* Абай апасына оншалық шешілмек емес. – Жар дегенім күйік салған бір жан да! Жар дегенді білмеушімең? – Білсем, жар деп кісі үй жолдасын айтат та! М.Әу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮЙІ СЫНЫҚ
Әйелі жоқ еркек туралы.
ҮЙ ІШІНЕН ҮЙ ТІКТІ
Бөлектенді, іргесін аулақ салды. * Байсалбайдың сырын тартып жүрмін. Ол: «Үй ішінен үй тігейік, сүйек жаңғыртайық» дейді. Ана Аманбайға Дәмешті сұрайды. М.Әу. * Ағайын атымен ел жинап, үй ішінен үй тігіп, топ құрау қолдан келмейді деп ойлайсың ба? Осы жауластық түбімізге талай жетпеп пе еді, айтшы, кәне… Т.Әбд. ~ .«Базардан қайтып келе жатқанда нем бар еді баланы тыңдап, бөлек шығам деп, енді жүрісім мынау үй ішінен үй тігіп, отыз жыл отасып сыралғы болған әйеліме қарсы кеп» — деп жаны күйзелді. С.Досж. ~ Енді қайтпекпін?! Атағы одақтан асқан есіл Арқарлы- ның шаңырағы ортасына түссе, отыз тоғыз ұлттың өкілі үй ішінен үй тігіп бөлек қос боп тарап жатса, не қайраным бар?! Ө.Кәр.
ҮЙІН БАЗАР, ТҮЗІН ТОЙ ҚЫЛДЫ
* … осы ауылды адам қатарына қосқан сол емес пе еді? Жоқтығына қарамай үйін — базар, түзін — той қылып, думан қылып отырудан босаушы ма еді. М.Әу.
ҮЙ КҮШІК
Үйден аттап шықпайтын, өресі от басы, ошақ қасынан әрі бармайтын адам. Сондай біреу болмаса, өзінен именетін ауыл-отан кісілерімен көсіліп сөйлесе ала ма? Үнемі ауыл-үйдің адамы кісіні жабыландырып, тынысыңды, өрісіңді тарылтып, қатынбасшы, үй күшік қып жібереді ғой. Ж.Айм. Ер бала деген үй күшік болмауы ке-рек, спортпен айналыс, биге бар, қыдыр деді. Т.Сәу. Олар ауылдан аттап шыққан пенде емес. Күлге аунаған тауықтай, үй күшік боп, бүкіл өмірін сол аумақта тыртыңдап жүріп өткізді. Т.Берд. Солардан бөлініп, үйкүшік боп ауылда қалуды ар көргенмен, Итбай үйіне байлаған жіп жіңішкеріп келсе де үзіле қоймай, Бүркітбай атқа міне алмаған еді. С.Мұқ.
ҮЙІР-АЙҚАС
~ Албан ішінде Қоңырбөрік аталатын Жұмахан, Шәріп дейтін ағайынды екі жігіт пен Жолдыбай үйір– айқас дәмдес болып жүрді. Т.Рыс. ~ … талай істі бүлдіретін де осы Қанатбек ақалақшы болатын. Енді оның Махсұтты оң жамбасқа алатын кезі келіп– ақ тұрған. Егіз — екі, үйір — айқас, ағайын ара жақындықты, мұздай суық ауыр ойға алмастырған. Т.Рыс.
ҮЙ КҮШІКТЕНДІ
Үйден шықпайтын болды. Ел үстіне Әз Тәукенің ынжық Болаты хан болып отырысымен жыл сайынғы Күлтөбеде өтетін диуаншақырылмай, мемлекеттің бұрынғы машықты қаракеті бая- шая болғалы Жомарт батыр тіпті үй күшіктеніп алған еді. С.Смат. — Майрашжан, айнам… Сен бір мезгіл қалаға шық, қыдыр, әлі тым жассың ғой. Үй күшіктеніп жатып алма.—деді. М.Сүн.
ҮЙІР АЙҚАСТЫҚ
~ Көлденең көз сұғынан таса іздеп, ақырында Шыңғыс сыртын ес тұтып ықтасын сезінген. Өнерлі жігіт, он саусағы іскер де, ісмер сұлу келіншек көрші-қолаңмен тез-ақ шығысып кетті. Үйір айқастық көпке жеткізді. Е.Зейіпхан
ҮЙ СЫРТЫНАН ҮЙ ТІКТІ
* Анау әлгі депутаттар да, ғалым, жазушыларың да, бизнесмен тағы кімдер… Шетінен үй сыртынан үй тігіп алған. Қазаққа тоқал қажет деп газит-мәзиттер жабыла жазып жатқаны анау. Н.Дәу.
ҮЙІР БОЛДЫ
Жақын тартты, араласты, айналшықтап, кетпей қойды. Машықтанды, құмартты, әдет қылды. … күні өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап дәулет қуып, дәурен іздеген, жалынықайтпаған жастарға үйір болған дұрыс. Ә.Кек. Рәуіш Қанаттың үй ішіне де әбден үйір болып алды. Ғ.Слан. Шешесінің жасына жетпей өлгеніне де, мұның ішімдікке мектепте жүріп-ақ үйір болғанына да, келіннің осыүйге келіп тұрмағанына да осы кінәлі екен. Н.Дәут.
