Жүрегі сыздады, шошынды, * Сарнау, зарлаудан құлағы керең боп, тұлабойы түршіккен Асқар, жыртылуға жақындаған шыдамын әрең төздіріп, өзін өзі зорлап, не қылғанмен зікірді көргісі келді. С.Мұқ. * Әлдекім Әмірші туралы бірдеңе айта қалса, тура көк желкесінен кеп жебе қадала кеткендей, тұла бойы дүр түршігіп, қара шашақты найзаларын көкке шаншып, сақшылар қоршап тұрған медресе жаққа жалт қарайтын. Ә.Кек. * Іргедегі ағаштың басынан тұла-бойды түршіктіре сұңқылдаған байғыздың жылауын жамандыққа жорып, онсыз да жетіспеген тағдырларын қорығандай ұлы сыртқа шығып, құсты үркітеді. З.Төлеу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТҰМСЫҒЫ ЖЕР ТІРЕП, ТӨБЕСІ КӨК ТІРЕДІ
Өте үлкен, зор. ~ Теңіз тұнығын лайлап, темір инесін тереңге шаншып, тұмсығы жер тіреп, төбесі көк тіреп тұрған кішігірім қалашықтай сансыз оты жыпырлаған зәулім бұрау қондырғы бой көтергелі су астынан маза кетті. Арс-гүрс, тарс-тұрс. Ү.Жәл.
ТҰЛА БОЙЫ ТҰНЫП ТҰР
Сан түрлі өнер иесі. * "Апырай, – деді Ақан іштей, – мына казак-орыстарың тек жамбасына салақтатып қылыш таққан әумесер, ұр да жық әпербақандар ма десем, тұла бойы тұнып тұрған өнерлі жұрт екен-ау… С.Жүн.
ТҰМСЫҒЫ ТАСҚА ТИДІ
Тығырыққа тірелді, * Әккі неміс мыс оқты боратып, үйді қайтарып аламын деп дамылсыз шабылады. Тұмсығы тасқа тигендей бірде кері тайқып, бірде өлігін баса көктеп ұмтылумен сілікпесі шығыпты. Д.Досж. ~ Оқыс селк етті. Қаңғалақтап жүріп қайдан шыққанын көргенде, қатты тіксінді. Тұмсығы тасқа тигендей шұғыл тежелді. Қайта тұрмас боп құдыққа құлаған жері! С.Нұғ. * Ақшолағы барда малы түгел, қорасы бүтін сияқты еді, енді міне, бір- ақ күнде ұрлықты кімнен көріп, кімге соқтығарын білмей, тұмсығы тасқа тиген кете балықтай дал болып келе жатқан жайы бар. К.Сег.
ТҰЛА БОЙЫ ТҰҢҒЫШЫ
Бірінші көрген перзенті. ~ Машина келгенше Байтас Амантайды сұрады. Амантай — Далабайдың тұла бойы тұңғышы. Жасы биыл 23 те. С.Мұқ. ~ Қораның үстінде баласы лақтырған шөпті жайғастырып жүр. Көзінің астымен ауық-ауық Әкімге қарап қояды. Кәдімгі жігіт бопты. Көкірегін удай ашытып, көзінен таса боп өскен тұла бойы тұңғышы. К.Қаз. ~ Менің қызметке алғаш шыққан кезім. Үлкен қалада оқып қайнаған дырдудың арасында жүрген басым ауылға келгенде жым-жырт бір дүниеге кіргендей болдым. Бір үйдің тұла бойы тұңғышы да, еркесі де өзіммін. Ж.Шәк. * Наурыздың аяғында тұла бойы тұңғышы аман-есен дүниеге келді. С.Досж. * Түс көрердің алдында бірер күн бұрын қызуы қатты көтеріліп, ауырып жатқан-ды. Көзі ілініп кеткен екен. Түсіне тұла бойы тұңғышы кіріпті. Ә.Нұрп.
ТҰМСЫҒЫМЕН ҚҰС ТІСТЕДІ
Пәрмені зор болды, кеудесіне нан пісті. * – Бұл кілемді, – деседі білетіндер, – тасы өрге домалап, жұлдызы оңынан туып, тұмсығымен құс тістеп, дәуірлеп тұрған шағында Абылай хан Бұхара – Шәріпке арнаулы кісілер жіберіп, ондағы түрікпен шеберлеріне түрлі түске бояған шым жібектен тоқытқан екен. С.Мұқ.
