Posted in

ОЙ ТУДЫ (КЕЛДІ)

ОЙ ТУДЫ (КЕЛДІ) Соны пікір пайда болды. ~ Оның апарған сыры өкімет адамдарына ғана ашылды. Иакобуштың басында қандай ой туғанын 5-6-ақ адам білген шығар. Ж.Айм. ~ Маған: мұның өзі осы екі теңіз бірі бірімен қосылып жатқан теңіздер екендігін көрсетпей ме деген ой туды. Ж.Верн. ~ Осындай ой келгенде тұлабойым қалтырап кетті … О.Бальз.

Posted in

ОЙ ТОЛҒАМ (ТОЛҒАУ)

Толғаныс, сезімге толы пайым, пікір, терең ой. * Мына кітапқа сыр-сұхбат түрінде енген ой толғамдар, оның көзі тірісінде кең ауқымда қағазға түсірілген інжу-маржан іспетті айғақ-ақиқат, мағлұмат-мәліметтер. Қ.Бег. ~ Осы орта ғасырлық тамаша еңбек туралы терең зерттеу жүргізген Д. Арғымбаевтың мына бір ой толғамын келтірейік:.. Р.Кар. ~ Осы отырсында Шадымен ой- толғаммен сонау өткен өмірін есіне алған. Ж.Шах. * Романның иірімді де қисынды ой толғаулары, философиялық тұжырымдаулары да шығарманың ойын байытып, мазмұнын қоюлата түскен. Т.Оразғ.

Posted in

ОЙ ТОЛҒАДЫ

Тебіренді, толғанды, өзін толқытқан ойларын ортаға салды. * Беті-қолын сүртіп тұрып, қария хақында ой толғады. М.Қаб. * Наубай Алпысбаевич осылайша ой толғап болды да, бізге қарап: – Ал, ағалар, бұған не дейсіздер? Ғалымсыздар, пікір айтыңыздар, — деді, шалқия отырып. Ғ.Қаб. ~ Әр үшінші күн сайын үлестірген хаттарының ішінен ылғи «қарасын» тізіп ап, сол төңіректе ой толғайды, қайғырады, өкінеді. Ж.Нәж. ~ Десе де, коммунистердің Шынжаңды иелеуінен Оспанның демі үзілерге дейінгі соңғы өмірі жайындағы жұмбақ сырларға үңіліп, осы мәселелер төңірегінде аз да болса ой толғауды жөн көріп отырмыз. Ж.Шәк.

Posted in

ОЙ ТОҚЫРАДЫ

Көңілі басылды, ойы тарқады. * Келгенде осы араға қиял мұқап, Жүйрік ой тоқырады жарға тақап. Қаңғыбас қиялға ерген адасқан күй, Сүмеңдеп балдырғандай қақты шоқақ. І.Жанс. ~ Сәл уақыт шамырқанып, бой сергіткеннен соң, ол бір шынтақтап ерге қисайып жатып, ой тоқыраған соң ғана жауапқа әзірленді. Х.Ес. ~ Қашанғы өктесін. Сандалма ой тоқырағанда барып өз халін шамалаған. Ө.Кәр.

Posted in

ОЙ ТОҚТАТТЫ

Парықтады, ақылға салды. * Аз-маз ес жиып, ой тоқтатқанда мұның бәрі бос далбаса екеніне көзім жетті. Ақылдың кемдігі, танымның үстірттігі. М.Мағ. * Бiрақ, оның бәрiне Шүкiман баға берiп, ой тоқтатқан емес-тi. Абай туралы жақсы сөздi де, жаман сөздi де көп естiп бiлген жоқ. М.Әу. * А- а, мешкей ана, сонда ой тоқтатып, Майсалбегім қай жаққа қарай өтеді екен деп те сұрамаппын. Ш.Айт. ~ Өткен жылға өкпе жоқ. Осынау жаңа жылдың табалдырығында тұрғанда кез келген ой тоқтатқан азамат өткеніне үңілмек. Ә.Тар. ~ Бір қарағанда мадақтау сияқты, ал ой тоқтатып қарасаң, Темірдің жасынан-ақ жауыз туғандығы әлгі аңыз әңгімеде шебер астармен берілгендігін байқайсың. Б.Нұрж.

Posted in

ОЙ ТОҚТАТАРЫ БАР

ОЙ ТОҚТАТАРЫ БАР Ақыл-есі бар д.м. * — Ой, ақмақ… Айға қарап үргені несі-ай,— деді ол, кәдімгі бір үлкен адамдай әр сөзін сабырлы салмақтап. Өзінің ақ күшіктен гөрі есті, ой тоқтатары бар кісі екендігін сездірді. М.Сүн.

Posted in

ОЙ ТОҚТАТАРЛЫҚ (ТОҚТАТАР)

Пайымдап, ақылға салып, тұжырым жасарлық. ~ Мұрат хатқа қайта үңілді. Енді ой тоқтатарлық ешнәрсе таба алмай жүгірте оқыды. Әйелі күйеуін кіналай жазыпты. Т.Ахт. ~ Мұнысы шаршағандықтан да емес, оқуға қорқып отыр: өйткені хатта ешқандай бәтуа да, ой тоқтатар түйін де жоқ. В.Шук.

Posted in

ОЙ ТІЗГІНІН ТАРТТЫ (ҚОЛҒА АЛДЫ)

ОЙ ТІЗГІНІН ТАРТТЫ (ҚОЛҒА АЛДЫ) Ойын жиды, тұжырымдады, бір шешімге келді. * Омарбектің көзі жұмылып, ұзақ отырып қалды. Мен оның бұйрығын күттім. Бір әлетте барып ол ой тізгінін тартып, аттың басын тежеді. Есін жиғандай. Б.Қыд. ~ Осыдан соң ой тізгінін қолға алды: «Үйін сатып жіберіп, ол менің қолыма келіп кіріп алса болмас па. Үйдің ақшасын кассаға салсын. Сонан соң менімен бірге тұра берсе, сонда біздің үй де бүйтіп азынап бос тұрмас еді…» В.Шукш.

Posted in

ОЙ ТЕРБЕДІ

Ойланып-толғанды. * Қымтанып қойып, көрпе шетін астына басқан кемпір кедір-бұдырсыз жайма-шуақ өткен өмірі жайлы ой тербеді. М.Қаб. ~ Қырық күн жанары ешкімді көрмеген, Қырық күн Абайды қандай ой тербеген?! Қырық күн ұлы ақын сыртқа сыр бермеген Қатысы жоқтай бір кәдімгі жерменен. Б.Раис.

Posted in

ОЙ ТЕҢІЗІНЕ СҮҢГІДІ (ШОМДЫ)

Терең ойға берілді. ~ Неге екенін қайдам, жарықтық бұрынғы күйлер кісіні ой теңізіне сүңгітіп, жаныңды елжіретіп жібереді ғой. Ш.Айт. ~ Кенесары енді қабағы қарс жабылып, езінің қойған сұрағына шешім іздеп ой теңізіне біржолата сүңгіді. І.Ес. ~ Кенесары енді қабағы қарс жабылып, езінің қойған сұрағына шешім іздеп ой теңізіне біржолата сүңгіді. І.Ес.~ Ой теңізіне шомған бәйбіше күлімсірей түсіп біраз отырды да, кенет күрсінді: самсап келе жатқан салт аттылар ойын ең тәтті жерінен үзіп жібергендей болды. Б.Майл.