Posted in

САФ КҮМІСТЕЙ (АЛТЫНДАЙ)

Тап-таза, мөлдір; кіршіксіз. * Жып-жылы түн маужырап, Көтерілген жерден бу. Саф күмістей жарқырап, Тыныш жатқан тұнық су. М.Жұм. * Жарысып саф күмістей ақ көбігің, Мап-майда мөлдіріңде қалқыған көл. М.Жұм. * Сондықтан да мыңдаған жылдар бойы саф алтындай сараланған дұға сөзі тірілердің өліге айтатын ең ақырғы сөздерінің ішіндегі ең соңғы сөзі. Салт солай. Ш.Айт. * Сол қадірлі, қымбат күйінде қалады. Ендеше Меңтай сол саф алтын сияқты. Сен алтынға тиген арам қолсың ғой. Ә.Нұрш.

Posted in

САХАРАНЫҢ САРЫ ЖЕЛІ

Толассыз соққан қатты жел. ~ Бірақ, өмірімнің рақатынан азабы, қуанышымнан қасіретім мол болды. Қазір ойласам, соның бәрі көрген түс сияқты. Төгіп өткен өткінші ме? Соғып өткен сахараның сары желі ме бұл өмір? Т.Рыск.

Posted in

САХНАҒА ШЫҚТЫ

Қойылған спектакль не басқа өнер туындысы туралы. ~ Қолына ұстаған домбырасын әнге келтірешертпегенмен, құлақ, күйін тартқан болып Тұрар да құйқылжыта жөнелді. Ел аузындағы аңыз-айтыс дастаны болып келген БіржанСара айтысы тұңғыш сайланып сахнаға шықты. С.Бег. ~ Алайда, үлкен талант иесі сахнадан түспейтін салиқалы туынды бергені бәрімізге мәлім. «Майра» пьесасы сахнаға шыққалы көп жылдар өтсе де, әлі көрермендер құрметіне бөленуде. С.Дәу. Сахна төріне аяқ басты, өнер көрсетті. ~ Бірақ залдағы қалың жұрт қызық көріп, «қатыссын, қатыссын!»деп дүрсе қоя берді. Көпшіліктің тілегі орындалып, Иса тездете басып сахнаға шықты. А.Жақс. ~ Бұл уақыттың ішінде Сәкен туралы талай әңгіме естіді. Соның бірі: Сәкеннің өлеңі, әні, домбырасы. Жастар клубта Сәкеннің жырын жырлап, әнін шырқайды екен. Сәкеннің өзі кейде сахнаға шығады екен. Т.Әл. ~ — …Жұрттың көсемді ішінен тынып күткені, ол сахнаға шыға келгенде бүтін залдың ду қол ұрғаны, көз құйрығы күлімсірей түсіп, «болды» дегендей сұқ қолын шошайта қалып төмен сілтеп, қобалжыған жұртты кілт тоқтата қойғаны ауызбен айтып жеткізерлік зат емес. Х.Ес. ~ Өзгелерде несі бар, сахнаға шыққан сайын Шырынкүлдің жүрегі есебін тауып әйтеуір, бір дір ете түседі. Қ.Жиен. 3. Алдыңғы қатарға шығып, жұрттың назарын өзіне аударды. ~ Мейізгүл солай тайраңдап жүре тұрсын. Әке тепкенде басына қатты зақым тиіп, жарық дүниеге жылай алмай, үнсіз келген ұл бар емес пе еді, енді сахнаға сол шықсын, сол бала. Ә.Тар. ~ Бұл шыңды оралысымен оның тасасында тұрған, осы сияқты теңізге төнген екінші шың сахнаға шығады. Ол шыңның етегінде, теңіз ішінде үлкен жартас тұр. Мұны «Скала парус» деп атайды. М.Им.

Posted in

САЯ ТАПТЫ

Жаны жайланды, көңілі тынышталды, қуанышқа кенелді. ~ «Сорлы, Әбекем! — деді ол күйзеле күңіреніп, тұзаққа біржола түсіпсің ғой. Аңғал байғұс — ай… Баладан да, басқадан да айрылып, елден безіп, сая тапқан жеріңнің түрін қарашы. Апырым- ай, не деген бақытсыз едің?..» Т.Әбд. ~ Аздан соң Темір таяғын құшақтап мұңайған күйі кеудесін кере бір күрсініп алып, Бөлекбасқа жалт қарады. — Досым, қапалы жаным кішкене сая табар ма екен, сен көзімнің алдынан кете тұршы. Ә.Әб. ~ Алда-жалда барған жерінен сая тауып, аяғына нық тұрса — көкейінен кетпейтін хан тағының тақсіретін тартып, туғандарына деген кегі асқындай түсетін. Ә.Ыб. ~ Сонда жайқалған мынау жасыл белдер құлазымай, қол созым жерде орналасқан аудан еңбеккерлерінің сая табар мекені болар еді-ау. С.Ғабб. ~ Сілтідей тынып қалған тыныш маңы, Сәл ғана сая тауып тыныстады. Н.Айт.

