Беті құп-қу болды. ~ Жұмантай-ау, бір уақыт денсаулығыңды да ойласаңшы. Өңің бөздей болып кетіпті, тіпті, – деп, ол да сәлемдесіп болған соң ағалық жанашырлығын білдірген. К.Сег. ~ Ішінде опасыздың тұтанса өрт, Не шара жанар тауға арылмасқа?! … Мейірімге иілді аға жөні болып, Қараймай, жуған бөздей еңі солып. Т.Әл. ~ Мен оған Парис сізден гөрі дұрысырақ жар болар еді деп әңгіме бастадым-ақ, өңі бөздей боп қуарып кетеді. У.Шекс.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ӨҢІ БАЛ-БҰЛ ЖАНДЫ
Бет-жүзінен шаттық ізі байқалды. ~ Ал Айдын жығылып қалса да мәз. Қобыраған «әйел» шашын дұрыстай орнынан қарғып тұрды. Өңі бал-бұл жанып, көзін жалтырата маған қарады. Ш.Күм. ~ Осы екi ортада Мағира iшке ендi. Жанарында нұр ойнап, өңi бал-бұл жанады. Ә.Ыб.
ӨҢІ (РЕҢІ, ЖҮЗІ) СЫНЫҚ
Жүзінен әлдебір қайғының табы, әлденеге қапалы екені байқалады. ~ — Қамардың бір жері ауыра ма, өңі сынық қой? — деп сұрады. C.Мұр. ~ Осы сен шын Райханбысың? Өзің мүлдем өзгеріп кетіпсің ғой. Самайыңа ақ кіріпті. Өңің сынық. С.Жүн. ~ Саттардың көзі бір сәт қалтарыстан шығып состиып қарап тұрған кішкене сары балаға түсті. Бала реңі тым сынық. М.Сүн. ~ Әдемі мектепке қарай жедел адымдап келе жатып Ханзада қаладан оралған күнгі кешті есіне түсірді. …Жүзі сынық. Н.Сер.
ӨҢЕШІНЕН ӨТІП КЕТТІ
Жұтып жіберді, жалмады. ~ Жегізгені былай тұрсын, басшысымақтардың өңешінен өтіп кеткен талай-талай майлы құйрықтарды қайта құстырып…Қ.Ыс. ~ Ал, Самарқант, Бұқар, Қоқан әміршілеріне ақыл кіріп, бұған келіп қосылғанша, қазақ даласы айдаһардың өңешінен өтіп кетпесіне кім кепіл? І.Ес. ~ Бармақ басты, көз қыстымен тәуірлердің өңешінен өтіп кететін жал-жая, қазы-қарта, ақ май, қызыл ет бас зоотехниктің берекелі қолынан шығады. Ол есірмей, кім есірсін! Ө.Кәр.
ӨҢЕШІНЕН ӨТПЕДІ
Жей алмады, батпады. ~ Кешкі тамақ Робертке батпады. Қанша сыр бермеуге тырысса да, өңешінен өтпей қойды. «Ауырып отырмын» деп сылтауратты даяшы қызға. Т.Әб.
ӨҢЕШІНЕН ЖАРЫЛДЫ
Ділмарланды, шешенсіді. * Сабазың, сөз дегенде, сәуірдің ақ нөсеріндей селдетіп қоя береді. Арғын атамның балаларының қай-қайсысы да өңешінен жарылып, өздері сайрап тұрады ғой. Ә.Кек.
ӨҢЕШІНЕ ҚҰМ ҚҰЙЫЛДЫ
Үнсіз қалды., аузын жапты. * Мүмкіншілік беріп, көмейлеріне майлы сыбағаны тығып-тығып жіберсе, өңештеріне құм құйылып, көздері жайнап, қомағайланып шыға келер еді. С.Смат.
ӨҢЕШІН СОЗДЫ
Өзеуреді, дауыс көтерді, құр айқайға басты. * Санаңа не жетіп, не жетпегенін қайдам, қарсы алдында сөйлеген сайын өңешін созып, өжектей түскен осы бір албастыны қақ тұмсықтан қойғың кеп кеткені анық еді! Ә.Нұрп. * – Өңешін созған өңшең шуылдақ! Сендерді де кеңес үкіметі оқытып, бағып-қағып, үлкен үміт етіп отыр-ау. О.Сәрс. * Қаншама өңешін созып өзеурегенімен екі аяғы бар жай ғана пенде екенін кеш, кеш болса да мойындады- ау, әйтеуір. О.Бөк.
ӨҢЕШІН ЖЫРТТЫ
Жан даусы шықты, беталды айғайға басты. * Өңешін жырта шыққан әйел дауысы әлсіреп сөніп бара жатты. Қара жерге көзін сатып, телмеңдей қараған жанарға ештеңе ілікпеді. Ә.Нұрп. ~ Шындығына келсек, біздің бір кездері сүйікті болған Советтер Одағымыз социалистік қоғамда өмір сүріп жатырмыз деп жалпақ жаһанға өңешін жырта жар салса да, шынайы социализмді құра алмаған еді. Қ.Аман. ~ Өзенге жетіп, көпірдің шетіне іліне бере арт жағындағы әйнек терезені шынтағымен бір ұрып, шалдыр еткізді де мәз-мәйрам болып, масайрап отырған жеңімпаз топқа мойнын бұрып, барқыраған жарқышақ дауысымен өңешін жырта айғай салды: — Қырыққа бір! Ж.Сәм.
ӨҢЕШІН ЖІБІТТІ
Сусын ішті, ішімдіктен татты. * Кешке қарай Мылгун талықси бастады. Көзі елегізіп, тіл- ауыздан қалды.Өңешін жібітсін деп бір жұтым су беруге тура келді. Ш.Айт.
ӨҢЕШІ ҮЗІЛГЕНШЕ (ҮЗІЛДІ)
Бар даусымен, тамағы қарлыққанша д.м. ~ Ол өз дегенінен қайтпай, осқырынып-пысқырынып, өңеші үзілгенше бақырып, тістерін үрей ұшыра шықырлатып, шарбақты қирата жаздайды. Ш.Ай. ~ Одақтың құшағындағы жүзден аса ұлт «мың жаса! » деп өңеші үзілгенше ұрандатқанымен, Ленин мен Сталин де мың жасаған жоқ. Т.Рыс. ~ Ертесіне ауыл сыртында, жал астында өңеші үзілгенше үрлесін- ай кеп. Ә.Кек. * Шам иесін жан ұшыра көмекке шақырды. Ішін тарта күңірене кісінегісі келді, бірақ көмейі тығындалып қалған, бәлкім, өңеші үзіліп кеткен шығар, дамылсыз қорқырайды. А.Смай.
