Posted in

ОЙЫННАН ОТ ШЫҚТЫ

Абайсызда іс насырға шапты. * Куәсiз, жалғыз жiбертемiн» деп күпiнiп едi, ендi iс насырға шауып, «ойыннан от шыққан» уақытта: «Қамбар iнiм бiр амалын тауып, ана есердi тоқтатсын. Ел бүлiнейiн деп тұр» дейтiн дұғай сәлемiн жолдапты. К.Сег. * Ол үйді айналып жүріп-жүріп қайтып келетін сияқтанып еді. Бірақ ойыннан от шығып, ақыры үйді айналмақ түгіл, Гүлден қазір мыңдаған шақырым жерге ұзап кетті. Б.Бұлқ.

Posted in

ОЙЫНДЫ ЕТІ

Білеуленіп тұрған бұлшық ет. ~ Аққоян десе, аққоян. Сауырлы бұлт, күпшек сан, омырауы есіктей, ойынды еті бесіктей сұлу жылқы еді. Б.Қыд. ~ Қаз мойын қара тұлпардың Ойынды еті бұлтылдап. Қамшы басып санына, Жәбір беріп жанына, Тозаңы шықты бұрқылдап. «Қыз Жібек».

Posted in

ОЙЫНДЫ-ШЫНДЫ (СӨЗ)

Қалжыңдаған болып шын ойынан хабар беру. ~ Есенейдің алғашқы әйелі – Қанікей, Құрымсымен аталас – Зілғараның қызы екенін еткен тараулардан білеміз. Сондықтан жасы кіші болғанмен, жолығысқан шақтарда Құрымсы оны «жездей» деп, өзін еркелейтін «балдыз» орнына ұстап, ойынды-шынды сөздерін батыл айта беретін. С.Мұқ. ~ Зарыптың бет әлпеті кенет қуқылданып, төменгі ерні қымқырыла түсіпті. Мұндайда бұл үндемейді; үндесе, Садықбек секілді ойынды-шынды араластырып «ба-ба-ба» деп тұрмайды, есіткен адамның құлағын түргізгендей ғып оқиғаның түпкі тамырын қопара сөйлейді. Б.Майл. ~ Ревякиннің ойынды-шынды әмір бере жазған хатын оқыған сайын, әр сөзінен өзіне таныс мінез тауып, Тарасенко бірдеме деп қалады, мен де оның сөзін мақұлдай түсем. Ғ.Мүс. ~ Төріңнен көрің жуық отырып, қайдан таптың бұл кәсіпті, – деп, қымызшы шалды ортаға алып, ойынды-шынды тілін батырып, керіп әкетті. С.Жүн.

Posted in

ОЙЫНҒА ТОЙМАДЫ

Ойынға бар жан-тәнімен беріліп кетті. * Күн- түн демей ойнадым, Ойынға тіпті тоймадым. Барған сайын бойладым, Бұрылмай ұйқы, тамаққа. Тоймаса да ойынға, Тағылық бар бойымда … Шәк. * Көрпе-төсек жаңалап алуға деген таза жүнді де жеңгесі Сəнімкүл бөлек түйіншектеп беріп те қойды. Ал, Қайраттың ойынға тоймайтын кезі. С.Досж.

Posted in

ОЙЫНҒА КІРІСТІ

Әлдебір ойынды бастап жіберді. * Бұрын мұндай кішкене кісіге үйренбеген қозы, аз- мұз таңырқағандай едірейе қарады да, тілін біле қойды: Қазыбекті сүзген болып, тиіп қашып, бірден ойынға кірісіп кетті. Х.Есен. * Күндегідей емес, бүгін балалар бұны салқын қабақпен қарсы алды. Бұл ойынға кірісіп кетті, қызыл сақаны майданға салған жоқ. Ә.Тар.