Posted in

САУЫН БИЕ (СИЫР)

Сүті сауылатын мал. ~ Олардың төңірегіне жақындау жүретіндер қымызшылар мен сауын биелердің үйірлері ғана. К.Сег.~ Ұзыншақ дәліздің қарсы, теріскей беті — үш тошала, әрқайсы өзара жалғас екі бөлшек — жаңа төлге, сауын сыйырға лайықталған ауызғы жағынан соң ет, азық-түлік сақталатын түпкіргі жайы бар. М.Мағ. ~ Жездеміздің әкесі Меканайдың әкешешесіне бір сауын сиырын, өсіріп мал қылу үшін үш-төрт тұяқ ұсақ жандығын да берген дейді. К.Сег.

Posted in

САЯБЫР ТАПТЫ

Тыншыды; бәсеңдеді, толас тапты. ~ Диванға отырып, аз саябыр тапқан әйел, лезде буынын жинай бастады да, ширай түскен дене дәрменсіздігі енді жан жүйесінің босап жүре беруіне кезек берді. Х.Ес. * Әйтеуір жаңағы бір қара дүлей дауылдың өршімей, саябыр тапқанына, басылғанына шүкірлік етті. М.Сүн. * Жаман би елдің шетін жау етедінің керін келтіріп, бейбақ қазақ қайда барып ұшпаққа шыққалы жүрсің! — деп енді ғана сәл саябыр тауып басылыңқыраған секілденді. Ж.Ахм. ~ Мезгіл өлі қонадан ауған шақта екеуі саябыр тапты. Жабырқау түн бауырының ұйпа-тұйпа барағы жүнін одан сайын қоюлатқандай. Ә.Ыб.

Posted in

САУЫН САУДЫ

Біреудің малының сүтін пайдалануға алып, бақты. ~ Жігіттің күйін сұрама, Жұрттан сауын сауған соң.Малдың күйін сұрама, Қонысынан ауған соң. М.-М. ~ Еркекте ақыл қалмайды, Қонысынан ауған соң. Әйелде ақыл қалмайды, Біреуден сауын сауған соң. М.-М. ~ Онда Қодар өзі де, «тым құрыса, аққа тәуір болармыз, біреуден там-тұм сауын сауармыз» деп, елге ергенге қарсы болмаушы еді. М.Әу. ~ Ал Ақаң пәлендей нәрсе, болмаса мал аларсың деп атаған емес. Азын-аулақ, қолғабыс тигізгеніміз үшін жаз сауын сауып, қыс көлігін жегетініміз рас. Х.Ес. Малын сауды. ~ Жұрт батар күнмен таласып жүріп тоңы аршылған орындарға қамашаулап жаппаларынтікті. Малдарын байлап, сауын сауды. Түйеге артып келген тезек, отындарын жағып қазан көтерді. С.Ел.

Posted in

САЯБЫР ТАРТТЫ

Тынышталды, толастады, жаны жайланды. * Айтуы да жұрттан бөлек. Доспамбетті айтқанда, қабағын тастай түйіп төге жөнелсе, Асанқайғының толғаулары тұсында, ақ жүзін мұң шалатындай. Дауыс ырғағы да өзгеріп, шалқып аққан дарияның ағысындай, саябыр тартады. З.Шүк. ~ Орыс мәселесі дабылдай көтеріліп барып саябыр тартқанда, яғни ұтымды жұмыстың бар жемісі қоржынға түскен соң тараншы мәселесін көтеріп еді. М.Мағ. ~ Төмендегі шатқалдың табанында буырқанып сарылдап жататын асау өзен аспаннан салбырап басқан ауыр бұлттардан сескенгендей, біраз саябыр тартыпты. Б.Ыб. ~ Ұзақырақ ойланып кетсем керек, әлден уақтан кейін өзіме келгенде, шелектеп тұрған жаңбырдың сәл толастап, саябыр тартқанын аңдадым. С.Үс. ~ Көкке алып-ұшып, жұлқынып жатқан кеудесі тыншулы қылыпқа ауысып, саябыр тартқандай көрінді. П.Дүйс.

Posted in

САУЫН СҰРАДЫ

Сүтін сауып пайдалануға ауқатты үйден саулық мал сұрады. ~ Ағасы Мұса, «жетім қалған жалғыз қарындасымды жылатпаймын, еншісін берем» деп, Зейнепке әкесі Шорманнан қалған төрт түліктің бәрінен де үлес айдатқан «көшкенде көлігі» деп жиырма бес түйе, «кісіден сауын мен соғым сұрамасын» деп жүз шақты жылқы, «көгені де кем болмасын» деп бес жүздей қой берген. С.Мұқ.

Posted in

САЯБЫР ТАУЫП, САБАСЫНА ТҮСТІ

~ Кәмеш енді-енді өңіне кіріп өзіне келейін деді. Оның тосқан «сұмдығы» жоқтай көрініп, елең қаққан көңілі саябыр тауып, сабасына түскендей болды. С.Ғабб. ~ Осылайша басталған ең алғашқы шағын жиынымыз бірте-бірте саябыр тауып сабасына түсе бастады. Мен көпшілікке ризашылығымды білдірдім. С.Ғабб. саяз жүзді