Күдік септі, алаңдатты, үрейлендірді, шүбәландырды. ~ …жан-жағына алақ-жұлақ қарайды; бірақ бүкіл үйде бұның кеудесінде дүрс-дүрс соққан жүректен басқа сезік туғызғандай өзге дыбыс жоқ. Ә.Нұрп. ~ Мен Бетпақтың шегіне жеткізіп, өзінің бәсіресі кек жорғаны жетелеп қайттым. Әрине, ат мінгізіп, тай тіркеп жіберуге де болады, сезік тудырмайық дегеміз. М.Мағ. ~ Жұрт көзі түгіл, қамкөңіл кемпірінің секемшіл түйсігіне де сезік тудырмағанымен, санадағы сағыныш табы әредік бір бұлқынып қалып, осалдық білдіретін сияқты. С.См. ~ Қоралардың бәрінің де қақпасы жабық, тек ең шеткі біреуінің қақпасы ашық. Сол үңірейіп тұрған есік сезік шақырды да бұлар аттың басын тежеп жүрісті тез баяулатты. Із бұларды сол ашық қақпаға алып келді. Ә.Әб.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
СЕКСЕУІЛДІҢ БҰТАҒЫНДАЙ
Бас-аяғы араласып, асты үстіне түсіп, ұйпалаң-тұйпалаң болған, шатысып-батысып кеткен д.м. ~ …шидем күпісін айқара жамылып, Жаңабай жатыр… бір кездегі қою қарасы, етті қара көздерін басып, түнерген, жақ суалған, мұрын сорайған, селдір бурыл сақалы сексеуілдің бұтағындай, ұйқы– тұйқы қирап қалған. Ж.Айм. ~ Аман жүр, Барсхан, – Қамқа сексеуілдің бұтағындай қисық-қыңыр саусақтарын жайды. – Тәңіртауды ұмытпа. Тәңіртаудың басындай болмасаң да, бауырыңдағы тасыңдай бол! Ш.Мұр. ~ Калбиттерді түн ортасында әкелді, — деді ол темір тордың аржағында үйіліп жатқан, ешкімге бағынбайтын, сексеуілдің бұтағындай ербиіп кеткен жіңішке сирақтар мен жіңішке қолдарды көрсетіп. Ә.Тар. ~ Сексеуілдің бұтағындай тарбиған салалы саусақтары атқұлақтың түбіне шылп етіп, жабыса түсті. Б.Ыб.
СЕЗІКТІ ЖҮРІС (ЖҮРІСІ СЕЗІКТІ)
Жүріс-тұрысы күдік тудырады, адалдығына сенім жоқ д.м. ~ Екеуің, сірә, сырлас та шығарсындар. Сен маған шыныңды айт… Балжанның сезікті жүрісі жоқ па? Мен аң-таң болдым. «Сезікті жүрісі» қалай? Әуелгі сөзі «бір мықты жерге орналастырудың» жайы емес пе еді? Б.Тоғ. ~ Адам сырықтың дәл ортасында отырған қызыл қоразға жақындады. Жүрісі сезікті. Ш.Мұр.
СЕЗІКТІ КӨРІНДІ
Істеген ісі, жүріс тұрысы немесе сөйлеген сөзінде бір шикілік бар д.м. ~ Қоймұрат тұрып: – Оқуы ма? Өлеңі ме? – деп қарады. Баймұрат отағасыға «Бір кез, бір құлаш» тым сезікті көрінді, шыдай алмады. Күйіп кетті. Ж.Айм. ~ Ақбала. Бірдемені білген кісі сияқтанып жүрген бірен–саран кісі бар. Бәрінен де маған сезікті көрінетін Асан мен Матай. Әсіресе Асан! Соның құйқылжыған тұспалында бір нәрсені ішіне тығып жүрген жан сияқты. М.Әу. ~ Келіншек онша көрікті болмаса да көз тартатын сүйкімді екен, Текежан сезікті көрінбес үшін бірден артық қараған жоқ, тіпті оны көрмегендей, көрсе де, елемегендей болып күймеден керіле түсе бастады. Ә.Әб.
