АҚЫЛЫ ШОЛАҚ

Ойлау қабылеті төмен, зердесіз, есалаң. ~ Кейде ақылы шолақтарға қамшыжұмсамай-ақ‚ майда тiлмен асты-үстiне түсiп, оларды дегенiне көндiретiн. Б.Алд. ~ Өйткенi, ақылы шолақтықтан түзiлiп, ақымақтықтан туындайтын тосын жұмбақтарды шешу жұмыр басты пенденiң қолынан келмейтұғын харекет. Ж.Шағ. ~ Қасапшының итіндей жалақ қағады. Мінезі жеңіл, ақылы шолақтығы андағайлап-ақ тұр. Т.Рыс.

АҚЫЛЫ ШОЛАҚ Read More

АҚЫЛЫ АЙРАН, ОЙЫ ОЙРАН

Қатты абыржып, не істеп, не қоярын білмеді; есінен адасты. ~ Ол қазір өздерінің қай тұста екенін, құрлықтан алыста ма, жақында ма, теңізде ме, жоқ әлде дауыл оларды мұхитқа айдап әкетті ме — сол арасын ажырата алмай ақылы айран, ойы ойран болып отыр. Ш.Айт.

АҚЫЛЫ АЙРАН, ОЙЫ ОЙРАН Read More

АҚЫЛЫН АЙРАН ҚЫЛДЫ

Есінен адастырды. ~ Әз Тәукенің қартайып қалған інісі Қайып та, баласы Болат та ел басқаруға қабілеттері жетпейтін еді. Әсіресе Әз Тәукенің баласы Болат ел билемек түгел, өзінің отбасына әлі келмейтін жетесіз жуас, дарынсыз адам болды. Осыны біле тұра Болатты хан сайлағаны Назардың ақылын айран қылған болатын. Б.Әл.

АҚЫЛЫН АЙРАН ҚЫЛДЫ Read More

АҚЫЛЫ АСҚАН

Зейін-зердесі өзгеден асқан, озық ойлы, дана адам. ~ Кейін-кейін түсіндім: «Сұңғыла» деп өте көп білетін, ақылы асқан адамдарды да айтады екен. Бірақ олардың білімі адамзаттың игілігіне жараса игі. Әйтпесе, көбінесе адамзатқа тажал көрінеді. Ш.Мұр.~ Ұлы патша Сүлеймен деген өтіпті баяғыда, — деп бастайтын әжем әңгімесін. — Ақылы асқан, жер бетінде де, су астында да, аспан әлемінде де әділдігімен әйгілі екен. Патша барлық жан–жануардың, құрт–құмырсқа, бақа–шаянның, балықтың тілін біліпті. Б.Мом.

АҚЫЛЫ АСҚАН Read More

АҚЫЛЫНА АЙҒЫР САЛДЫ

Тереңірек ойланды; жағдайды дұрыс пайымдап, зерделеді. ~ «Жарайды» дей қоюға, Шыңғыс әрі «шылқы май» көретін орнын қимады, әрі «Есенейден қорқып кетіпті» деген атақты қорлық көрді. Бірақ «ақылына айғыр салып» байқаса, Құрымсының айтып отырғаны шындық. С.Мұқ.

АҚЫЛЫНА АЙҒЫР САЛДЫ Read More

АҚЫЛЫ АСҚАН, ҚАЙРАТЫ ТАСҚАН

~ Ерте–ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде қазақтың жұмақ елінде, жерұйық атты жерінде ақылы асқан, қайраты тасқан
бай болыпты. С.Дос. ~ Себебі қамшыгердің қамшысы атан түйе мен өгіздің өзін сеспей қатырады. Бұл – әбден машықтанған, қайраты тасыған адамның ғана қолынан келетін іс. Ж.Баб.

АҚЫЛЫ АСҚАН, ҚАЙРАТЫ ТАСҚАН Read More

АҚЫЛЫНА КӨРКІ САЙ

Сұлулығы мен парасаты, зейін-зердесі пара-пар. ~ … нағыз бес аспап дейтін тұз елінің әйелдеріне айтылатын мақтаудың бәріне Дәмелінің ісі сайма-сай. Ақылына өңі, көркі сай. С.Жүн.~ Рас, қызым сұлу еді. Сегіз қызды бұйым құрлы көрмей жүрген соң-ақ түсінікті ғой. Сары қыз дедім ғой. Сондай «светной» қыз еді. Ақылына көркі сай, сұңғақ бойлының нақ өзі. А.Нүс.

АҚЫЛЫНА КӨРКІ САЙ Read More

АҚЫЛЫ АУДЫ

Ақыл-есін жоғалтты. ~ Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды. Күні-түні шуласып, таласады, Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды. Абай. ~ Болған соң уәделi күн, жауын жауды, Судан iшкен жынды боп, ақылы ауды. Күнi–түнi шуласып, таласады, Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды. Абай. ~ Онда бар өлтіре ме деген қауіп, Жамал қорқып келеді ақылы ауып. Амалсыз шақырған соң келе жатыр, Бетіне ақ торғыннан перде жауып. «Ер Тарғ».

АҚЫЛЫ АУДЫ Read More