Ойынға тым беріліп кеткен балаға айтылатын кейіс сөз. ~ — Әй, жетпегiр, қайдасың? Жүр былай! — Ойнайым, — дедi бiр қара бала шешесiнен қашқалақтап.— Өй, ойының осылғыр? Жүр былай! Мен саған ойнағанды көрсетейiн! Б.Алд. ~ ! Сені іздеймін деп-ақ, діңкем құритын болды. Ойының осылғыр, жүгірмек, қайда жүрсің, атың өшкір Алданыш?!» -деп басталатын қарғысы ауылдың әр тұсынан естіліп тұратын. Қ.Бег.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ОЙЫНЫ ОСЫЛДЫ
Ойыннан от шықты, ойын опық жегізді. ~ — Бұның не, ойынға жылап? — деді Итаяқ Күнтайға. — Ойының осылсын, ылайымда! — деді Күнтай жылауын үдете түсіп, — шөгірдей қадалып, сен-ақ өлтіретін болдың-ау, ойбай!.. Қу-шұнақ құдай, қашан құтқарасың, бұл арапшыдан?!.. С.Мұқ. * – Енді маған ауыз салдың ба, ей?! – деп ешкімнен оңайлықпен ыға қоймайтын Көбентай адырайып шыға келген. – Байқа, батыр, ойының осылып жүрмесін… О.Сәрс. * Сол күннен бастап Мәрзияға уайым түсті. Ойыны осылды деген осы. Енді қайттім, апама не деп айтам, тағы басқа. Көп ұзамай, сол үндемеген күйі Алматыға тартып кетті. С.Досжан
ОЙЫНЫ ҚАНДЫ (ҚАНБАДЫ)
Құмарынан шықты (шықпады). ~ Ақ некесін қиған соң, Күйеу кірді қойынға. Ақордаға салғанда, Ойнап ойыны қанғанда, Қатты бір ұйықтап қалғанда, Таң белгісі болғанда, Аян берді атасы, Сөзінде жоқ хатасы. А.Байт. «Ер Сайын» ~ Аюдың ақ дәрісін Аударып сұлу жағады, Тез тірілтіп алады. Су басында екеуі Ойнап ойыны қанады, Ақ жарылқап қалады. БС «Сайын батыр». ~ Айман. Қойшы, қылжақты, тіпті ойының қанбайды екен. М.Әу.
ОЙЫНЫ КЕЛДІ
Ойынға құмартты, ойнағысы келді. ~ Баланын біреуі ойнамаймын демесін. Десе болды, қасында тұрған екінші бала міндетті түрде қарадан-қарап ойыны келіп, тыпырши қалады. Тити де сондай мінездің баласы еді. М.Қаб.
ОЙЫНШЫҚ (-ТАЙ) СИЯҚТЫ КӨРІНДІ (САНАДЫ)
Оп-оңай, түкке тұрмайтын нәрсе, іс сықылды. * Сырттан қарап тұрғанда шыны жасау жұмысы оп-оңай ойыншық сияқты көрінеді: ол жұмыскерлердің тәсілін біліп, жаттығып қалғандығынан. А.Байт.
ОЙЫНШЫҚТАЙ КӨРІНДІ
Оңай, жеңіл көрінді. ~ Әр жылғаны, бастау басын қуалап үрке қонған біздің ауыл Евгеньевканың жанында ойыншықтай көрінеді. Б.Мом.
ОЙЫНШЫҚТАЙ САНАДЫ
Елемеді, менсінбей қарады. ~ — Гранатты тастаймыз… Ішкі жаққа зобалаң тиіп жатқанда дарбазаны қиратамыз да, хауарыштардың ұясына бірден басып кіріп қырғын саламыз! — деп полиция орнын ойыншықтай санаған… Ж.Ах.
ОЙЫНШЫҚ ПА?
Мазақ қылғың келе ме д.м. * — Безобразие!— деп, Ермекке бұрыла дүр етті Сейтқалы.— Тез беріңдер. Еңбек заңы ойыншық па? Ғ.Мұст. * – Слушай, сен не, – Жербайдың талағы тарс тарс айырылып, – Үкімет басшысымен кездесу саған ойыншық па? Н.Дәу.
ОЙЫНШЫҚ ҚЫЛДЫ
Ойына келгенін істетті, мазаққа айналдырды. * … ал, мен айтар едім: мына лауазымды көсемдерге адамдарды ойыншық қылып, үйілтіп, күнге қақтап тізіп қою түкке тұрғысыз нәрсе. Д.Досж. * Алтынай. Бетім-ау, енді қатыныңды қаңғыртып, Мамықтың қолыңда ойыншық қылып қоймақсың ба? Не жазығы бар: Адасқан шығар, қате кімде болмайды? Б.Майл.
ОЙЫНШЫҚ КӨРДІ
Менсінбеді, кемсіте қарады, келемеж қылды. * Ал Зейнеп болса қара кемпірдің сөзін ойыншық көрді. «Күнәлі қатын үстінен аттағанға батыр өлсе — өле берсін. І.Ес. * Құр текке асқақтаймыз ғой, біле білсек осының өзі бақыт емес пе? Асамбайға қолдың жетуі… Осы жұрт ойыншық көріп кете ме… Мұның өзі де бір жарастықты нәрсе. Б.Майл.
ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС
Мән бермеуге, елемеуге, мазақ етуге болмайтын жағдайға қатысты. * — Бұларың жарамайды. Адам тағдыры ойыншық емес. Осыдан барған бойда… Ә.Нұрп. * Әсия жұртқа сол әулиенің өзі болады… Қар мен суды басқару ойыншық емес қой! Ш.Айт. * Оның кісіні сөзге шымшымдап тартатын әңгіме құмар екенін Ержан білуші еді. – Соғыс деген ойыншық емес.Үй-ішінің хабарын білмей жазатайым болсақ обал ғой. Т.Ахт.
ОЙЫНШЫҒЫНА АЙНАЛДЫ
Біреудің айтқанына жүріп, айдағанына көнетін болды. * Сондықтан ырқына оңай құлап, жетегіне құлшына ере¬тін пенде атаулы бұның құнсыз ойын¬шығына айналды. Т.Шап. * Данышпанмын деп күпінген пенделер бір-ақ күнде Жынның ойыншығына айналады. Т.Сәу. * … алаяқтардың, атаққұмарлар мен асығы алшысынан түскендердің ойына келгендердің ойына келгендерін істейтін ойыншығына айналды. О.Бөк. * Осынау өмір арбасы соғыста ойыншыққа айналады екен: пәстің арасында аударылып, қыр аспай жатып шашылып жатады. Д.Дос.
ОЙЫНШЫҚ БОЛДЫ
Біреуге тәуелді болып, айтқанынан шықпайтын халге түсті, келемежге айналды. * Мен елу жыл сенің қолыңда ойыншық болып жүрген екенмін ғой. А.Байт. * Басқаға ойыншық болсам да, әйелге ойыншық болмаспын! Әсіресе осы келінге ойыншық болмаспын. Жетерлік болды өзі. Б.Майл. * Әсіресе Күміс жайын өте білгісі келетін. Қоңырқұлжаға ойда жоқтан ойыншық болған осы бір аяулы замандасқа деген аяныш әйтеуір көңіліне маза бермейтін. Ә.Нұрп.
