Әлдебір ауыр ой жанын қинады, қалың ойға берілді. * Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді, Сөнген шоқты үріп бала күледі. Ой басты ма? Әлде көзім талды ма, Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді. М.Жұм. * Жәнидің үрейі ұшады. Балалар ұйықтап жатыр. Жәниді ой басады. Ойланбайтын қайбір жақсы тұрмыс бар? А.Байт. * Жасы әлі отыздың ішінен шықпаса да, ой басып, ауыр жүр. Ғ.Мұст. * Әнші әйел ұзақ отырды. Ержанның үйіне баруға әлі де уақыт жеткілікті еді. Кенет бұны тағы да қайғылы ой басты. І.Ес. * Сені оятуға ұйқыңды қимадым. Ой басып шаршап жүрсің ғой, қарағым… тұр, шай қой, шырағым… Ғ.Слан.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ОЙ БАҚТЫ
Саналы өмір сүруге тырысты, білім, ғылымға ден қойды. * Бықсық, сасық өсекті Табанға салды, таптады… Бой бақпады, ой бақты… Бетіне бояу жақпады. М.Жұм. * − Аға, ерен еңбек етсе, ерен айлық алған шығар, жоқ ақы-пұлсыз бақты ма қойды? Сосын қой баққан мен ой баққанды шендестіруге болмайды ғой. Н.Дәу. ~ Әкем қой бағып еді, мен өмір бойы ой бағумен келемін. Сол әдетіме басып, қиял теңізінде малтыдым. Ө.Кәр.
ОЙ БАЙЛАДЫ
Бір тұжырымға келді. * Абайдың осы сөзі жақын-жарандарға арналған бұйрық емес, тілек тәрізді болды. Сонымен, бұның дегенін орындауға ой байлағандар аз болған жоқ. М.Әу. ~ Ел мұңын қашанда ер көңіл дөп басқыш. Сезімді ділден сазды әуен туғыш. Қапысыз шапшаңдықты сендерден — ақын, жыраулардан күтем. Оқыс сабыр ой байлайды, қол матайды. Сен сабырға тартпа, елдікке бірлікке, татулыққа бастайтын сазға ойыс. С.См.
ОЙ АСТАРЫ
Айтылған пікір-ойдың ішкі мазмұны; айтылмаған жан сыры. ~ Жаға қайда, құшағын жайып тұрар, (Ой астарын біледі, байыптылар) Жарқыраған шығады күнім қашан, Ақ тұманды аспаннан айықтырар. Қ.Бұғ. * Тілі жатық, жеңіл оқылғанымен ой астары, жер қыртысы сияқты, түрлі-түсті қабаттың сырын аңғартады. Р.Мұқ. * Өзінің жан жүрегі қанша жұмсақ таза, ойшыл болса, әңгімелері де кіршіксіз, таза жылы әзілге мол, сонымен бірге қалың ой астары да шексіз болатын. БАҚ.
ОЙ АСТАРЫ
Айтылған пікір-ойдың ішкі мазмұны; айтылмаған жан сыры. ~ Жаға қайда, құшағын жайып тұрар, (Ой астарын біледі, байыптылар) Жарқыраған шығады күнім қашан, Ақ тұманды аспаннан айықтырар. Қ.Бұғ. * Тілі жатық, жеңіл оқылғанымен ой астары, жер қыртысы сияқты, түрлі-түсті қабаттың сырын аңғартады. Р.Мұқ. * Өзінің жан жүрегі қанша жұмсақ таза, ойшыл болса, әңгімелері де кіршіксіз, таза жылы әзілге мол, сонымен бірге қалың ой астары да шексіз болатын. БАҚ.
ОЙ АҒЫТТЫ
Ойын ортаға салды. * Ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. Бәріне кінәлі – заманы. БАҚ. * Өмірдің ақ дәптерінің беті толмай қалғандай көңіл көлі тартылып, ағалары ағыл-тегіл ой ағытты, бірге өткізген күндерін қимай еске алды. Қ.Күлен. * Сөз алған Жоралы Аяпбергенов «Қазақ елінің ұлттық рухы – Ұлы Дала елінің дамуының басты қозғаушы күші» деген тақырыпта ой ағытты. М.Жапақ.
