Posted in

ШАҢЫРАҒЫНА ҚОБЫЗ ТАРТТЫ

Күн көрсетпеді, ығыр қылды. ~ Казак-орыс пен қазақ әшейін де «бәленшеке», «түгеншеке» десіп жүрсе де, жеріне, суына, балығына, ағашына қазақтың тұмсық сұққанын көрсе, «еке-меке» далада қалады. Қазақтың шаңырағына қобыз тартылады. Ж.Айм. ~ О, сорлы, құдайыңды нағып ұмыттың? Мен бұлқынсам төрдегің түгіл кердегіңді де суырып алам! Шаңынды қағып, шаңырағына қобыз тартайын! — деп зірк-зірк етеді. І.Жан.

Posted in

ШАҢҚАЙ ТҮС

* Шілденің күні шаңқай түс болғанда батыстағы Келіншектау сағымданып, үздік- создық қимылдай бастайды. Ш.Мұрт.

Posted in

ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ

Отбасын құрып, жеке үй тікті, түтін түтетті. * Шаңырақ көтеріп үй болса, қатарға қосылып кетер еді, ой, не керек деп өкінісетін. Жанашыр ағайындардың ішінде қыз қарастырғандар да болды. М.Мағ * Қонақтарды Жанқожаның отауына кіргізді. Биыл шаңырақ көтерген жас отау. Әлі қызығы басылмаған. Ән- күй десе жас келіншек Мүмсін де жүрегін үзетін еді. З.Шүкір

Posted in

ШАҢҚАН БОЗ

* Өркештері баладай, бағулы мал. Жарбайы, қоспағы жоқтың қасы. Арасында сүттей шаңқан бозы да бар екен. Кәдімгі сирек кездесетін боз інгендер. Ү.Жәл.

Posted in

ШАҢЫРАҚҚА ҚАРА

Кімнің үйінде, жерінде отырғаныңды ұмытпа, тәубеңе кел д.м. * Қайда отырғанын, кімнің ауылында келін болып отырғанын ұмытпасын. Шаңыраққа қарасын. Ән салғаны кеудемізді басқандай тиеді. Үні шықпасын бұдан былай! Б.Тоғ. * Шаңыраққа қараңдар: ел кімдікі, жер кімдікі? Соны біліп барып сөйлеңдер. Қ.Жұм.

Posted in

ШАҢНЫҢ АСТЫНДА ҚАЛДЫ

Артта қалды. * Қап, тойда ән сап жүрген қазақстандық әншілер шаңның астында қалды-ау! Өздері осы концертке барды ма екен?! БАҚ // ШАҢЫНА ІЛЕСПЕДІ (ЕРЕ АЛМАДЫ, ІЛЕСТІРМЕДІ)

Posted in

ШАҢЫРАҚҚА ШЫРТ-ШЫРТ ТҮКІРДІ

* … қара орманның арасында ат шапшытып ала алмас зәулім тас қорған салғызып, малы түгел, шаруасы орынында, шаңыраққа шырт-шырт түкіріп шалқасынан түсіп шалжиып жатқан орыс патшасының бұның алақан жайып жазған ала қағазын табанына сап аямай таптаған сақтиян етігінен шығып жатқандай. Ә.Кек. Плевать в потолок

Posted in

ШАҢЫН АСПАНҒА ШЫҒАРДЫ

1. Шаң-тозаңды басына көтерді; тас-талқан қылды. * Ауылдың қасындағы қара жолдың шаңын аспанға көтеріп, қора-қора мал айдап өтеді. Б.Соқ. * Алыстан қарауытып жау қарасы да көрінді. Қара жердің шаңын аспанға шығарып, құмырсқадай қаптап келеді. М.Рамаз. 2. Ойран-ботқасын шығарды, быт-шыт қылды, аяғын аспаннан келтірді. * Ойдың болуы да мүмкін емес Есімбек бай, мен кедей, келінін тартып алсам, ертеңгі күні шаңымды аспанға шығарады. Кедейлік не қылмады!.. Б.Майл. * Жаныс жиырма үй Сарының шаңын аспанға шығарып, құрымына шейін үлесіп талап алып, барлығын торғайдай тоздырып, бостырып жіберген. М.Әу.

Posted in

ШАҢЫН ЖҰТТЫ

Ілесе алмай артта қалды. * Өздері кіл оқу оқып жарытпаған, іштерінде ит өліп жатқандар. Аға-жаға, ру, жүз-мүз сағаламаса, білімді, еңбексүйгіш жігіттердің шаңын жұтып қалатынын жақсы біледі. М.Қаб.