Posted in

ҮНІН ӨШІРДІ

Жанын алды, өлтірді. Теріс таңба секіріп барып, оның да үнін өшірді. Ғ.Мүс. Мас солдаттардың жатқан-жатқан жерінде үнін өшіріп, бір бүйір жатқан жардың етегіне көміп, жермен жерқылыр тастады. Ғ.Мүс.

Posted in

ҮРЕЙ БУДЫ

~ Дәл қазір төртпақ дене зұлымдықтың ұясына, аранына ұқсап кетті. Қатираны үрей буды. Мақанның діні қатты, сесі мықты, әмірі жүрдек жазалауы жылдам екенін тәуір біледі. С.Смат.

Posted in

ҮНІҢ ӨШКІР

~ Сырттан Қарагері пысқырды. Түн тыныштығының берекесін бек кетіріп, жылқышы құс ысқырды. Үнің өшкір, бір тұстан үкі "уһілеп" қоя берсін. К.Сег. ~ – Шық, Байкүрең, шық деймін әрмен! Қара басыңа көрінгір, мына қарғыс атқырға не болған, өшір үніңді, үнің өшкір! Ш.Ай.

Posted in

ҮРЕЙ КЕУЛЕДІ

~ …жаңа әзірге дейін ақылынан адастырып, дегбірін алған жеңсік, желіктен әп–сәтте дым қалмады. Оның орнын енді сұмдық үрей кеуледі. Н.Дәу. ~ Нәшекең кетісімен жүрегі қайтадан тарсылдап соға бастады. Кеудесін тағы да үрей кеуледі. К.Қаз.

Posted in

ҮНСІЗ ҚАТЕР

* Мөлдіреген, сылдыраған, ауыр салмақпен сәндеп аққан сұлу Ертіс, бұл шақта қаншалық үнсіз қатер, жым-жырт жаманат, ауыр дерт таратып жатыр. М.Әу.

Posted in

ҮРЕЙ ҚАЛМАДЫ

~ Лауазымы барларда үрей қалмаған. Жел қай жағымнан есер екен дегендей жан-жағына жалтақ-жалтақ қараушылар көп. Кеше ғана сапырып ішіп, шайнамай асап, шалқақ басып жургендердің жүні жығылған. Б.Тоғ.

Posted in

ҮП ДЕГІЗДІ

~ Мұны кім айтқанын қайтесің. Кейін біле жатарсың. Осы қызды алуға келген күйеуіне де, алып қашамыз деп жатқан Сәметтерге де бұйыртпай, үп дегізейік. С.Ом.

Posted in

ҮРЕЙ ҚУДЫ

~ Ауызғы үйде ойнап отырған екі ұл бала «папа! » деп орындарынан ытқып- ытқып тұрған кезде Саттар «енді әкелерінің мойнына асылатын шығар» деп еді, жоқ, балалар үрей қуғандай ойыншықтарын сүйреймүйрей ішкі үйге қарай зытты. С.Елу.

Posted in

ҮП ЕТКЕН

Әлсіз, сезілер-сезілмес. ~ Сопы Аллаярды өзінше бір сарынға салып алып күжілдейтін дәл әкесі тәрізді Абайдың ызалы, шерлі өлеңдерін айтып бара жатыр… Уақыт тал түс. Күн төбеде. Үп еткен жел жоқ. Тымырсық ыстықта тым-тырағай шапқылап бір белестен сиырлар шыға келді. Ғ.Мұст. Желбауға ілінген шырағдан тілі «Маған да қарашы» дегендей үп еткен лепке ілесіп әр көлеңкені бір қозғап қояды. С.Әбікен. Қайта жаңа ғана үп еткен самалдай қызғана сезім-түйсігімен аялап тұрған қимасын жұлмалап әлдебір аждаһа жеп жатқандай шошына қорыққан. О.Бөк. … алабұртқан көңілі әр нәрседен секем алып, үлбіреген жүрегі мазасынан айрылған бойжеткеннен сұраңыз; қыстың ызғарынан жүрексінбей, бірақ үп еткен желден майыса жаздап … Ж.Шамұр. Құдай-ау, бар маңай тамылжып, алқап мүлгіген үнсіздіктің құшағында сілтідей тынып тұр. Үп еткен жел, сұрша теріскеннің басын тербер сәл екпін жоқ … Ж.Шағ. Күн найза бойы көтерілген, аспанда алақандай бұлт, үп еткен жел жоқ. Ғ.Мұст.

Posted in

ҮРЕЙІ ҰШТЫ

Зәресі қалмай қорықты. Халық үрейі ұшып, күбірлеп қана сөйлесіп, бірінің сөзін бірі бөліп: «Жау от қойған жоқ па?»— деп тақақтап,тыңдап тұрды. М.Жұмаб. Қолтығына қысқан бір қауым шүберегі бар: жөргек, жаялық, ит көйлек, малақай. Иіс сонан шығады екен дейді. Кемпірдің үрейі ұшады. Ж.Нәжім. Бұрын өлген адам көрмеген Егор үркердей үркіп‚ үрейі ұшты… А.Асқ.