Posted in

ШАЙПАУ МІНЕЗ

~ Кеудесіне астамшылдық біткен келіншек "аһ" ұрып, жанары атысып, шайпау мінез шығарып, қосағына қысым көрсетіп: "Осының бәрі сенің тәрбиеңнен!.. Д.Дос. ~ Балзияның кермек тағдырына жете таныспын: Есжан -өкшелес жігіт, кем сөзді, жұқақол жалғызілікті-ді. Шайпау мінезді анасымен тұратын. Т-М.Ораш.

Posted in

ШАЙПАУ СӨЗ (ТІЛ, ТІЛДІ)

~ Перінің қызы, Бекторы, Шайпау сөзің қой, Торы! "Ер Төс." ~ Әй- әй, бас жаққа барыспалық. Не десең, о де – бәрін құп алам. Бірақ Күләрә туралы шайпау сөз айтпа! Ол періште ғой, періште… К.Хам. ~ Жұмыстан тыс спортпен айналысамыз»,— деп шыға келеді. Мен әзір олармен шайпау сөзге барыса қойғаным жоқ. М.Сүн. ~ Ұяттан беті өртеніп, салпы етек қатынның шайпау тілі жанына қамшыдай батып, иттей қорланды. С.Елу. ~ «Біздің мамашка ауылдың шайпау тілді надан кемпірлеріндей емес, тәртіпті, инабатты ғой, нағыз современный кемпір», деп біраз ақтала сөйлеп барып тоқтар еді. Ө.Ахм.

Posted in

ШАЙ КЕСІЛДІ

Шай сұйылып кетті, қызылы азайды. * Еркек шайдың қадірін білген бе? Қой, несін сұрайсың… Есіл шай кесілмеген күйі қалды да барды. М.Сүн.

Posted in

ШАЙ ҚАЙНАТЫМ (УАҚЫТ, МЕЗГІЛ, ЖЕР)

1. Қазақы өлшем, шай қайнатуғакететін уақыттай д.м. * Өткен іс қой, несін жасырайын, бораннан жол тауып жүре алмай, шай қайнатым уақытта сүмірейіп қайтып келмесі бар ма. Т.Әл. * «Үш қасқаның» екеуі Алақайдың екі жағына отырып алып, оны тырп еткізбеді. Ал, үшіншісі машинаның руліне отырып, шай қайнатым мезгіл ішінде Зиратсайға жеткізді. Ш.Мұрт. * Шай қайнатым болмай-ақ, жетіп келген дәрігерлер Ләйләні машиналарына мінгізе бере … Айнамкөз көзі қарауытып, табалдырыққа отыра кеткен. Қ.Мүб. 2. Атпен шай қайнағанша жететіндей қашықтық. * Олар аттарын жетелеп әкеліп ерттегенше, осы ауылдан шай қайнатым жерден жылқышыларға хабар жеткенше, бірталай уақыт өткен еді. Б.Тоғ.

Posted in

ШАЙДАЙ АШЫҚ

Төбеде титтей де бұл жоқ. * Неше күннен бері үдей соққан боран басылыпты. Аспан шайдай ашық. Қ.Жұмад. * Өлке жым-жырт, тым-тырыс. Құлақ шыңылы естілгендей. Шайдай ашық көк аспан төңкеріле жалтырайды. Ж. Ахмади.

Posted in

ШАБЫСТЫ ТҮЗЕДІ

* Жақын қылды алысты, Берсін кімге намысты. Күн төбеден аумай-ақ, Түзеді Бурыл шабысты. А.Байт. (Қ.Қ.Қ.) * Белес-белес бел көрді, Астында белдің ел көрді. Мұны көріп Бурыл ат, Қос құлағын қадады. Шабысын түзеп алады, Көздері оттай жанады. А.Байт. (Қ.Қ.Қ.)

Posted in

ШАБЫСТЫ ҮДЕТТІ

Қарқыны артты. * Үйрек, қаз көлшікті көрісімен дыбыр-дыбыр шабысты үдетіп, сол екпінмен тоспаға қойып кетті, есепсіз шаттықтан естері шығып, мұхиттар мен теңіздерде жүзіп жүргеннен қатты: «Қаһ! Құһ!», «Га-га!» деп шуласты. М.Қаб.

Posted in

ШАБЫСЫНАН ТАНБАДЫ

Қарқынын бәсеңдетпеді. ~ Бұдан кейін Тезек оны жұмбақ айтысқа тартады, онда да Бақаң бір жаңылмайды. Біресе өзін мақтатады, біресе жамандатады. Екеуінде де желаяқ жүйрік шабысынан бір танбайды. Б.Тоғ. ~ Түрікмен досы жүріске мықты, екі-үш күн бойы шабысынан бір танбайтын айғыр қашырын ерттеп дайындап қойды да, түннің бір мезгілін де Үстірт бағытындағы жолға шығарып салды. А.Өтег.

Posted in

ШАБЫТ ҚҰСЫ

* Даусы естіліп иттердің абалаған, Жүрегімді жұлмалап жаралаған. Шабыт құсым қайда әлгі… Қанатымен Көңілімнің әйнегін сабалаған. Р.Ниязб.