СЕЗІКТІ СЕКІРЕР
Кінәлі адам орынсыз сөзі, іс-әрекетімен қалайда өз айыбын әшкере қылады д.м. ~ Нұрша бұрынғыдан да жаман тұнжырап кетті. «Сезікті секірер» деген осы. Немесе қонақтың қашан оянғанын сұраған кім бар? Т.Әл. ~ Сіз, жолдас, қызбалақтамаңыз! "Сезікті секірер" Есіз неменеге шындықтың бетіне тура қараудан жалығасыз? Шындыққа жақындаған сайын шыжбалайсыз! С.Ел. ~ Е, менің жұмысым не сенің қарындасында. Оны кім айтты саған, десе ше? Қой, менікі сезікті секірердің кебі сияқтанар». М.Сүн.
СЕЗІМ БИЛЕДІ
Әлдебір сезімнің жетегінде кетті. ~ Сиқырлы күй оның ойын лезде өткен күннен осы күнге, осы күннен өткен күнге алып ұшады. Ертең оны не күтіп тұр – соған жетелейді. Сол кезде көңілін бір оқыс сезім билейді… Ш.Айт. ~ Осы сезімнің өзі оның көңілін едәуір марқайтып тастап еді. Бірақ нақ жүрер кезде оны басқаша бір сезім биледі. Т.Ахт. ~ Жеген еті мен ішкен қымызы бойға тарап, денесін кенет бір алуан қызу сезім билей жөнелсе де, «тоқалым, сенің көңіліңді соңынан табармын» деп далаға шыққан. І.Ес.
САЯТ ҚҰРДЫ
Аңшылықпен айналысты. * Сонымен он екі би ордада жата берді. Хан ұлы түздің құланы мен киігін құртпай қайтпайтындай самиян далада саят құрып жүре берді. Ә.Кек. * Ойы — орыс елшісімен мәмлесі көңілдегідей шығып жатса, мынау домалақ төбенің бауырайының бәрін жер ошаққа толтырып, төбесіне кілем жайып, күллі ұлыстың ауызынан ақ май ағызып, Маңтөбенің атын Майтөбеге аудару, жер түбінен келген шаруасы діттеген жерінен шығып, дені жайылған құрметті қонақпен айлап саят құрып, Аманкөлдің айдыны толы құсы мен жынысы толы қабанын атқызу. Ә.Кек.
СЕЗІМГЕ БӨЛЕНДІ
Әлдебір сезім бойын кернеді, жанын тебірентті. ~ Балқаш аға арақ құйғызбай қойды», деген жақсы хабар жеткізген еді, Борекең қуанып кетіп Балқаш туралы мақтанышты сезімге бөленді. Ғ.Біл. ~ Оқыған әрбір адам өзінше пікір түюі, бірі кемшілік дегенді екіншісі мүлде басқаша қабылдап, әрқилы сезімге бөленуі әбден ықтимал. Т.Сәу. ~ Әйтеуір, неде болса, жүрек құрғырды шымырлататын мақпалдай алақанының жанап өткені сияқты құпия сезімге бөленгені анық еді. Қ.Най. ~ Соны ойлағанда өзі бұрын бастан кешіріп көрмеген, атымен бейтаныс бір жаңа жұмбақ сезімге бөленеді. Ә.Кек.
СЕБІ ТИДІ
Пайдасы болды, көмегі тиді. * Әдебиеттің күшеюіне осы күнгі ақындардың үлкен себі әзір тиген жоқ. Тимегені белді, күшті ақын шығып, жазған өлеңінің бәрі маңызды болып, әдебиетке түр тауып бере алмай отыр. Бірінің 4, бірінің 5, бірінің 6 өлеңі ғана көңілдегідей болып шығады және Һәр ақынның беті Һәртүрлі. Ж.Айм. * − Ертеңіміз осы. Бәйге жариялап ек, облыс архитекторлары тез арада жасап берді. Қаланың бас архитекторы біздің жеткіншегіміз еді, сол кісінің себі тиді. М.Қаб. ~ Менің әкем мен Смағұл тәтем колхоз жұмысынан мойындары босаған соң жанбағысқа себі тиер дейді де, енді осыған жалданады. Б.Соқ. ~ Қайтайын десем көңілімде дық қалды: ол неге менің ауруымды сұраудың орнына бұл ауруханаға қалай түскенімді, кімдердің себі тигенін сұрай береді! Ә.Тар. ~ Зәуреш Ленинскіде жүргенінде, бірде хат арқылы Жомарт оған күнделік жаз деп кеңес берген. «Орысша жаз. Тілді жақсы меңгеруіңе себі тиеді. Ә.Әл.
СЕЗІМДІ СЕЛТ ЕТКІЗДІ
~ Мақал-мәтелдер сол себепті де сезімді селт еткізіп, ақыл-ойға сәуле шашады. Ө.Айт.
