балғын азамат қасиеті боп тарады. М.Әу.
ШАҺИД КЕШТІ
~ Ал шымылдық ішінде, Тұлымшағын төгілтіп, Ару сүйдім, өкінбен. Бүгін, соңды өкінбен, Өкінбестей болғанмын, Ер Мамайдың алдында, Шаһид кештім, өкінбен! Доспамбет ж.
ШАП АЙЫЛЫ
~ Есім атының шап айылын тартып боп, торсығын алып үлкен үйге кірді. М.Әу. ~ Құлтай тор дөненнен баяу сүйретіліп түсіп, суға шыдамсыздана ұмтылған аттың ауыздығын алды. Шап айылын босатып, қайта тартты. С.Ас.
ШАП БЕРДІ
Бас салып, ұстап алды. * Бір күні Айсапаның қасына енді жете берген Жаппарды «кіші апасы» аңдып барып шап беріп ұстап алыпты да, құлашын кере-кере бірнеше лақтырып, үйіне жеткізіпті. Қ.Шабд.
ШАП ЕТЕ ҚАЛДЫ (ТҮСТІ)
~ Бәйбіше жанымды сығып бара жатқан соң, мені ашу кернеп кетті. Аузыма не түскенін білмеймін: — Сіз «төре» боласыз ба, — деймін. — Онда нең бар, — деп бай мен бәйбіше шап ете қалды. Б.Май. ~ Әй, Жұмабай! — деп Құрекең_ тағы да шап ете қалды. — Бү қай қылғаның ей, сенің! Бір күн жұмысқа кешікті деп_ қара тізімге қосқың келе ме? Қ.Ысқ. ~ Тағы да Қанат. Ол өзінің қимас досы Жұматайға қош айтып, көзіне жас алмастан тұйық қалған болатын. Бірақ екінші сәтте оның соңғы вагонға жараса түскенін көрді жұрт. Отарба қозғалып кеткен кез еді. Вагонның аузындағы біреу оған шап ете түсіп: — Қайда барасың, жігітім? — деді. Ғ.Сл.
ШАПАҒАТ ҚЫЛДЫ
Рахым етті, жақсылық жасады. * Шамасыздан шықтым ерге, Болды маған бәрібір… Қыл шапағат тілегіме, Ая мені, аулақ жүр. І.Жанс.