Posted in

ОЙЫНҒА БЕРІЛДІ (САЛЫНДЫ)

Ойын қуып кетті. * Күн ашық еді. Асқар таудың алып бейнелері айнадай таза судың түбінен көрініп тұр. Балшық илеп балалық ойынға беріліп кеткен екем. Б.Мом. * Көшпелі ауылдың тұрмысы, бір жағынан, жақсы – кең ауа, керемет табиғат, екінші жағынан, қиыншылық, мектеп, тағы да басқа көңіл көтеретін орындар жоқ. Алаңсыз ойынға берілесің. Мал бағасың. Ж.Баб.

ОЙЫНҒА САЛЫНДЫ

Қызыққа беріліп, бәрін ұмытты. * Артуро үйде отырмайтын болды. Қайтадан ойынға салынып, аңшылыққа шығып, кешкілік дос-жаранына арнап дастарқан жаюмен айналыса бастады. Ч.Пав.

ОЙЫНҒА КІРІСТІ

Әлдебір ойынды бастап жіберді. * Бұрын мұндай кішкене кісіге үйренбеген қозы, аз- мұз таңырқағандай едірейе қарады да, тілін біле қойды: Қазыбекті сүзген болып, тиіп қашып, бірден ойынға кірісіп кетті. Х.Есен. * Күндегідей емес, бүгін балалар бұны салқын қабақпен қарсы алды. Бұл ойынға кірісіп кетті, қызыл сақаны майданға салған жоқ. Ә.Тар.

Posted in

ОЙЫНҒА АЙНАЛДЫРДЫ

Әңгімені бұрып, әзіл-қалжың қып көрсеткісі келді. * Г ү л ж а н . Беті аулақ, бірақ жолдастарыңызды да сыйлаңыз. Айша апай. Ойынға айналдырмаңдаршы енді. Өсіпбай, айналайын, жаңа тым тәуір бастап айтып келе жатыр едің… Ш.Айт. * — Мүсіреп аға, сіздің ауыл мен біздің ауылдың арасы алыс емес пе? — Қай ауылыңды айтасың? — Ойынға айналдырмаңызшы, аға… Есенейдің ауылын айтамын да. Ғ.Мүс.

Posted in

ОЙЫНАН ШЫҚТЫ

Көңілінен шықты, риза болды, ұнады, көңілі толды. ~ Бұл жерде тұра тұрсын бұл сөзіміз, Басқа әңгіме айталық сіздерге біз. Тыңдаушының ойынан шықты ма екен, Баяғы Мария деген бір жастау қыз. Шәк. ~ Бастары қосылмай жүрген рулары болмаса, соңынан тұтаса ерген елі жоқ. Ал ел деген не? Ойынан шықпасаң, сенен үрки жөнелуге бар. І.Ес.

Posted in

ОЙЫНАН ШЫҚПАДЫ

Қаперінде жатты, жадында ұстады. ~ Орта Азияның сырын толық ашып, оның жаратылыс
ерекшеліктерін жете зерттеу Пржевальскийдің ойынан шықпайды. Ә.Марғ. ~ Қанша ұмытайын десе де, жаңағы оқиға ойынан шықпай тұр. Ә.Нұрп. ~ Кешелі-бері ойынан шықпай жүрген шаруасына да үлгеруі керек. Ж.Шамұр. ~ Тұрлықұл бұрын: «Кедейдің қызы ғой, мына дәулетті көрген соң, менің шалдығым есінен шығып, елігіп кетер, бірте-бірте
үйренген соң аяғымды сыйлап, мәсімді тартып, күтетін болар,»- деп ойлаушы еді. Жоқ, ол ойдан шықпады. С.Көб.

Posted in

ОЙЫНА САЛСА

Ойлағаны, қалауы, тілейтіні д.м. ~ Бұл хаттарды оқыған Ботагөз қынжылды. Өз ойына салса, оның Асқар мен Кенжетайды тосқысы келеді. С.Мұқ. ~ Мафтухадан басқасы, – бұл қыздың бақытсыз болуына тілектес еді. Олардың ойына салса, – «қызды Шыңғыс мазақтаса екен де, жұртқа әйгі болған шақта, масқара ғып тастап кетсе екен!» С.Мұқ.