Posted in

ШЫРТ ҰЙҚЫ

Алаңсыз, қалың ұйқы. * Шоңайна бұл кезде өз үйінің, төрінде шырт ұйқыда еді. С.Мұқ. * Тайпақ, орындықтар қайқиып тұр. Барлық зат орнында. Бөтен ешкім жоқ. Ау, ендеше, түн ортасында шырт ұйқыдан оятқан мына дүкіл не? М.Қаб. * Шырт ұйқыға кеткен и адамдарын тағы да сырттағы айғай-шу оятты, орнынан шапшаң тұрып қару-жарағын әзірлеген батыр… Б.Жұм. ~ «Аэропортқа бір қызды шығарып салатын едім»,– деп қайдағы жоқ, өтірік сылтау айтып, тіпті жұрт шырт ұйқыда жатқан кезде, үйден шығып жүре береді. Тағы таң атқанша келмейді. І.Ес.

Posted in

ШЫРҚ АЙНАЛДЫ

* Әр жер-әр жерде жыбыр-жыбыр қыбырлап, кішкене-кішкене қарайғандар жүр. Көктем шаһарды шырқ айнала қоршап жатқан кең ойпаттың астын үстіне шығарыпты. Ә.Кек.

Posted in

ШЫРТТАЙ ҰЙҚЫДА

* Шағын ауылдың жұрты шырттай ұйқыда. Иттердің әупілдегені ғана қар басқан меңіреу аймақтың бірер сәт тыныштығын бұзғандай. Ш.Құм.

Posted in

ШЫРАЙЫН АШТЫ (КІРГІЗДІ, ШЫҒАРДЫ)

~ Бұл Шыңғысхан дәуірінде болса шындыққа жақындар еді. Ал Абылай заманында Буддизм мен Исламның ұқсастығы шығарма шырайын ашып тұрған жоқ. Ж.Шәк. ~ Босаға жақтағы кебеже үстінде түтіндеп, бұлындап жанған сықсима шам жарығы олардың ашық шырайын аша түскендей. Н.Сер.~ Ал роман-эссенің 1936 жылы түзетіліп толықтырылған басылымының көркемдік жағынан шырайын кіргізіп тұрған «Шоқай болыс», «Ашай», «Ықылас күйі», «Түркістанға асарда» деген тараулар 1927 жылғы бірінші басылымында жоқ. К.Ахм. ~ Сыр топырағының дәмі тіл үйірген жас өскіні — баланың басындай әңгелек, күләбі мен торлама, қызыл қауын мен баспалды, ғалымдар ойлап тапқан жаңа тұқым — мұзжарғыш кемедей үп-үшкір «торпедо» тізіліп, қауын базардың шырайын шығарып-ақ тұр. Қ.Жиен.

Posted in

ШЫРШУ ҚЫЛДЫ

~ Əзір арсыз болса да, Қасымның бетінен оты шықты. Қайтсін: бəрі де сақалды басымен мойын салып отырғансын… – Енді сүйт, шырағым! Келін, бала– шағаларды шыршу қыла бермей… – деген сияқты сөздер іліп ала жөнелді. Қасым жер шұқып отырып қалды. Ж.Айм. * – Енді сүйт, шырағым! Келін, бала-шағаларды шыршу қыла бермей… – деген сияқты сөздер іліп ала жөнелді. Қасым жер шұқып отырып қалды. Ж.Айм.

Posted in

ШЫРАЙЫН ШЫҒАРМАДЫ

~ «Соткасы» қапыда қоңырау шалса тамағына тас тұрып қалғандай тұтығып, әлек– шәлегі шығады. (Әйелі екендігі бірден белгілі). Сосын дереу «шаруаға» көшеді… Оның да шырайын шығармайды, шала– пұла. Қ.Жиен.