Posted in

ШАҢ ЖУЫТПАДЫ

Сөз келтірмеді, жаман пікір айттырмады, ақтап алды. ~ Әлде шынымды айтам деп, сырымды ашып алам ба деп қорықты ма? Бір ғажабы ─ Бағдан Әспетке шаң жуытар емес. С.Шай. ~ Е– е‚ Құдай‚ әкесінің әруағы ғой қинап жүрген. Құрбандық беріп жіберейік‚ — деп шешесі баласына шаң жуытпай жүр. Қ.Түм. ~ "Тәнім түгіл жаныма шаң жуытпайтын мен емеспін бе, қалай ғана дені барып, маған анау сөзді айтады. Тым құрыса түсіндірсе екен өлтірсе де айтып өлтірсе екен! — Лима сәл ойланып қалды. Ә.Тар. ~ Қатирадай адал әйел жоқ. Болмайды! Бұ заманның Қозысы мен Баяны Мұқат пен Қатира! Қатира тірі Мұқат түгіл өлі Мұқаттың әруағына шаң жуытпайды. С.См.

Posted in

ШАҢ ЖҰҚТЫ

* Содан ба өмір- өлім табалдырығында тұрғандай өз арымен бетпе- бет келіп, сол шаң жұққан, кір басқан арын тазалай алар, арашалай алар қауһар таба алмай қатты күйзеле жүрексініп, ағыл- тегіл еңіреді. С.Смат.

Posted in

ШАҢ ЖҰҚТЫРМАЙДЫ

* … Кəмештің қағынан жеріген құландай күні ертең ұрын келгелі тұрған некелі күйеуінен безіп, басқамен қол ұстасып кетуі – ата намысына шаң жұқтырмайтын екі рулы ел арасындағы қанды қырғын кескілес деген сөз. З.Қаб. * Ал әйеліне еркегің басқа әйелмен курортқа кетіп қалыпты десең, күйеуінің үстінен арыз берудің орнына, оған шаң жұқтырғысы келмейді. І.Ес. * – Сіздер туған ауылдарыңызға шынымен шаң жұқтырмайтын көрінесіздер, – деп жүзі қиялай түскен шам жарығымен нұрланған Гүлбиғаш сыңғырлай күлді. Ж.Шағ.

Posted in

ШАҢ ҚАПТЫ

1. Тозаң басты. ~ Айтпа, апталап үйден шықпайды. Жүзімді шаң қабады дейді. Д.Қуат. ~ Үш жыл өтпей-ақ «Қоңырбел» совхозы астықтың орнына, қап-қара шаң қапты. Құдай көрсетпесін, топырақтың сондағы боранын көрсең, қардың боранынан жаман болады екен. К.Қаз. 2. Артта қалды, ілесе алмады. ~ Арттарынан қуып жетпек болып қисалаңдай жүгірген шал жарау аттардың зар желісіне жете алмай шаң қауып қала берді. Қ.Мүб.

Posted in

ШАМАСЫ КЕЛГЕНШЕ

~ Осы үйдің ол бастағы түпкі иесі¬нің көзін көрген шай жәшіктің жұқа тақтайынан быту– сыту құрастыра салынған бұл неме қасақана «келсең кел» деп, шамасы келгенше желдің өтіне кеудесін төсеп, қасқайып– ақ тұрған. М. Қан. ~ Замандастарымыздың ішкі мәдени иммунитеті тозған. Бәрін бір көргеннен кесіп–піше салу оңай. Сен асықпай бағала. Өмірде бәріміз де ойыншымыз. Бірақ әр кісі өзінің шамасы келгенше, ой–өрісінің жеткенінше ойнайды. Ж.Аяз. ~ Аюдың зияны малға көп тиеді. Ұсақ мал түгіл жылқы, сиырға да аюдың әлі келеді. Сиырларды сүйретіп, көп жерге дейін апаруға шамасы келеді. І.Ес.

Posted in

ШАМАСЫ КЕЛСЕ

~ Шамасы келсе, олар қазақты башқұрттың бұзақы ықпалынан аулақтап ұстауға тырысып бағады. Ә.Кек. ~ Отряд командирінің арғы ойын біледі. Шамасы келсе осы жігіт қолындағы билікті басқа біреумен бөлісуге ырза емес. Әсіресе, комиссарға жұлдызы қарсы. Ә.Нұрп.

Posted in

ШАМДАНШАҚ АТТАЙ

* Бірақ неге екені белгісіз, қаламын ыңғайлап ұстаса да, қағазды бүктеп алдына қойса да, шамданшақ аттай кібіртіктеп, Нұрлыбайдың қолы бір жөнге жүрмейді. Б.Майл.