Ескертпе, өнеге болсын. ~ Гавриловтың өзінің басын алу керек, — деді кенет қатуланып кетіп, — және өзгелерге сабақ болсын, бұл үкімді осындағы қашқын солдаттардың көзінше орындаған дұрыс. І.Ес. ~ Кеңес өкіметінің жарлығына қарсы шыққаны үшін, қарсы шыққанымен қоймай, кеңес өкіметінің уәкілін соққыға жыққаны үшін, сондай жазаға бұйырдым. Бұл — өзгелерге де сабақ болсын дедім. Б.Тоғ. ~ …екіншісін дүрелеп, мойнына жолдасының басын байлап, өзгелерге сабақ болсын деп бүкіл әскерін аралап шығуға бұйырды. І.Ес. ~ Қызық іс емес – бұзық іс! – деп Баһадұр қолын сілтеп қалды. – Мемлекеттің ісін былай сырып тастап, бетімен кеткен жас коммунисті жазалайтын тұс осы! Бұл басқалшарға да сабақ болсын! Б.Тоғ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ӨЗ ҮЙІМ, ӨЛЕҢ ТӨСЕГІМ
Жұпыны болса да, қара шаңырағыңнан артық ештеңе жоқ д.м. ~ Қуанғаннан өз үйім-өлең төсегім – дүңгіршекке жеткенше табаным жер иіскемеген шығар. Т.Сәу. ~ … сағынып елге оралғанда, «өз үйім, өлең төсегім» деп алып ұшып келгенде, бұндағы құлаған шаңырағың мен қураған дастарқаныңды көріп, о, Тәңірім, қандай күйге түсер екенсің! С.Ел. ~ Ол жерден бауырын көтере беріп: «Ой шіркін, өз үйім, өлең төсегім!» деп көзін ашып, бұрылып келгендерге қарады. Б.Қыд.
ӨЗ ТІЗГІНІ ӨЗ ҚОЛЫНДА (ӨЗІНДЕ)
Билігін ешкімге берген жоқ. ~ Ол Құныскерейдің өз тізгіні өз қолында, өз еркі өзінде, жалпақ даланы жатар төсек, жан тербер жайлау етіп алшаңдай басып жүргеніне іші күйгендей болды. Х.Ес. ~ Ақ патша ондайды басыбайлы боданына істер. Ал, біз, құдайға шүкір өз тізгініміз өзіміздегі басы еркін жұртпыз ғой, – деп салды. Ә.Кек.

ӨЗ ТАБАҒЫН ӨЗІНЕ ТАРТТЫ
Істегенін алдына келтірді. ~ Ал әзірге… Ертең оның туған күні… Өз табағын өзіне тартып, «Масқара-а… Сен де алпысқа келіп қалдың ба, құдай-ау!..», – деп, өзі құсап өтірік күңіреніп, отырған жеріне құттықтап кіріп бармақпын. Т.Шап.
ӨЗ ПАЙДАСЫНА ЖАРАТТЫ
Өз керегіне, кәдесіне қолданды. ~ Байлардың мүддесін қорғап. соның сойылын соққандар мұндай тартыстарды лезде өз пайдасына жаратып, қарапайым еңбеккер халықтың назарын негізгі нысанадан ауытқытып жіберуге тырысты. Б.Мом. ~ … қазір бүкіл Еуропа қырғын соғыс үстінде, бұл да осындай ел мен елдің арасындағы дүрдараздықтың кесірі, әрине, қазақ пен татар ешқашан соғыспайды, алайда, біздің арамыздағы болмашы түсінбестікті өзге алпауыт ұлттар зұлымдықпен өз пайдасына жаратуы әбден-ақ ықтимал, бұл үлкен құрбандыққа жол ашады.Ұ.Досп. ~ Жат жұртықтар басқа ұлттың құндылығын елеп, өз пайдасына жаратты. Ал бізге бұрышсыз үйіміздің киесін сақтап, иесін табатын кез келіп жеткен сияқты. Г.Талғ.
ӨЗ ПАЙДАСЫН КӨЗДЕДІ
Қара басының қамын ойлады. ~ Сауда адамында пәтуа жоқ, қазақ елін садақа етіп, өз пайдасын көздеп отырған сонау алыстағы Қоқан ханына сенгенмен не пайда? І.Ес.~ – Бұл үйде менiң қамымды ойлайтын ешкiм жоқ. Әркiм өз пайдасын көздейдi. Туған күнiңдi өткiземiз деген тек сылтау. Сол арқылы жер көрiп, сайрандап қайту әншейiн. Р.Рай.
ӨЗ ӨТІРІГІҢ ӨЗІҢЕ
Өтірігіңе сенетін адам мен емес д.м. ~ – Сен қу қақпас, кімді алдамақсың?! Өз өтірігің өзіңе! Мен оған сене алмаймын! Сені алда ажал күтіп тұр! – деді мейманасы тасып тұрған Құтыз ақи көзін ақшитып. Д.Рам.
ӨЗ ОРНЫН ТАПТЫ
Әр нәрсе (әркім) өзіне лайық орынды иеленді. ~ Үйдегі көнек, торсық, тегене, қазан – үлкенді-кішілі ыдыс түгелімен суга толтырылды, үш-төрт күнде ысталып, сәнін, түрін сақтамай, табиғи қалпымен бітеу тігілген мес саба да өз орнын тапты, ал құдық кісі бойы қол ұсынымға әрең жетті. М.Мағ. * У–шу саябырлап әркім өз орнын тапқандай мал да, адам да бірте–бірте тыныштала бастады. Осы кезде ауыл жақтан әлдене қараң етті. Т.Әбд. ~ Енді мынау дүние жалған тірліктен Бекет те тай тескен тебін құрлы қарайған өз орнын табуы керек сияқты. Қ.Ысқ. * Жазушының бірсыпыра шығармаларынан осынау жастардың өмірден өз орынын табуы жайлы оқып, тұшынамыз. Қ.Ерг.