Posted in

ӨҢЕШІ ТЕСІК  

Ол да адам, демек, адамға тән кемшіліктерден ада емес д.м.* — Милиция…  Олар ақмақ деп пең.  Осындай суықта кімнің бүрсеңдегісі келеді.  Оның үстіне олардың да өңеші тесік. Семьясы, бала- шағасы бар.  С.Смат.

Posted in

ӨҢЕШІ МАЙЛАНДЫ  

Пара алды. * Ол ісі оңға басса, күлмеңдеп, бір бұлғақ, бір елең қағып, көзін аспанға еліртіп әуреленіп-ақ қалады, қасқайып, мақтанға салынады, бас пайдасы, құлқын қамы үшін біреулерді қақпанға түсіруді ойлайды, оның жөні келіп ел ішінен бір дәмдіні татып, өңеші майлана қалса, қолын шапалақтап жас баладай қуанады. Ж.Дәд.

Posted in

ӨҢЕШІ ҚЫЗАРҒАНША

Жөнсіз айғай-ұйғай, құлақ жаратын зору дауысқа қатысты. ~ Біздің әншілердің көбі үнінің зор, тынысының кең екенін мақтан көріп әнді барынша өңеші қызарғанша айқаймен әсерлендірмек болады. С.Бег.  ~ Гүжілдеген мотор, өңеші қызарғанша өкірген машиналар, шуласқан, керілдескен босқын жұрт көпір басындағы айғай-сүреңді қоздыра түседі. Ғ.Мүс.

Posted in

ӨҢЕШІ ҚҰРҒАМАЙДЫ

Ішуін тоқтатпайды. ~ Әр жерде ілініп-салынып жұмыс істейді, сенбі, жексенбі күндері ұдайы «қайғы үстінде», өңеші құрғамайды. М.Қаб.

Posted in

ӨҢЕШІ ҚУРАДЫ (ҚҰРҒАДЫ)

Ішіп-жемі, ас-суы таусылды. ~ «Шыж» етпесітаусылып, өңеші қурап отырған жұрт тұрмыс халінің мән-жайын айтып, мұңын шағады. Халық деген шешен ғой! Тыңдап тұрсаң — бәрінің де сөзі жөн. Т.Бер.

Шөлдеді, қаталады. ~ Аш күшіктеріне амалсызтоқтаған, іші-бауыры ауырлап, ең жаманы — өңеші құрғап, тілі кеуіп, қаталаған жолбарыс аса жайсыз күй кешіп еді. М.Мағ.

Posted in

ӨҢЕШІ КЕҢ

Тойымсыз, жебір. ~ Тістері ғана ақсиып, шүңірек көздері жылтырайды. Бұлардың бәрі де тірлігінде дүниеге тоймаған өңеші кең жемқорлар екен. Т.Рыск. ~ Өзара бәстескендей кезек- кезек тарту- таралғыларын әкеліп, әміршінің көмейін тығындаумен жүр. Ежелден ішіп- жеп үйренген Матеннің өңеші де өлшеусіз кең еді. Қ.Жұм. ~ Тиімді бітім жасаған боп, тағы да бір немісті ортаға алып, тағы да әлгі өзіміздің өңмеңдеген өңеші кең топ, «қиын жерде ақыл тауып кеткендері» үшін сый-сияпатқа кенеліп, қалта томпайтысып мәз-мәйрам болысады.  Ә.Кек.

Posted in

ӨҢЕШІ ЖЫРТЫЛҒАНША

Бар даусымен, тамағы қарлыққанша. * Со кезде жанжағыма қарап, пәрменімше айқайды салдым. Өңешім жыртылып, тамағым қарлыққан кезде, құлақ салдым, әлдеқайдан иттің ұлығаны естілді. Ж.Айм. ~ Өзара қызыл кеңірдек болып, өңештері жыртылғанша айқайласып жатқан жұрт бұған көңіл бөлмеді. Ә.Тар. ~ Тұрқы бұзаумен пара-пар, жүні түбіттей үлпілдеп жылтыраған дәу ит аштықтан әлсіреген бұл бейшараны көре салып, арсылдап, өңеші жыртылғанша үре бастады. С.Шәйм. * Жетпіс жеті атасын түгел санап, жетпіс жеті рет құлағының түбінен айқайласаң да «аузыңды» демейтін керең шал өңешің жыртылса да естір ме. Қ.Ысқ.

Posted in

ӨҢЕШІ ЖЫБЫРЛАДЫ

Ішкісі келді. * Не деген шыдамдылық, не деген көрегендік, қанша жерден өңештері жыбырласа да той сәнін келтіретін «ащы суды» дастарханға жолатпаған. Қ.Жиен.

Posted in

ӨҢЕШІ БІТЕУ ЕМЕС

Тамақ ішкісі келеді д.м. ~ Тамаққа келгенде оның да өңеші бітеу емес шығар, — тыстағы айғайдың аузын сірнемен тығындағысы келген сияқты.  Қ.Ыс.

Posted in

ӨҢЕШ (ӨҢЕШІН) КЕРДІ

Керісті, дауласты, даусын көтеріп, айғайға басты. * Бiр байрақтың асты, бiр Отанның аясында отырып қазағым, ұлтым деп өңеш керiп бұра тартуға бола ма? Т.Сәу. ~ Әбділдәнің ойы ауылдан шығып қалаға барды. Ойымен заң жинағын ақтарды: бір жағынан партия мүшесі, «ескі әдеттермен күресу керек; әйел тендігін жарыққа шығару керек!» — деп өңешін керіп, күре тамырын білеулендіріп, талай жиылыстарда сөз сөйлегені бар. Б.Майл. ~ ― Пышан өкімет адамының алдында өңешін керіп отырғанды жөн көрмеді ме, әлде қысылды ма, балаша қызарақтап біраз отырды да: ― Ол бір жастық шақтың желігі еді ғой… – деп даусын созыңқырап тоқтады. Б.Тоғ.