ТҰЛА БОЙЫ ШІМІРКЕНДІ
Бүкіл денесі тітіркенді. * Алыстан бір түйткіл елес береді. Оның не екенін түсінейін деп ойлана бастаса, тұла бойы шіміркеніп, жүрегі дүрсілдеп соғып кетеді. Жүрегі бар болғыр өзі сезінеді де, өзі безінеді. Ғ.Мүс. * Керімбек қазақшаға жүйрік тілмәштің жүректі жаншып, зәредей қадап айтқан аудармасын сәл қырындау отырған қалпында тапжылмай тыңдаса да, сұрақшы сөзінің уытына тұла бойы шіміркенді. Ж.Ахм.
ТҰМСЫҒЫН МҰЗҒА. ҚАНАТЫН ҚҰЗҒА СОҚТЫРДЫ
Небір қиыншылықты бастан кешірді. ~ – Балалар, өздерің білесіңдер, өткен тауық жылының тұмсығымызды мұзға, қанаты-мызды құзға соқтырғандай елге алабөтен нәубет болғанын. Біз: «Халіміз төмен, малымыз ақсүйек болды, астығымыз нашар шықты» деп жүрсек, қазақ жеріндегі, тіпті ішкі үлкен ел-дегі талайдың күйі бізден де төмен болғанға ұқсайды. К.Сег.
ТҰЛАН ТҰТТЫ
Қаһарын төкті, бұлқан-талқан болды. * Қыз бен жігіт те жоқ. Алдына түсіп кінәсын мойындаған Жігітек те жоқ. Жаңағы сөздің бәрі –"тіл емізу, қашыртқы салу." деп бағаланды. Содан соң-ақ Сүгір айғайды салып, от басын сабап, Бөкенші әруағын шақырып, тұлан тұтып кетті. "Мың көк аланы салдым намыс жолына. Шаштым, бердім қолыңа барымды! Тек, кегімді әпер мынадан!" деп жуан бай бүлікке кетті. М.Әу. * — Құр жамандау емес, жаулап масқара еткелі келген ғой! Ағасы мен жеңгесін «ит» дегеннен артық қандай жаулық болушы еді?~ деп, Қаражан тұлан тұтты. М.Әу. * Бұл қалай? Осының әділдік пе, шұнақ Құдай?!!» деп кейіп, тұлан тұтып талағы тарс жарылғанын көрсең! Т.Сәу. * – Дұрыс, – деді Қосымхан масайраған дауыспен езуі жайылып. – Құлға мен сияқты кандидат-сандидат жарай бермей ме, неге тұлан тұтып тыпырлағаныңды түсінбедім. Т.Сәу. * — Енді не қалды? Көки жүріп көңіл жұбатпасақ аң боп барамыз. Қазан — аяқтың мес бордақысы Мешелге дейін теке сасып кеттік деп тұлан тұтып жатқан жоқ па?! Қ.Ысқ. * Бірақ Термердің өңі бұзылып кетті, ызадан жарыла жаздаған, әйтсе де ауыз ашпады. Ал кешке бәрімізді жинап алған кезде тұлан тұтты. Дж. Сэл. * Кеш түсіпті. Әлгінде тұлан тұтқан табиғат жынынан айрылған бақсыдай тынышталған. Тек сыбырлап жаңбыр ғана құйып тұр. «Осыдан кейін түсік тастамаса… бұл да енді темір шығар…» С.Елу. * Ұрттарына құрт толтырып алғандай, ешкім бұған ләм-мим демеді. Тұрып, тұрып тұлан түте, бәйбіше ауылдың сырт жағындағы едәуір алшақтағы үйіне тартты. Ш.Құм. * Гүлия тіпті көзін де жұмған жоқ еді. Беті қарауытып, тұлан тұтқан судың бетінен өлімнің асығыс ағысын көргендей болды, көрсе де қорыққан жоқ. О.Бөк.
ТҰМСЫҒЫНАН ШАНШЫЛДЫ
Мұрнымен құлады, етпетінен түсті. ~ Тепеңдеп артта келе жатқан Жәмеш бәрін де көріп отырыпты. Өзеннің ортасына дейін омыраулап барған Мырзабектің аты бір шомбал тасқа тіреліп қалған маралға енді жете бергеңде тұмсығынан шаншыла жығылады. Д.Әш. ~ Тарс еткен мылтық дауысымен жарыса, Досжанның қатарында келе жатқан қара сұр атты жігіт, қардың үстіне далаң ете түсті. Марқаның астындағы атына оқ тиіп, тұмсығынан шаншылды. Т.Рыск.
