Мазасы кетті, тағатсызданды, үйде отыра алмады. Енді ауылда Ұлпан жалғыз қалып еді, жалғыз қалудың қандай ауырлығы барын жан-тәнімен сезінді. Жалғызадамның үйге сыймағаны жаман екен. Ғ.Мүс. Бұл күндері Ақбала үйге сыймады. Бір өзі жеке қалса болды, өзінің жалғыздығын сезеді. Ә.Нұрп. Зәуде бір арғын-қыпшақтың ауылын торып, бір үйір жылқы алып қайтса, үйге сыймай күпінеді… Бұрын заманбасқаша еді… З.Шүк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮЙІР ҚЫЛДЫ
1. Өзіне тартты, бауыр бастырды. Біздікі орыс законы жақсы: қатынды ұрмайды, (қолтықтағанды көрсетіп) былай ұстап жүреді, тиатрғаапарады, гуләит қылады… деп, Ақбілекті үйір қылам деп, теке көз көп сөйледі. Ж.Айм. Бейсембі. Әбділдәнің кісі алғыштығы, бауырына тартып, үйір қылып әкеткіштігі бар-ақ. М.Әу. Демесін (кейіп). Құдайдың құдіреті, сол итті үйір қылып… (Шығады.) Б.Майл. 2. Әуес қылды; дәндетті. Бірақ, ләззат — тұзды су. Ішкен сайын шөлдетеді. Бақыт құсы ұстатпайды. Алда шоқақтап қашады даотырады. Адам байғұс соны қуып әлек. Сананы әлсірететін ішімдікке үйір қылады. С.Елу. Қарақалпақ пен қазақты жауластырып қойып, қызығына қарайтын әдеттері емес пе?" Қазақтарды бойынаүйір қылмасын" деп сәлем айтқан. Енесейдің қырыққа шыққан кезі. З.Шүк.
ҮЗІГІН ТУЛАТТЫ
~ Астына ылғи жалын тізесіне төгілтіп қара ат мініп, үстіне жалтыраған қара шапан киіп, қара бұйра күйек сақалды жалтырата тарап, соңына бірінен-бірі өткен қара сүлік тазы ертіп, қара жалдың басына қара нөпір қолымен опыр-топыр боп шыға келгенде қазақ ұлыстарының ең кемі бір жыл үзігін тулатар қара дауыл көтерілгендей болар еді. Ә.Кек.
ҮЙДЕ ОТЫРДЫ
~ Біздің қоғамдағы парадоксқа қараңыз, екі ағамыз да (…) ұшан–теңіз біліммен соңғы жылдары үйде отырды. Жұмыссыз. Ж.Аяз. ~ Апам тұңғышын босанғасын әкем: «Балаңды бақ, үйде отыр» — деп жұмыстан шығарып алыпты. Ү.Жәл.
ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ (БАС ТАРТТЫ)
* Айналмайтын, қозғалмайтын бір жерден ұра қазып көміп таста, – деп кеңес береді Елемес. Өз қолына алудан үзілді-кесілді бас тартады. Ғ.Біләл
ҮЙДЕ ОТЫРЫП ТАҚЫМ ҚЫСТЫ
~ Баласы атқа шапса, үйде отырып тақымын қысатын, атқұмар дала қазақтарының делебесі қозып, алдарынан шаңдата шауып өткен жүйріктерге сүйсіне қарап, ата- бабаларының аруағын шақырып, орындарынан қопақтап көтеріліп қояды. Т.Рыск.
ҮЗІЛІП КЕТЕРДЕЙ
Нәзік, жіңішке. Жұмсақ сүлгімен өзі сүртіндірді, мұның үзіліп кетердей жіңішке белінен ер адамша қапсыра қаттықұшақтап, қара шаңыраққа өзі алып кетті. Ә.Тар. Шылбырды ұзын ғып ұстап, үзіліп кетердей кілт-кілт тартқан нағашысының әйелі тірсегі дірілдеп, белімайсқан қара есекті сүйреп барады. Қ.Түм. Қимылы майда болса да құлағындағы шұжық сырғасы жарасымдылықпен тербеліп, үзіліп кетердей болыпсәнмен ырғалады-ай. О.Бөк.
ҮЙДЕЙ БОЛЫП
Үп-үлкен боп, теңкиіп жатқан нәрсе туралы. — Құдай-ай, құдай-ай… Қасында үйдей болып теңкиіп, қара бет болғаным-ай… Сорлы басым сорлаған, әкесіне не деп айттым?.. Күнім-ай, ботам-ай, соншама түйсіз биіктен құларлықтай жаныңа не зор туды екен. Сенің табаныңа батқан шөңге, менің майдайыма қадалса болмай ма?.. Ә.Ыб.
ҮЗІЛІП КЕТТІ
Әйел сұп-суық, қаны қашқан ерінін баланың маңдайына тигізіп, бетін қолымен сипап, төңірегіне оғаш көзжүгірте тұла бойы дір етіп, шалқалай берді де… үзіліп кетті. Ч.Дикк. Мария кереуеттен шегіншектеп барып, тізесін бүгіп, ұлы күйшіге иіліп тәжім етті. Қыз түрегелген кезде,шал үзіліп кеткен екен. Паустов. Бұл сергектігі, тегі, оған азғана уақытқа ғажап қуат берген соңғы бой жасауы болса керек, өйткені сосын олкенет үзіліп кеткен-ді… Дост. (ауд. Н.Сызд.)
ҮЙДЕЙ ПӘЛЕДЕН ҮНДЕМЕЙ ҚҰТЫЛДЫ
– Тоқтат маймөңкелеген кереғарыңды, үйдей пәледен үндемей отырып құтыла алмаймыз. Ғ.Біләл