ОЙ-ӨРІСІ ТАР
Тоғышар, алысқа бармайтын, ой-санасы қалыс д.м. * Осылай бақылай отырып, ол жарты сағаттан кейін Мұрат туралы ойын қорыта келіп: «Өзі еті тірі, қатал жігіт сияқты, бірақ мінезі тұрпайылау, шамасы ой-өрісі тар, талабы шағын болар» деп түйді. Т.Ахт. ~ Сүйе де біледі, уәдесінде тұра алады, дұшпанымен күресе де алады. Қадишаның көз жасы торығудан тумайды, жігер-кектен туады. Ол жеке басының ғана қамын ойлайтын, ой өрісі тар тоғышар тілектің иесі емес. Қадиша көп басындағы қайғыны ту ете сөйлейді. Қ.Мұхам. ~ Кәсіби спортшылар ой өрісі тар, ақылсыз адамдар деген пікірлер де бар. БАҚ.
ОЗБЫР ОМЫРАУ
Өркөкірек, менмен, ОЖАР МІНЕЗДІ адам. * Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойрандап кеткен озбыр омырау, өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты. Ж.Айм.
ОЗА ШАУЫП ОЛЖА (БӘЙГЕ) АЛДЫ (САЛДЫ)
Жарыста, бәсекеде межеге бұрын жетті. ~ Оза шауып олжа алған, Таласты жерде жүлде алған, Жасанған, жауға қол салған, Ортадан ойып жол салған Қарт Қожақ деген ер едім. «Ер Тарғын». ~ Зәуде бір бұрынғының адамын ауызға алсақ заманнан оза шауып, қоғамына олжа салған қайраткердің етжақын етене туысы болған соң ғана атадық. С.Ақт. ~ Жарыстың сәні оза шауып бейге алғаның болса, шайқастың сәні күтірлей сынған қабырғаңның ауырғанына қарамай соңғы демің қалғанша қылышыңды сермеп өту емес пе. О.Көш.
ОЗА ШАПТЫ
Алда болды, асып түсті, мойны озды,көздеген мақсатына бұрын жетті. . ~ Бізге жеткені — екеу-ақ, олар: Тұмаршамен және Таутанмен айтысы. Бұлар да түгел сақталмаған, барының өзінен арғымақтай жүйрік ақынның алдына жан салмағанын, шаңға көмілмей оза шапқанын көру қиын емес. Б.Тоғ. ~ Той маңызы жеткілікті түсіндірілген болар. Оған тоқталмаспыз. Осы бір тарихи тойда оза шауып, ойнақтай орғып, бәйгі алған саңлақтарға бүгін жүлделерін тапсырмақпыз. С.Бег. ~ Редактор сөзін жалғастырды: — Қазір бәсекенің жетегінде кеттік қой. Бәрінің оза шапқысы келіп тұрады. Бір жағынан дұрыс та, тек даңғазалыққа ұрынбаса дейміз. М.Рам. ~ Сол сияқты оза шауып орлар менен у-шудан, Құз-қияның шатқалынан шапшаң шыққан тылсымнан, Жартастардың жотасы кеп құдық тіреп ұмсынған. М.Мақ. ~ Ал, Кенжехан ескі оқиғаны ұмытпапты. Бұл — онын әйел затынан алғаш беті қайтуы еді. Оза шапқан әйелге аты емес, өзі жете алмағандай көреді. Б.Тоғ. ~ Егер бүгінге дейін термин жасаған, шет тілдерден қабылдаған кейбір термин-атауларды ауыстыруға балама іздеуде Ісләм Жарлығапов, Мұзафар Әлімбаев, Әбдуәли Қарақұлов, Нұртас Оңдасынов сияқты біраз азаматтар ғана ат салысып келген болса, бүгінде бұл әрекет көпшілік қатысқан бұқаралық сипатқа ие болып отыр. Онда да оза шауып, оқырмандарына күн сайын ондаған «жаңа» сөздерін ұсынып жатқандар көбіне-көп журналистер қауымы. Ә Қайд.
