~ Дариғаның әдеті, бірақ сәлден кейін күбірге ауысып, одан қыза келе бөгде кісі отырса да елемей, дауыстап кетеді. Мен бүйірінен шымшып алғанда бейкүнә кескінмен бетіме үрпие қарап, таңырқап қалады да содан кейін өз қылығы есіне түсіп, сыртқа сүйрей жөнеледі.Т.Ахт. ~ Оқта-текте бір ұшырасатын шағын ауылдар соңдарынан үрпие қарап шығарып салғаннан басқа еш қайран танытпайды. Ә.Кек.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮСТІНЕН АУЫР ЖҮК ТҮСКЕНДЕЙ БОЛДЫ
~ Құлындай ойнап жүрем. Сабақ басталар алдында жылап — еңіреп шешем келіп кетті. Көзі бұлаудай анамды аяғанмен, Мақпалдың үйден кеткеніне қуандым. Үстімнен ауыр жүк түскендей сезіндім. Н.Сер.
ҮРТІС ЖҮРІС
Үшеуі сол үртіс жүріспен бесіндіні де болдырды. С.Дос. Қатты, үртіс жүрістен бе, әлде көптен салт атқа мінбегендікіме, денелері салдырап, дізелері ұйып қапты. С.Дос.
ҮСТІНЕН БИТ ДОМАЛАП ТҮСКЕНДЕЙ
* Түнімен жортқанда түк ілінбегенін ойлады. Енді күндіз жүрмесе жөргем ілінер емес. Ол орнынан ерініп зорға тұрды. Керілді. Өзінше әдемі-ақ сияқты. Есік пен төрдей болып тұр. Үстінен бит домалап түскендей, жұнттай. Б.Қыд. Семіз. ~ Есік алдына жылай шыққан Күніш байдың байлаулы тұрған, үстінен бит домалап түскендей семіз ерттеулі торышасын көреді. Ол міне салып шаба жөнеледі. Б.Қыд. ~ Ол орнынан ерініп зорға тұрды. Керілді. Өзінше әдемі-ақ сияқты. Есік пен төрдей болып тұр. Үстінен бит домалап түскендей, жұнттай. Б.Қыд.
ҮСІК ҚОЛ
Сұқ саусақ. * Уықтың қарына шейін ұсталған кестелі шұға тұс киіз; алдында қызыл кардан кеседе сар қымыз, үсік қол мен ортан қолдың арасында қыстырулы (шылым) бопраз, қақ төрде Тұмарбай «төре» отыр. Ж.Айм. УКАЗАТЕЛЬНЫЙ ПАЛЕЦ
ҮСТІНЕН ЕР АЛМАДЫ
Ат үстінен түспеді. * Жүректің тарқап болмай түгел кегі, Үстіңнен ер алмаймын, Шабысыңды Көрсет сен, маған енді бәйгідегі!» С.Мұқ.
ҮРЕЙ БИЛЕДІ
Тосқауылға сену де қиын. Жиырма күннен бері шегініп келеміз. Жұрттың көбін үрей билеген. Т.Ахт. Ақыры кирелеңдеп барып орнынан түрегелді. Мені үрей билей бастады. Ұратын шығар. Ш.Мұрт.СТРАХ ОБУЯЛ
ҮРІП АУЫЗҒА САЛҒАНДАЙ
Көз қызықтырардай нәзік, сүйкімді, он екіде бір гүлі ашылмаған ерекше сүйкімділік, балғындық. ~ Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып тұр еді-ау! Ж.Айм. ~ Шұға десе Шұға. Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті-ақ еді… ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді. Б.Майл. ~ Келіншектің жанында бойшаң, бұрымы білектей, үріп ауызға салғандай бір қыз отыр. Қ.Найм. ~ Соның бірі бұрын мен көрмеген бейтаныс, үріп ауызға салғандай, көздері жайқалғандай, толықша ақсары келіншек. Б.Соқ.
ҮНІН ӨШІРДІ
Жанын алды, өлтірді. Теріс таңба секіріп барып, оның да үнін өшірді. Ғ.Мүс. Мас солдаттардың жатқан-жатқан жерінде үнін өшіріп, бір бүйір жатқан жардың етегіне көміп, жермен жерқылыр тастады. Ғ.Мүс.
ҮРЕЙ БУДЫ
~ Дәл қазір төртпақ дене зұлымдықтың ұясына, аранына ұқсап кетті. Қатираны үрей буды. Мақанның діні қатты, сесі мықты, әмірі жүрдек жазалауы жылдам екенін тәуір біледі. С.Смат.
