Posted in

ОҚАЛАҚТАҒАН СИЫР ҚҰСАП (ӨГІЗШЕ)

Аласұру, екілене әрекет ету туралы. ~ Машина оқалақтаған сиыр құсап ойқы-шойқы жортып келеді. Бензин орнына багына арақ құйылғандай.  Ш.Мұрт. ~ Шырмалып қалма, құнанға қамшы ұрмай, ауыздыққа сүйен де отыр.  Жел жағыңды берме.  Бұл оқалақтаған өгізше емес, үстінде ойнамай алға қарай етпеттеп отыр. Т.Әл.

Posted in

ОҚАЛАҚ ТИГЕН СИЫРДАЙ (ТАЙЫНШАДАЙ)

Есінен айрылғандай күйге түсті. ~ Кешкі астан кейін қайтадан кабинетіне кіріп, мана бастаған журналдағы мақаланы қайтадан оқымақшы болған.  Бірақ, көзі жүрмеді, оқалақ тиген сиырдай көңіл шіркін байыз табар емес. Ә.Тар. ~ Тәркілеудің белсендісі не жыны барын білмеймін, орыс мұжығын айналып өтеді, ұңғысы үңірейген мылтығынан қорқады… ал, бишара қазақты оқалақ тиген сиырша сүкектетіп қуады-ай…»  Д.Досж. ~ «Әй, кісіге тыныштық беремісің, жоқ па?» деп дауыс көтеріп еді, анау оқалақ тиген тайыншадай мүлдеп құтырып кетті.  О.Сәрс.

Posted in

ОҚА ЕМЕС

Ештеңе етпейді, арзымайды. ~ «Қой сойып керек емес» деп, шалдарға да ақыл үйретті, оны да кешуге болады. Оның бәрі оқа емес, шалдар үндемес еді ғой. Ж.Айм. ~ –  Оқа емес, турасын айтсам, тiптi, маған жаман да болған жоқ, бiраз нәрсе аңғарып қалдым, – дедi Сейiт те әзiлдей жымиып.  Р.Рай. * — Тоздырып тастапсыз ғой,— деді Мейрам. — Тозса көшіртіп алам, оқа емес.  Ғ.Мұст. * – Оқа емес, турасын айтсам, тiптi, маған жаман да болған жоқ, бiраз нәрсе аңғарып қалдым, – дедi Сейiт те әзiлдей жымиып.  Р.Райым. * — Ғафу ет, апа. Әңгімеңізді бөлдім білем,— деді Жәзира қысылып. — Оқа емес, жаным.— Сәлима өз ойынан айыға алмағандай көзін уқалап, төмен қарап сәл отырып қалды.  М.Сүн.

Posted in

ОҚ ШАШТЫ

Оқ жаудырды. ~ …Жолдасы Абылайдың батыр Жібек, Майданда от шашқандай оқ шашатын Сырттаны Бәсентиін ер Сырымбет …  М.Жұм. ~ Сәл кеңіске шыққандар сайысып кеткенмен, тар арнаның табанында қалғандар көкке қарай атқылап, босқа оқ шашқандары болмаса, еш қайран қыла алмады.  Ә.Кек. ~  Әлгі оқ шашқан үлектерінің де үндері өшкен жоқ па? Ә.Кек.

Posted in

ОҚ ӨТПЕЙДІ, ҚЫЛЫШ КЕСПЕЙДІ (БАТПАЙДЫ)

Жаны сірі д.м. ~ 1916 жылдың оқиғасына байланысты Амантайдың қимыл-қайраты турасында ел арасына ертегі сияқты, нелер ғажап кеңестер тарап кеткен, ел оны ертегінің, «оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін», ешбір қауіптен сескенбейтін «көзсіз ері» көріп алған. С.Мұқ. ~ Осыдан соң биік тауды паналаған Жалғызкөз жол тосып адам аулайтын болады. Ел-жұрт ақылдасып, оның көзін жоюға талай азаматты жұмсайды. Бірақ, Жалғызкөзге оқ өтпейді, қылыш батпайды. Ғ.Біл.

Posted in

ОҚ ҚАРДАЙ БОРАДЫ

Бас көртертпейтін қалың оқ жауды. ~ Екі жақтан оқ қардай борады. Мылтықтың күшейе түскен гүрсілі жер жарып, сарбаздардың құтын қашырып барады.  І.Ес. ~ Соның арасында енді мылтық дауысы батыстан да шықты, екі жақтан бірдей оқ қардай борады.  Б.Қыд.

Posted in

ОҚ ЖЫЛАНДАЙ ЫСҚЫРДЫ

Ашу шақырып, қаһарлана сөйледі; айбат шекті. ~ Оқ жыландай ысқырды, Дыбысынан ызғар сап. Жолатпай ерден ешкімді, Болды өлердей қызғаншақ.  С.Мұқ. ~ Бүгіліп-ақ қалыпты, байғұс. Оқ жыландай ысқырып, ханға сәлем бермей жүретін кемпірдің әзі еді.  К.Қаз. ~ Бұрын сынықтан сылтау тауып, оқ жыландай ысқыра келетін Нұртай бұл күнде Күреңбаймен шүйіркелесе сөйлесетін.  С.Ом.

Posted in

ОҚ ЖЫЛАНДАЙ ҚАЙҚАҢДАДЫ

Қылмың қақты, қылмаңдап, еркінси, наздана қимылдады. ~ Қасымда тіземе тізесі тиіп отырған оқ жыландай қайқаңдаған қиғаш көз құдаша қыз: — Жезде, аузыңызға сөк салып алғансыз ба, үндемейсіз ғой, — деп ыржақтады.  Н.Сер. ~ Сүймен тиген тастан шыққан түтіннің жіп-жіңішке жіптері тез еріп кетпей, оқ жыландай қайқаңдап, баяу тербеліп тұрып алады. М.Қаб.

Posted in

ОҚ ЖЫЛАН

Бірнеше метрге дейін атыла алатын жыланның бір түрі. ~ …Әлдекім сақ-сақ күлді. Жоқ, сақ-сақ күлкіден бұрын мойныма ұзындығы метр де, жіңішкелігі сантиметр оқ жылан орала кетті. Оқ жылан ысқырынады деуші еді, мынадан сылдырлаған әуезді үп шығады. Атып тұрдым.  М.Қаб. ~ Сол кезде қара шұбар оқ жылан, тоқпақ басты топ жылан, алты құлаш су жылан, ала бауыр у жылан атып шығады қап ішінен. ҚЕ.