Posted in

ОҚТАЙ ҚАДАЛДЫ

  1. Зәрлі pаймен тiкipейе қаpады; ашулы көзбен атты. *-Мұның не?-деді Айтан әйеліне жақын келіп. Айқайламай ақырын айтқан сөзде аса ауыр, зілдей салмақ жатыр еді. Айтанның отты көзі Назеркенің кеудесіне оқтай қадалды.  С.Досан. ~ Қыбырсыз жатқан Леха орғып оң бүйіріне аударылды. Сығырайтып көзін ашты. Сызаттан жаулық қарас оқтай қадалды. С.См. ~ Қасқырбайдың қасында Көбен отыр. Ол – өткір көздерін айналасына оқтай қадағанымен ауыз ашып сөз айтқан жоқ. Б.Тоғ. ~ Әй, қайдағы өкіл? Бұл ауданның хатшысы, — деп Сұржекей түсіне ашу жинады. — Көне тайыңдар! Марш! — Ағасы, арызымыз бар еді айтатын! — деді Шеге, сұр жігітке оқтай қадалып. С.Ел. * Өзгені қойып, осы бес-алты жылдың ішінде Мұхамед-Шайбани Ордасынан көз алартқан Абдолла баһадµрдың өзі де өкпе тұсына оқтай қадалды. І.Ес.

2. Ауыр тиді. * Кейбіреулердің еліміздің тәуелсіздігінедейін «Қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» – деген кертартпа әрекеттеріне шипагердің «Шипагерлік баяны» жүректеріне оқтай қадалды. БАҚ.

Posted in

ОҚТАЙ ЗУЛАДЫ

Зымырады, ұшты. * Шырылдап бет-алды құла түзге ұша жөнеліп едім, әйел қырғи болып соңымнан қуып келе жатыр екен. Қырғи оқтай зулап шүйіліп келеді. С.Омар. * Ал көлден көтерілген үйрек, қазды шүйіліп, іліп түсетін қанды көз қаршыға, оқтай зулаған сұнқар, ен жақсы көретін алғыр құстары еді. І.Ес.

Posted in

ОҚТАЙ БОЛДЫ

Дұрыс болды, қатып кетті. * Өзімен былай ептеп танысып алар ма еді, шіркін! Бәрі де оқтай болар еді. Бұрқылдатып қыдырсаң ғой онымен… Періште екен, періште ғой, періште… С.Досан. ~  Түн тоғайлы жер көріп, Түнеріңкі ел көріп, Арада қанша күн өтіп, Аттанатын шақ жетіп, Оқтай болған Аймаңбоз, Оңдап ерді салғаны. Б.Әлім. (Манас).

Posted in

ОҚТАЙ АТЫЛДЫ

Тұра ұмтылды, тап берді. ~ Қайырайын деп жүре беріп едім… сап-сары сапалақ… көзі тура шоктай жанады, шайтанның отындай жап-жасыл… Оқтай атылғанда… бейшара тай шөкесінен жығылды. М.Мағ. * Қып-қызыл қан ақ арыстанның аппақ қабырғасын ирелеңдей ақты. Көзіне қан толып кеткен ақ арыстан қос құлағын жымырып ап қара аюға оқтай атылды. С.Досан. * Осыны күткендей-ақ жанында шоқиып отырған ақтөс ит оқтай атылып барып, қарақасқа аттың құйрығына жабыса түсіп еді.  Д.Әш.

Posted in

ОҚҚА ҰШТЫ

Оқ тиіп, жараланды я мерт болды. *  Бұл шіркіндер жүрген жерін қызыл-жосын қылмай кетпейді. Кім біледі, түндегі оққа ұшқан әлде өз ағайындарының, өз тілеулестерінің бірі ме? Ж.Айм. *  – Адам іштен батыр болып тумайды, батырлықты заман, уақыт тудырады, — деді қонағының жүзіне қарап қойып. Адам — намыстың құлы. Сол намыс үшін оққа ұшып өліп кетсең де өкінбейтін кезің болады. Қ.Жұм. *  Бұларға Санташ асуында қырғыздар және соқтықты. Бірақ қырғыздар бірнешеуі оққа ұшқан соң қайта серпіліп, тауға кіріп кетісті. Бұл соқтығыста қырғыздың 23-і оққа ұшты.  Б.Қыд.

Posted in

ОҚҚА ҚАРСЫ ШЫҚТЫ (ШАПТЫ)

Кеудесін оққа тікті, ажалдан тайынбады. ~ Бұлардың батырлықтары ел талау ғана еді, ал шын батырлар әлгі қызыл ту ұстап, қызыл әскер болып, еңбекші табы үшін оққа қарсы шыққандар. Міне, бұларды мақтауға болады  С.Сей. ~ Бірақ ажалсыз адамға дауа жоқ екен. Талай рет түтеген оққа қарсы шапқан кезім болды.  Қ.Жұм.

Posted in

ОҚҚА БАЙЛАДЫ 

Ажалға айдап салды, құрбандыққа шалды. * Жантас. Міне, көрдің бе, ел? Жыра қуғаны, оққа байлағаны кім екенін білдің бе? М.Әуез. * Университет оқытушылары көпке үлгі болсын деп, алдымен Қарасайды «оққа байлайтындары» белгілі.  Қ.Жиенб.

Posted in

ОҚЖЫЛАНДАЙ АТЫЛДЫ

Тап берді, тұра ұмтылды. ~ «-  Жендеттің бірі Махамбеттің қатын- баласын сыртқа шығармай, қара қанжармен жасқап тұрған.  Әкесінің ақтық арызын естігенде, Нұрсұлтан оқжыландай атылып, жараланып қалды.  Қ.Түм.

Posted in

ОҚАСЫ ЖОҚ

Түк те етпейді; қобалжитындай жағдай емес. ~ Бекболат … шылымдарын шәшіп-төгіп бірін алды. Екеу-үшеуі үстелге түсіп қалып еді: — Оқасы жоқ, оқасы жоқ,— деп Төлеген Бекболаттан бұрын жинап, сауытына сала қойды.  Ж.Айм. ~ Бұл сөзді айтып барған жеңгелерін Зейнеп сыбай боқтады да үйінен айдап шықты. Соны айтып келген жеңгелеріне: – Оқасы жоқ, – деді Топан. – Қызша киінбесе де, қыз екеніне құлағы ғана берсін. С.Мұқ.

Posted in

ОҚАЛЫ ШЕКПЕНДІ

~ Тiптi, басқа көлденең көздi кiргiзбей есiктi iштен құлыптап қойыпты. Осылай оқалы шекпенділер келгенде тас бекiнiп алу қашанғы әдеттерi сияқты. Ә.Ыб.