Posted in

ОЖАР МІНЕЗ

Тәрбиесіздік, дөрекілік. ~ Келіншекті сынағысы келді ме, әлде қазіргі өзіне де түсініксіз халіне араша болар сылтау іздеп, еркекке тән ожар мінезден ілгешек тапты ма, көзінде суық сұс пайда болды. С.См. ~ Үшінші — одағай, ожар мінезді адамдармен алысып-жұлыспа. И.Сап.

Posted in

ОДЫРАҢ ҚАҚТЫ

Жат мінез танытып, қоқаңдады. ~ Ең болмаса, мына біз сияқты бес қатын алып, әрқайсысына үш-үш бала таптырып, қазағыңды көбейтпейсің бе? — деді олигарх одан бетер одыраң қағып. — Біздікі он бес. Бүгінгі таңда. Біліп қой! М.Байғ. ~ Ішінде түгі жылт-жылт еткен он шақты жарау ат пысқырынып, жылқышыға ұстатпай одыраң қағып жүр екен. Көптен мінілмесе керек, асаусып, шетінен тулап тұр. Д.Әш.

Posted in

ОДАН БЕРІ ДЕ

Оны айтпағанда да д.м. * Таң қыландап келеді екен. Аңғарса шулап-улап жүрген қасқыр екен. Шәлтік тегі батыр емес еді. Одан бері де жалғыз шал, қарауылшық жау түсіріп, бәрі айдындыратын не қауқары бар дейсің? М.Әу. * Бірақ бұл әншейін, дарымайтын құрғақ сөз. Өйткені Дәметкенің байы жоқ. Ол — былтыр өлген. Одан бері де бұған жас балаларын өзі бағып отырған Дәметкенге пәленің бар деп ешкім еш нәрсе айта алмайтын. М.Әу. * Онымен қоймай, “Айқанның алдындағы малды бағуға адам табылғанша оған да өзіңіз иесіз” деп нығарлап кеткен. Одан бері де… Атасы кемпірді қатты аяйды. Сосын осы шүйкедей пенде Құдайға неден жазды екен деп те дал. Н.Дәут.

  1. Ол мерзімнен кейін де д.м. * Сол бір қас қағым сәт енді, бала ханзаданың есінен кетер емес. Одан бері де талай уақыт өтіпті. Бұлар келгендегі аппақ қар бықсыған тұманға жем болды. Ә.Кек. * Сөйтсе, бұлар елден кеткелі де жыл жарым болып қалыпты. Одан бері екі қыс, екі көктем, көріп тұр. Қазір ғой қыр көкпеңбек… Ә.Кек. * Е-е, Бибіш апам айтқандай, одан бері де міне, қай заман! Д.Әш.
Posted in

ОДАН АРТЫҚ НЕ АРМАН БАР

Біреудің тағдыр-талайына қызығушылық ретінде. ~ Анадай жаны жұмсақ адамның тап болуы — байғұстың талабы шығар. Өлерде осындай бір ризашылық сезім өзіңмен бірге кетсе, одан артық не арман бар? Т.Әбд. ~ Осындай әсем пейіл палуанда бар, Болған жоқ басқа есебі алдын орар. Жұбатса жәрдемдесіп жылағанды Жігітте одан артық не арман бар… Ә.Тәж.

Posted in

ОҒЫ МҮЛТ КЕТПЕДІ

Көздеген нысанасына дәл тигізді. * -Мынандай бір оғы мүлт кетпеген мергендікті бірінші рет көріп тұрмын,-деді Күрлеу жағымпазда сөйлеп. С.Досан. * Әйтекенің әлгі сөзі сұлтанның сұп-сұр бетіне лып еткізіп қан ойнатқан. Өткен жылғы Мамайға атқан оғының мүлт кетпегеніне сонда барып түсінген. Ә.Кек. ~ Бұған дейін менің Кәмилаға атқан үлкенді-кішілі оғымның мүлт кеткені жоқ. С.Досан. * «Нағашы жұрты шетінен бау кеспе ұры еді, патшағардың көзінің мылтықтың оғындай мүлт кетпей, тіп- тік қарауын»,— дейтін- ді шал табан астында іші мұздап. Ә.Кек.

Posted in

ОҒАШ ШЫҚТЫ

Бейуақыт жүру, алыстап кету туралы. ~ Қараңғы түнде бүкшеңдеп қасқыр жортады. Ниетінде — арамдық: оғаш шыққан мал болса, иыққа салып бөктеру. Б.Май. ~ – Бұл үйге жан адамды қатынастырма, ауылдан ешкім оғаш шықпасын, қашқанын ат. Ауылға келген адамды ұстап, қама!– деп милицияның бастығы бұйрық беріп, бір милиционерді Асан үйінің, есігінің алдына қойды. С.Мұқ.

Posted in

ОҒАШ ОЙ

Тосын, жағымсыз пікір. ~ Папасын түсінгенін папасы түсінгенге ырза болған Зияш әкесін оғаш ойдан оңаша ұстап, рахаттана ұйықтап кетті. М.Мақ. ~ Меніңше, тікенек сөйлем, құлаққа тосын естілер оғаш ойлар баршылық. Т.Сәу. ~ Жәдігер басына келген оғаш ойға мырс етіп күліп жіберді. Торғайдан көзін ала бере, тағы да соңындағы ізге қарады. Ә.Нұрп.