Біреуден аман-алып қалды. ~ Айт мұңыңды, — деді «төре». Іште жатқан шерді тасыған судай ағыттым. — Өз басым не болса да көндім. Әке–шешемді осы жауыздың тырнағынан құтқарсаң екен! — дедім. Б.Май. ~ Жан–жақтан жау қамап тұрған бейшара гарнизонды ажал тырнағынан құтқарып алу керек. Ә.Кек. ~ Жалғыз қызының тағдырына пышақ салып, өзі отқа итергендей болған Нұрбайдың қанында әкелік сезім қайта қайнап шыға беріп еді. Қалайда қайғы тырнағынан босатып алу үшін аянып қалған әке жоқ. Б.Мом.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТЫШҚАНҒА ДА ТОЙ БАР
Әркімнің де жолы болар күні бар д.м. ~ — Бүгін — мереке, өлгенде көрген мереке. Құрғақ заң екенін мен де білемін. Сондықтан да көз көрмес, құлақ естімес жерге ертіп әкелдім. Мә, ал! Тышқанға да той бар. Қағып жібер. М.Қаб.
ТЫРНАҚ (ТЫРНАҒЫН) САЛДЫ
Қастандық жасады, қиянат қылды. * "Саған да тырнағын салды- ау! Сені де аямады- ау, құлыным! Қаршадайыңнан қиянат көріп, зәбір шегіп, жас жаныңды жаралап алдың- ау, құлыным! " С.Смат.
ТЫРНАҚ АЛДЫ
Тұңғыш еңбегі; алғашқы жазғаны. ~ ~ Одан қаймығып жалтарған кезде бір сермеп еді, дәл тұмсықтан тиді шоқпар. Жығылып қайта тұрса да қасқыр одан әрі әлсірей берді. Жүйемелете тиген тал шоқпар жықты ақыры. Сарыбала атынан түсіп, көңілі көншіп тұрған кезде Сүйгембай жетті. Қанжығаң майлана берсін, шырақ! Қара жерде қасқыр соққан жүйрік боз жүгірісінен танбасын! Байладым, ата. Жақсы кездестіңіз. Тырнақ алдың ғой, байланбаймын. Сойып беріп тек құйрығын алам, бөкебай болсын. Ғ.Мұст. ~ Таңсықбай Боранбаевтың тырнақ алды еңбегі мәселе қоюдың тыңдығымен сүйсіндірсе, сауалының тым шымырлығы кексе көкейге секем алғызған. Д.Дос.* Өзінің тырнақ алды прозалық туындысын шағын повесть түрінде бастап отырғанын автор бір де минутке есінен шығармайды. Б.Соқ. * Бұл менің педагог — журналист ретінде тырнақ алды енбегім еді. Ғарекең мені ынталандыру ниетімен қаламақыны молдау етіп көтермелеп қойды. Б.Соқ.
ТЫНЫШТЫҚ ПА?
Суыт жүрген адамнан "Амандық па? Жәй жүрсің бе?" д.м. сұрау. ~ Қартың қазір бір бәйтерек мәуелі, Сексен емес, жүзіңнен де дәмелі. Сәлеміңе қайтаратын жауабы: — Тыныштық па? — деп сұрайды әуелі. Суыт жүрген кәріден де, жастан да, — Тыныштық па? — деп сұрайды сасқанда. Күн күркіреп, шатырласа найзағай, — Тыныштық па? — деп қарайды аспанға. М.Мақ.
ТЫРАБАЙ АСЫРДЫ
Тоңқлаң асырды, аяғын аспаннан келтірді. * – Тоқта, тоқтаңдар, түге! Тоқта деймін мен саған! – ашулы әмірге бағынбай өте бермек болған біреудің атын қасқа маңдайдан ұрып жіберіп тырабай асырды. Ғ.Біл. * Оның мақтан сүйгіш даңғойлығын дөп баса икемді пайдаланған Ерзада мақтаудан ат міндіріп, жақтаудан түйе жетелете отырып арт- артынан екі кесе көтертіп тырабай асырды да істің шын мәніне көшпек болған Ерекең Аймауытқа шұқшиды. Ж.Шаһ.
ТЫНЫШТЫҚТАН АЙРЫЛДЫ
Мазасы кетті; әбігерге түсті. * Бірақ соңғы күндерде Қауғабаевтың ұйқысы бұзылып, тыныштықтан айрылған. Қарадан-қарап жүріп әлекке түседі. О.Сәрс.
ТЫРАҢ АСТЫ (ЕТТІ)
Ұшып түсті, тоңқалаң асты. ~ Тіпті кейбірі үстіндегі жүктің тепе-теңдігін сақтай алмай тыраң асып құлап та жатты. АҚ. "Арпалыспен…" ~ Бақаны бір ұрады, қамшы тимейді, екі ұрады – тимейді. Үшіншіде барып тиіп, тыраң асады. Өлген бақаны тұмағымен бүркейді де, әулиенің келуін күтеді. БС. "Қаз.ерт." ~ Тыраң етудің орнына аң омақаса құлап барып әлденеше рет домалап, он-он бес саржан жерге тірсекпен серпіп жанталасты. Бұл қол дірілінен. Х.Ес. ~ Шайтанға керегі шатақ, тобығыңнан қағып қалса бітті, сүрініп барып тыраң ете түсесің — одан соң не болғанын, қалай, неліктен болғанын анықтап көр. М.Серв.
ТЫНЫШЫ КЕТТІ
Мазасыздана бастады. * Анда-санда есінеп алып «ой, алла…» деп күбірлеп те қояды. Зиратқа таяған сайын тынышы кете бастады. Ж.Самит.
ТЫРАПАЙ АСТЫ
Есін жимай құлап түсті; тоңқалаң асты; аяғы аспаннан келді. ~ Оның алдында қолдарында құманы, орамалы жалаң қағып, екі-үш қатын жүр. Дәуде болса, Әлімбайдың кемпірі тырапай асқан болар. Ж.Айм. ~ Өстіп жүргенде, қалай екенін тағы ешкім білмейді, жер шарын тітіретіп, жарты әлемді табанына басып тұрған советтік жойқын мемлекетіміз тырапай асып құлады. М.Мағ. ~ Сенбейтіндері – шалдары. Олар менің қулығыма құрық бойлатамыз деп жүріп ертең тырапай асады да, сенгіш жастары қалады. Ғ.Қаб. ~… білек сыбана Отанға қызмет етейік деп құлшынып жүргенде, Совет үкіметі бар болғыр, бұршақ ұрған көтерем тоқтыдай, бір-ақ күнде тыраң етіп тырапай асқаны Құдай атып! Т.Сәу. ~ Батыр тартқан жебенің кері серпіген тепкісінен Тайбурыл теңселіп кетті, жай оғындай жарқыраған қызыл жебе арқардың жүрегін көктей өтіп, жеті қат жер астына сіңіп жоғалды. Арқар тырапай асты. М.Қаб.
