Posted in

ҮРГЕН ТОРСЫҚТАЙ

~ Жалаңаш әйелдің сұлуын адам көрмейді екен ғой! Еті уыздай аппақ, білектері, сандары оқтаудай жұп-жұмыр, мойны құйған шамдай, ақ етіне қара шашы салбырап, қос алмасы үрген торсықтай делдиіп тұрғанда, жұтып қойғың келеді екен! Ж.Айм.

Posted in

ҮРДІСКЕ АЙНАЛДЫ

* …ашаршылықта аштан өлген әкесіне ас беру, соғыс апатынан оралмаған ағасына мал шалып, садақа үлестіру үрдіске айналыпты … Д.Досж.

Posted in

ҮРІП (ҮРЛЕП) ІШІП, ШАЙҚАП ТӨКТІ

Өмірі молшылықта, тоқшылықта, рахатпен өтті. ~ Көбей – он жыл бірге оқыған, тай- құлындай тебісіп бірге өскен кластасы еді. Балалықтың қызығы мен шыжығын үріп ішіп, шайқап төгіскен үзеңгі досы еді. Ә.Асқ. ~ Әзима сауда техникумында оқиды, бір үйдің үріп ішіп, шайқап төккен үкілі қызы. М.Қаб. ~Үріп ішіп, шайқап төгетін байлықтың біздің басымыздан кетіп, өзгеге бұйырғаны болар, енді тек амандығымызды тілейік деп еді. О.Көш. ~ Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам деген сонда болған. Дегенмен үрлеп ішіп, шайқап төккен байлықтың сарқыт-сарқыншағын мен өз көзіммен көріп, өз қолыммен ұстадым. Ш.Мұр. ~ …жолы болғыш қынуырлы бір қуға тұрмысқа шығып, баяғының бай бәйбішесіндей үрлеп ішіп, шайқап төгіп жатты, пәтерінде не жоқтың бәрі бар, сол себепті де Соня оны көп күндейді. В.Расп.

Posted in

ҮРЕЙ БИЛЕДІ

Тосқауылға сену де қиын. Жиырма күннен бері шегініп келеміз. Жұрттың көбін үрей билеген. Т.Ахт. Ақыры кирелеңдеп барып орнынан түрегелді. Мені үрей билей бастады. Ұратын шығар. Ш.Мұрт.СТРАХ ОБУЯЛ

Posted in

ҮРІП АУЫЗҒА САЛҒАНДАЙ

Көз қызықтырардай нәзік, сүйкімді, он екіде бір гүлі ашылмаған ерекше сүйкімділік, балғындық. ~ Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып тұр еді-ау! Ж.Айм. ~ Шұға десе Шұға. Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті-ақ еді… ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді. Б.Майл. ~ Келіншектің жанында бойшаң, бұрымы білектей, үріп ауызға салғандай бір қыз отыр. Қ.Найм. ~ Соның бірі бұрын мен көрмеген бейтаныс, үріп ауызға салғандай, көздері жайқалғандай, толықша ақсары келіншек. Б.Соқ.

Posted in

ҮНІН ӨШІРДІ

Жанын алды, өлтірді. Теріс таңба секіріп барып, оның да үнін өшірді. Ғ.Мүс. Мас солдаттардың жатқан-жатқан жерінде үнін өшіріп, бір бүйір жатқан жардың етегіне көміп, жермен жерқылыр тастады. Ғ.Мүс.

Posted in

ҮРЕЙ БУДЫ

~ Дәл қазір төртпақ дене зұлымдықтың ұясына, аранына ұқсап кетті. Қатираны үрей буды. Мақанның діні қатты, сесі мықты, әмірі жүрдек жазалауы жылдам екенін тәуір біледі. С.Смат.

Posted in

ҮНІҢ ӨШКІР

~ Сырттан Қарагері пысқырды. Түн тыныштығының берекесін бек кетіріп, жылқышы құс ысқырды. Үнің өшкір, бір тұстан үкі "уһілеп" қоя берсін. К.Сег. ~ – Шық, Байкүрең, шық деймін әрмен! Қара басыңа көрінгір, мына қарғыс атқырға не болған, өшір үніңді, үнің өшкір! Ш.Ай.

Posted in

ҮРЕЙ КЕУЛЕДІ

~ …жаңа әзірге дейін ақылынан адастырып, дегбірін алған жеңсік, желіктен әп–сәтте дым қалмады. Оның орнын енді сұмдық үрей кеуледі. Н.Дәу. ~ Нәшекең кетісімен жүрегі қайтадан тарсылдап соға бастады. Кеудесін тағы да үрей кеуледі. К.Қаз.