Posted in

ӨГІЗДЕЙ МӨҢІРЕТТІ

У-шу қылды, қан жылатты. ~ Ашынған ақын жүрегінен адырнасын ала өгіздей мөңіреткен уытты, улы жыр жолдары үсті-үстіне толқын ата туындап, сардалаға сапар шегіп, туған елдің жігерін жанумен болды.Ж.Дәур. ~ Қалың-қалың жақтауларға үлкен-үлкен кенептер тартқызып, оған қарындашы мен қағазында түсіп, миы мен жүрегінде әбден пісіп, композициясы дертіп тұрған суретті тұтқиыл түсіреді де, палитра-қаламын алып жіберіп, жанын шығара, дүрілдете, «ала өгіздей мөңірете» жазады. Ж.Кәк. ~ Енді бірін кім десең? — Тебінгісін терге шіріткен, Терлігін майдай еріткен; Адырнасын атқа алған, Атқан оғын тайға алған, Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, Дұшпаның саулы інгендей еңіреткен… Шалгез.

ӨГІЗДЕЙ БОЛЫП

Үп-үлкен, дап-дардай бола тұра. * Сақал-Сатым: «Өгіздей болып, мысыққа әлің жетпей»,– деп қызыл итке ұрысты. Қызыл ит мықтап ұялды-ау деймін, анадай жердегі ақ тікен-бұтаға сол жақ артқы аяғын көтеріп… кінәсін жуды.  Ж. Нәжім. * Орынсыз сөйлейсің, жастардың арасында өгіздей болып не бар. БАҚ.

Posted in

ӨГІЗ ТАРТЫС

Ұлттық ойын; екі адам еңбектеп тұрып, мойнына арқан салып тартысады. ~ Наурыз мерекесіне орайАула клубында «Өгіз тартыс, бел күші, оқтау тартыс» ұлттық ойындар өткізілді. БАҚ. ~ Қатысушылар сайыс ережесіне сай ұлттық киімде өзін таныстырып, қоржыннан алынған ұлттық бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, бойларындағы өнерін көрсетіп, «өгіз тартыс», «қол күресі» сынды ұлттық спорттық сайыс түрлерінен сынға түсті. БАҚ.

Posted in

ӨГІЗ ОЛЖА

Мол табыс, зор пайда. ~ Солқылдаған ақ найза Қисайып кетіпті, Оны түзетіп келеді. Өңгеге өгіз олжа тигенде, Әкеңе тана олжа тиді депті. Әкеме тана тиер ер ме еді?  «Ер Тарғын».

Posted in

ӨГІЗ МИТЫҢ

Өнімсіз, аяң жүріс. * — Ал енді өз мәнісіңді айтшы. Арбаң не? Әлгілерің кім? Айдалада неғып жүрсің? — Е е, ол ұзақ әңгіме. Жүре сөйлейін. Анау қырдың астында кішкентай ғана ауыл бар. Тұрағым сонда, — деп иек қағып алға нұсқады да, өгізді жетектеп алды. Арба шиқылы өгіз митыңын үстегендей қатқақ жолда әндете жөнелді.  С.Смат.

Posted in

ӨГІЗ ҚҰРСАҚ

Қарыны жер сызғандай үлкен. * … ішпей мас, әрі нас елу шамасында жасы бар, қой сақтардың басындай басы бар, жай формының өзі сұп-суық бүйі секілді түксиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, добыра сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді.  С.Тор.

Posted in

ӨГІЗ ҚАРА КҮШ

Зор күш, мықтылық. ~ Ескекті екеуі де еңірете еседіақ, обалы не керек. Біріне- бірі сай. Екеуі де өгіз қара күші бар, сенімді жігіттер. Ш.Ай.  ~ Мырзалардың жанындағы жұпыны киімділер алпамса жігіттің өгіз қара күшін дәріптеп, …  жүріп бара жатқан пар ат жеккен күймені артынан ұстай қалып, тыпыр еткізбей тоқтата салатынын жарыса айтады.  А.См.

Posted in

ӨГІЗ ЖОНДЫ

Дөңкиген, күдірейген. ~ Тақымды қысып қалып, тыптыныш даланың төсін сәйгүліктің тұяқ дүбірімен жаңғырықтырғысы келеді, ұлан өңірді кесіп өтіп, алыстағы биік таудың өгіз жонды жотасынан қарғып өте шығуға барымен ынтығады.  А.См.

Posted in

ӨГІЗ АЯҢМЕН ЖЫЛЖЫДЫ

Баяу, ілби басып жүрді. ~ Ағаш арасында пысуы жетіп қалған әредік– әредік ақ ерменнің елітерілік ащы иісі аңқып тұр.  Аспанда долы жел түткен бұлттар сылбыр көшіп, өгіз аяңмен жылжиды. Т.Рыск. ~ Бұның сорына қарай бүгін демалыс күні екен. Күн ұзақ не істерін білмей, бір жатып, бір тұрып, кешті ғашығындай сағына күткен. Әйтеуір, өгіз аяңмен асықпай жылжып күткен кеші де жетті – ау! І.Ес.