Көңілі шалқыды, масаттанды. ~ Әзиз-Сұлтанның көңілі шалқып, көзіне жас үйірілді: Табаны жерде, төбесі көкте. «Біз де еңсе көтерер ел екенбіз ғой!» деп тұр елжіреп. Т.Сәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТАБАНЫМЕН ШОҚ БАСҚАНДАЙ (БОЛДЫ)
Ыршып түсті. * Бәлемге жан керек екен. Табанымен шоқ басқандай екі-үш секіріп түсті де, ербиіп тұрып қалды. Қ.Ысқ. * Бабамыздың шоқ басқан табанымен, Бірдей екен жақсысы жаманымен. Қ.Мырза.
ТАБАНЫ ЖЕРДЕН АЖЫРАМАДЫ
Байланысын үзген жоқ. ~ Адам жерден жаратылған. Және Адам Адам болғалы оның табаны жерден ажырамаған. Мегаполистер Адамды жерден ажыратты. Жерден ажырау Адамды бақытынан ажыратты. С.Ел.
ТАБАНЫН ЖАЛАДЫ
Құлдыққа түсті, жағымпазданды, жалынышты күйге түсті. ~ Табынар Құдайыңды таба алмастан, Табанын жалай бердің әр күштінің. С.Қали. ~ Тілмашты айтамын да. Кулактың баласы екен ит неме. Соғыс кезінде фашистердің табанын жалапты. М.Қаб. ~ Есің дұрыс па?!. Көрінеу көзге біреуді жығып беріп көрген күнім құрысын!.. Өзі де табанын жалаған қу екен, майлы ішектей айландырып әкетіп барады. Қ.Ысқ. ~ Ел алдында асқақтап, аспандап кететін солардың патша чиновниктері алдында құрдай жорғалайтынын, табанын жалауға дайын тұратынын, арсыз намыссыздығын қатты мінейді. Т.Қож.
ТАБАНЫ ІЛІКТІ
Белгілі бір жерге, нүктеге жетті. * Далиып жатқан жалпақ жапанның танабын тарылтып, жолды кейін қарай шақырымдап лақтырып, стансаның бергі жағындағы қоңыр бұйратқа табаны тез ілікті. Б.Алд.
ТАБАНЫН ЖАЛТЫРАТТЫ
Тайып тұрды, жоғалды. ~ Саяси кеңестің кеңсе табалдырығынан аттай бере жиын жоқтығын көрген жерде-ақ маңайында торуылдап жүрген бір сұмдықтың ныспын сезіп, дереу табанын жалтырату керектігін біле қойды. Ғ.Біл. ~ Жұртты билеп- төстеп қалған адамның аузынан жарым ырыс шығып тұрғанда табанын жалтыратқаны абзал. Б.Қыд. ~ Табанын жалтыратып тайып бергеніне қарағанда оның бұған қайтып орала қоюы да неғайбыл-ау. М.Серв. ~ … азаттық алған бойда Дон Кихот өз кәсібіне қайта кірісіп, табанын жалтыратып тайып тұра ма деп қорқатынын айтты. М. Серв.
ТАБАНЫ КҮЙІП, ТАҢДАЙЫ ТИМЕГЕН СОҢ
Қиындық көріп, қасыреттің дәмін татпаған адамның біреуге жаны күймейді д.м. ~ «Біз қан төгіп, жаумен жағаласып жүргенде, бұл Бекең ауылдағы қыз- қырқынның қалың ортасында қаздай қалқып, үйректей жүзді емес пе» дейді әзіл- шыны аралас. Табаны күйіп, таңдайы тимеген соң біреудің зарын біреу қайдан ұқсын. Ә.Асқ.
ТАБАНЫН ЖЕРГЕ ТИГІЗБЕДІ
Жаяу жүргізбеді. ~ Аузынан пәлендей адамым бар еді, көмектесе ғой деп шықты бітті, табанын жергетигізбей ала жөнеуге әзір тұрғанын жақсы түсінді. Дегенмен сырын айтпады. Р.Рай. ~ Бастық та тыным таппас беймаза біреу. Біресе ана мекеме, біресе мына мекеме… құдай оны да зыр қақтырып, табанын жерге тигізбей қойған. Н.Сам. Құрмет көрсетіп, шашбауын көтерді. ~ Үй толы жастар бұны «жиен» деп, көтермелеп, табанын жергетигізбей, қолданқолға өткізіп, төрге шығарған. Ү.Жәл. Алдына салып дедектетіп айдады. ~ Көз алдына қаһарлы шұнақ құлақ қара шал елестеуі-ақ мұң екен, қосмұңлықтың табанын жерге тигізбей алдына сап, айдай жөнелді. С.Дос. ~ Енді, міне… жуынып жатқан тыр жалаңаш кісілердің арасынан табанын жерге тигізбей дедектетіп жетелеп әкеле жатқан ағасын атарға оғы жоқ. Ә.Нұрп.
ТАБАНЫ КҮРЕКТЕЙ
Тұтастай, бақандай, аттай д.м. ~ Бұл жолғасуды ол аңсап күткелі міне енді есептеп көрсе, табаны күректей отыз жыл болған екен. Ғ.Біл. ~ Елтайдан табаны күректей он жас үлкен болса да, әлі бала. М.Қаб. * Әр қыстауға бір соғып жиналыс ашып, жаңа өкіметтің саясатын түсіндіремін деп табаны күректей он күн жатты. Б.Тоғ. * Осы күймен, осы жосықпен айлар, жылдар өте берген. Сонымен, Жаманбай, Айшуақтың есігінде табаны күректей он жылды өт көріп, жиырманың бел ортасынан асып та кеткен. С.Ом. * Бұл жолғасуды ол аңсап күткелі міне енді есептеп көрсе, табаны күректей отыз жыл болған екен. Ғ.Біл. * Адамша бел шешіп жатпағанымызға, адамша беті — қол жумағанымызға табаны күректей бір жеті. Б.Соқ.
ТАБАНЫН САУДЫ
Жаяу қалды, жүре алмай қалды. ~ Прокуратура ызметкерлеріне қалған екі ат жетпейтін болды. Өйткені бірі жексе бірі табанын сауып қала берді. Прокуратура қызметкерлері Сатайдың мазасын алып, қайта ат сатып алу керек деп қыңқылдап жүргенде бір ат тағы сатылып екі мың сом ақша қолға келді. Б.Қыд. * Ірің-жалқық кеулеген табан ақ сары тартады. Сонан соң ол емшектеніп әр жерінен тесіледі. Әрине, оны сауып тастау, ағызып жіберу керек болады. Табаны жара адам жүре алмайтыны түсінікті. Міне, осы жерден келіп «табанынан сауып отыр» ұғымы шығады. Б.Қыд.
