Posted in

ШАМ АЛДЫ

Сезіктенді. ~ Бүгін Шыңғыс хан шатырының қасындағы шаршы топта мәжіліс көбейіп кеткенін байқап, бейшара жүрек әлденеден шам алып, үсті-үстіне сыздай береді. Ә.Кек.

Posted in

ШАМ АЛМАДЫ

~ Шал кіріп үйді тегіс аралады, Бір Әзімнен басқа жан таба алмады. Біротала бейілді беріп алған, Әзім де бұл қылықты шам алмады. Абай.

Posted in

ШАМ АЛЫП ІЗДЕСЕҢ ДЕ ТАППАЙСЫҢ

~ Өтінішін қабылдады. Өйткені‚ малдың бабын табар мұндай қойшыны колхоз бастық бұл өңірден шам алып іздесе де таба алмайды. Қ.Түм. ~ Алтын шыққан жерді айтатын ақымақты күндіз қолына шам алып іздесең деп таппассың, — деп мырс етіп күлді Бейқұт. – Кешке телефон соғарсың. АҚ "Карта". ~ Маған, әсіресе, ұнайтыны Сәкеннің ақындық еркіндігі. Кібіртіктеу, тұсаулы аттай шоқақтау Сәкен өлеңдерінен шам алып іздесең де таптырмайды. Т.Молд. ~ Не дейді, онда аса бір таптырмас қазына болдым десеңші. Ондай адамдарды біздің Академия шам алып іздеп таппай жүр. Қиссаларды домбырамен айтатын шығарсың. К.Қаз. ~ Қарабайырлау. Қарабайыр дейсің, кейбіреулер мына жарқылдақ заманда сондайларды күндіз қолына шам алып іздеп таба алмай жүрген жоқ па. М.Қаб.

Posted in

ШАМ ЖАМЫРАДЫ

~ Өзен жақтан ауық-ауық пароход өкіреді, пароход тоқтайтын пирстен орман саңылауын осқылап шам жамырайды. Қ.Ыс. ~ Кешке, әйдік көшені бойлай тізілген бағаналардың басындағы шам жамырай бере қалтарыс–бұлтарыстан өріп шығатын «көбелектерімізді» түгендеп жүргенімізде, мен оны тағы көрдім. Д.Қуат.

Posted in

ШАМ ТАМЫЗДЫ

~ Марқаның келіншегі үйге шам тамызып, қаңылтыр пешке от жақты. Дүрілдеп жанған қу қарағайдың жаңқасы лау– лау етеді. Ақтоты, әуелі балалардың қамына кірісті. Т.Рыс. ~ Енді ол алауды ешкімнің өшіруі мүмкін емес. Шам тамызған шырпы пілтеге алауын беріп, өзі күйіп кетпей ме, мына боздақтар сол іспетті. Т.Сәу.

Posted in

ШАМАДАН ТЫС

~ Шеге қолындағы бесатар да осы сәт шамадан тыс ауырлап кеткендей. С.Елу. ~ Кіре беріс дәлізде қалқиып тұрған Мейізгүл шамадан тыс қампиып кеткен қарнын қарбыз көтергендей қос қолдап құшақтай берді. Ә.Тар.

Posted in

ШАМАСЫ КЕЛГЕНШЕ

~ Осы үйдің ол бастағы түпкі иесі¬нің көзін көрген шай жәшіктің жұқа тақтайынан быту– сыту құрастыра салынған бұл неме қасақана «келсең кел» деп, шамасы келгенше желдің өтіне кеудесін төсеп, қасқайып– ақ тұрған. М. Қан. ~ Замандастарымыздың ішкі мәдени иммунитеті тозған. Бәрін бір көргеннен кесіп–піше салу оңай. Сен асықпай бағала. Өмірде бәріміз де ойыншымыз. Бірақ әр кісі өзінің шамасы келгенше, ой–өрісінің жеткенінше ойнайды. Ж.Аяз. ~ Аюдың зияны малға көп тиеді. Ұсақ мал түгіл жылқы, сиырға да аюдың әлі келеді. Сиырларды сүйретіп, көп жерге дейін апаруға шамасы келеді. І.Ес.

Posted in

ШАМАСЫ КЕЛСЕ

~ Шамасы келсе, олар қазақты башқұрттың бұзақы ықпалынан аулақтап ұстауға тырысып бағады. Ә.Кек. ~ Отряд командирінің арғы ойын біледі. Шамасы келсе осы жігіт қолындағы билікті басқа біреумен бөлісуге ырза емес. Әсіресе, комиссарға жұлдызы қарсы. Ә.Нұрп.

Posted in

ШАЛЫҒЫ ӨРШІДІ

~ Биылғы күз бұрынғыдан да ауыр соқты маған. "Құс қанатының желігі бар" деген рас сөз, тегі. Қайтқан құспен бірге шалығым өршіп, өзімнен-өзім елеуреп жер-көкке сыймай кетемін. Қарадай жұлқынып, қу жанымда тыныштық жоқ. Т.Сәу.