~ Мұны кім айтқанын қайтесің. Кейін біле жатарсың. Осы қызды алуға келген күйеуіне де, алып қашамыз деп жатқан Сәметтерге де бұйыртпай, үп дегізейік. С.Ом.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮРЕЙ ҚУДЫ
~ Ауызғы үйде ойнап отырған екі ұл бала «папа! » деп орындарынан ытқып- ытқып тұрған кезде Саттар «енді әкелерінің мойнына асылатын шығар» деп еді, жоқ, балалар үрей қуғандай ойыншықтарын сүйреймүйрей ішкі үйге қарай зытты. С.Елу.
ҮП ЕТКЕН
Әлсіз, сезілер-сезілмес. ~ Сопы Аллаярды өзінше бір сарынға салып алып күжілдейтін дәл әкесі тәрізді Абайдың ызалы, шерлі өлеңдерін айтып бара жатыр… Уақыт тал түс. Күн төбеде. Үп еткен жел жоқ. Тымырсық ыстықта тым-тырағай шапқылап бір белестен сиырлар шыға келді. Ғ.Мұст. Желбауға ілінген шырағдан тілі «Маған да қарашы» дегендей үп еткен лепке ілесіп әр көлеңкені бір қозғап қояды. С.Әбікен. Қайта жаңа ғана үп еткен самалдай қызғана сезім-түйсігімен аялап тұрған қимасын жұлмалап әлдебір аждаһа жеп жатқандай шошына қорыққан. О.Бөк. … алабұртқан көңілі әр нәрседен секем алып, үлбіреген жүрегі мазасынан айрылған бойжеткеннен сұраңыз; қыстың ызғарынан жүрексінбей, бірақ үп еткен желден майыса жаздап … Ж.Шамұр. Құдай-ау, бар маңай тамылжып, алқап мүлгіген үнсіздіктің құшағында сілтідей тынып тұр. Үп еткен жел, сұрша теріскеннің басын тербер сәл екпін жоқ … Ж.Шағ. Күн найза бойы көтерілген, аспанда алақандай бұлт, үп еткен жел жоқ. Ғ.Мұст.
ҮРЕЙІ ҰШТЫ
Зәресі қалмай қорықты. Халық үрейі ұшып, күбірлеп қана сөйлесіп, бірінің сөзін бірі бөліп: «Жау от қойған жоқ па?»— деп тақақтап,тыңдап тұрды. М.Жұмаб. Қолтығына қысқан бір қауым шүберегі бар: жөргек, жаялық, ит көйлек, малақай. Иіс сонан шығады екен дейді. Кемпірдің үрейі ұшады. Ж.Нәжім. Бұрын өлген адам көрмеген Егор үркердей үркіп‚ үрейі ұшты… А.Асқ.
ҮП ЕТКЕН ЖЕЛ ЛЕБІ (ЖЕЛ, ЛЕБ) ЖОҚ (БІЛІНБЕЙДІ)
Ауа райының желсіз, тымырсық кезі. Тау мен сай жым-жырт. Үп еткен жел лебі де жоқ. М.Әу. Жігіттер қонақ кәдесін жасап ауыл сыртына шықты. Он төртінде туған ай сүттей жарық, түн маужыраптұр. Үп еткен жел лебі білінбейді. З.Шүк. Күн оқыс жылып кеткендей. Үп еткен жел жоқ. М.Мағау. Қыз жерден басын көтеріп жол жаққа көз тастады: етектен ұшар биікке дейін аш ішектей қырық бұралаиіріліп жатқан үлкен жолда иіріліп шаң ғана қалыпты, үп еткен жел де жоқ болса керек-ті. Қ.Ысқ. * Белден аса беріп алдымнан далалық кішкентай ғана айна көл көрдім. Шынында да айнадай. Өйткені үп еткен жел жоқ. Б.Қыд. Арбаны жол жиегіндегі күншуаққа қойып, Бахтияр орындыққа келіп отырды. Үп еткен леб жоқ, тымық. Т.Сәук.
ҮРЕЙІН ҰШЫРДЫ
* Оның «Қожанияз сатылып кетті», «Ма Жұңиың таяқ жеді» дегенінің де өзіндік мәні бар. Алғашында Қожанияз бен Ма Жұңиың бірігіп Жин Шурын үкіметінің үрейін ұшырған еді. Ж.Ш.
ҮПІСІ ҰШТЫ
~ Жарайды, расчеттарың туралы мен байға сөйлесейін!—деп телефонды ала бергенде, Мәмбет доверенныйды итеріп қалды да қанжарын суырып, алып, телефонды қырқып тастады. Доверенный қалшылдап, үпісі ұшып кетті. І.Жанс.
ҮРЕЙЛІ ТЫНЫШТЫҚ (ОРНАДЫ)
~ Любомирдің көңілі жарқ етті де, лып етіп басылды. Үйде де, айналада да үрейлі тыныштық орнады. Осы тыныштық жігіттің жүрегін қысты. Жоқ, босатты. М.Кәр.
ҮМІТ ҮЗДІ
Сенімінен айрылды, түңілді, күдерін үзді. Кешке қарай Есеней өз еліне жүріп кетті. Шыңғыстан біржола үміт үзіп, не көрсе де Керей-Уақ өз бетіменоңаша көрерін біліп кетті. Бірнеше күннен бері Шыңғысқа салмақ салып жатқан Тілеуімбет би орнынан да қозғалған жоқ… Ғ.Мүсіреп. Қанша қайрат қылғанымен түк өндіре алмаған Жүкең түске таяп өзі де үміт үзді. Ж.Самит.
ҮН ҚОСТЫ
Қосыла жырлады, әндетті, дыбыстады. ~ Мұң мен назы аралас Мұстапаның зарлы әні, жорғадай тайпалып,құйындай екпіндеген Жарылғаптың екілі «Алтыбасары» Дәрменді де қызықтырды, екілендірді, салған сайын оның асқардай асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алыптай еркін ащы айғайы аспанға құлаш сермеді, тау да, сай да, бұлақ та, тал да Дәрменге үн қосты. Ж.Айм. ~ Кенет көктеңбіл айғырдың, кісінеген даусы құлағыма жетті. Арқырай оқыранып, қайта кісінеді. Оған тағы бір ат үн қосты. М.Мағ. Ынтымақтастығын білдірді, қолдады. ~ Көктоғай ауданының халқына Шіңгіл ауданының елі үн қосып, Алтайөңірі дүр сілкінді. Ж.Шәди.
