Posted in

ҮДЕСІНЕ (ҮДЕСІНЕН) ШЫҚТЫ (ЖЕТТІ)

Ойындағысын іске асырды, орындады. Мария айтты: «Мен мұныңды ұға алмадым, Сырыңның үдесіне шыға алмадым. Танымасаң қалайшанекелендің, Сүймей тастап кеттің бе, неге алмадың?» Шәкәрім Енді міне диірменші қарттың мәслихатынан соң үлкен іске бел буды. Сол істің үдесіне шықпай тынбауғабекінді. Д.Досж. Шебер суретші ғана табиғаттың былайғы көз байқай бермейтін нәзік лирикалық әсерін ұстай алады. Менбүгін сол талап үдесінен шықтым ба деген ойдамын… Ә.Асқ. Көркеуде бейшаралар, мұнда отырғаның бар, отырмағаның бар, аяймын сендерді, өйткені сендер өздеріңөле-өлгенше түсіне алмайтын, үдесіне шыға алмайтын дауды соғып отырсыңдар. Ш.Айт. Біз іздеген оқу қайда бар, ол қандай оқу, бола қалған күнде де қара танып, сәлем хат жазуға әрең жетерлікбілімімізбен ондай оқудың үдесінен шыға аламыз ба … К.Сег. – Ау, неге алданасың, он беске келдің ғой, он бес кесектің астында қалғыр! Сені мен осы жұмыстыңүдесінен шығады деп жұмсадым ғой… Ш.Мұрт. Бір тірліктің басын ұстаған екесің, үдесіне жеткенің дұрыс қой… О.Сәрс.

Posted in

ҮЗДІК-СОЗДЫҚ

* Жайлаудан түсіп келе жатқан беттері. Көш үздік-создық шұбалаңқы болатын. Аяқасты айқай-шу күшейді де кетті. Бүйірден атты әскер келіп тиді дейсің. Бөдене басына, тұрымтай тұсына. К.Қазыб.

Posted in

ҮЗДІК ТУДЫ

Ерекше болып, асып туды. ~ Күнікей Құлагердің баласындай үздік туып, он үшке жетер-жетпесте бозбаланың көзін тартып, баласынбай «сөз айтуға» жарап қап еді. Ж.Айм.

Posted in

ҰЯТТАН КЕТТІ

Бізден де ұяттан кеткен, ардан безген арамзалар шығып, газет таратқан болып, ел ішіне әрекет шашқалыжүр. С.Сей. Нашарлар байларға сөз айта алмайтын болыпты. Болыстар, саудагерлер, молдалар әбден ұяттан, арданкетіпті. С.Сей.

Posted in

ҰЯТТЫ БІЛЕТІН АДАМ

Көшіңізге көмектесіп жүрген естияр серігіңіз Биғали бар ғой, екеуіңіз де жол жүрген, ұятты білетінадамсыздар, екеуіңіз селбесіп қамқорлық жасаңыздар! Ғ.Біл. Құдайдың бергеніне шүкіршілік, әзірше Боранқұлдың алыс-жақыннан келіп жатқан бала-шағалары тәртіпті,өнегелі, ұятты білетін адам болып жетілген секілденеді. Ғ.Біл.

Posted in

ҮЗЕҢГІ (ҮЗЕҢГІЛЕС) ДОС (ЖОЛДАС)

Талай жылдар мақсат-мүддесі ортақ болып, қатар жүрген жақын жандар. ~ Пәтшағардың түймедей көздерінде анау айтқандай жаулық жоқ, Қабекеңе күнде иық тіресіп, қатар жүрген жақсы жолдас, үзеңгілес досындай, әйтпесе шапқан шөбін айырласып жинасуға келген ауылдасындай жымиып қарайды. М.Қаб. ~ Көбей — он жыл бірге оқыған, тай- құлындай тебісіп бірге өскен кластасы еді. Балалықтың қызығы мен шыжығын үріп ішіп, шайқап төгіскен үзеңгі досы еді. Ә.Асқ. ~ Сонымен ақталған, орден, медаль алған Сүлейді ауыл советке төраға ғып сайлап кеп жібердік. Бұрынғы үзеңгілес жора-жолдастары жебепті деді ұзынқұлақ. М.Қаб. ~ Өз басым сол ақсақалдардың, үзеңгі жолдастардың, әріптестердің қадіріне жете алдым деп ойлаймын. Н.Нүсіпж.

Posted in

ҰЯТТЫ БОЛДЫ

Қыдыш. Ұятты болдық, ұятты, қор қылды Бұл елді. Бұзық ел, соны өзім әдейі сізге ауызба-ауыз айтайын депкелдім. Несін айтасыз? М.Әу. Мен енді ұйықтаймын. Балаңа не бол. Бізді ұйықтатып тастап, қашып кетіп, Төрежанның (Шыңғысты солайдейтін С. М.) алдында ұятты боп қалмайық. Өйтсе ол бала тірі болмайды. С.Мұқ. Бой жағынан бір кісіге есесін жібермейін Бекет аэропорт начальнигі орнынан тұрғанда иығына жете алмайұятты болып қалды. Қ.Ысқ.