Posted in

ҰРЫ КӨЗ

~ Екі иығына екі кісі мінгендей нық десе де, тізесінің төмен иіліп, сәл кібіртіктей басқаны ұры көзге шалынып қалады. Қ.Түм. ~ Бұған дейін үнемі сыпайы, оқыған, таза жанды, адал тілектегі жастар арасында болып келгендіктен, бір сәт өзіне сұқтана қараған ұры көзді, тікенек сақалды кісілерді көргенде Еркебұлан шошып кетті. І.Ес.

Posted in

ҰСАҚ ЖАНДЫҚ

Үй жануары, мал. Ұсақ жандықтың ашыққаны қандай жаман. Ұлардай шулап, бір- бірінің жүнін жеп, қырып барады. Ү.Жәл. Екі бала ілби басып қора жаққа беттеді. Қалқада қозы-лағы аралас оншақты ұсақ жандық жусап жатқан. Т.Сәу.

Posted in

ҰРЫ КҮДІК

Көңілде қылаң берген күмән. — Ізет оның жүзіне қорқасоқтай қарады. Сол сәтте кеуілінің біртүкпірінде: “Баяғыны ұмытпаған екен-ау”, —деген ұры күдік жылт ете қалды. Б.Алд. Ой — жүрдек күдік — болжамсыз. Ой қылаң бергенде, ұрымталдан ұры күдік сойыл сілтейді. Майсара тағыда ой иіріміне сүңгіді. С.Смат.

Posted in

ҰСАҚ СЕЗІМ

~ Қиялыма жаста алжасқан Сонда етсеңіз аяушылық, Сыйласаң да тым жастықты… Ал қазір не әкеп жықты Аяғыма? Қай балалық! Ес, жүрегің не дер мұны? Болуды ұсақ сезім құлы? І.Жанс. ~ «Мұның бәрі далбаса, Қайтер едің оған ақыл қонбаса. Қыз ұсақтап кетер ме еді, егер де, Ұсақ сезім жетегнде болмаса». М.Шах.

Posted in

ҰРЫ ҚОЛЫН ИТ ЖАЛАДЫ

~ Енді міне тағы да түк жоқ. Демек бұл ұры қолын ит жалағаны — ебі кеткені, Ендеше бұдан былай не істейтінімді ойлауым керек, Чемоданды лақтырып жібердім. Б.Қыд.

Posted in

ҰРЫ МЫСЫҚТАЙ

* "Адам деген жүректің ғана билігіне бағынады екен-ау! Алдамшы уақыт арамыздан ұры мысықтай жүгіріп өткенін қарашы! Бәрі де өзімнен… жіберген қателігім…". Т.Рыск.

Posted in

ҰСҚЫНЫҢ ҚҰРҒЫР

Әлдебір іс-қимылы келіспеген кісіге айтылатын жеңіл қарғыстың бір түрі. * Осындайдағы әдеттері бойынша, екеуі мысқылдап "ұсқының құрғыр, түге, жұртты шошытып, түсіне кірейін деп көрінемісің? Ана жаққа кет!" деп, қара лашықтарға қарай, сауындарға қарай айдап салатын. М.Әу. * Берекесін қашырдың, Ұсқының құрғыр, елдің-ай. Бір түйір намаз білмейсің, Сайтан сені жеңді ма-ай? Б.Жолбарысұлы.

Posted in

ҰРЫ НӨСЕР

* …Күз жаңбырлы басталды. Өліарада аспаннан қоныс таппай, оңды-солды андыздай жүрген бұлттар қоғамдаса келе үнтүнсіз сілбіреп тұрар ұры нөсерге ұласқан. О.Бөк.

Posted in

ҰСҚЫНЫҢА БОЛАЙЫН

— Сәрсеннен қорқып келмедің бе? Өтірік деші? — Ұсқыныңа болайын… Сүріңе қарасайшы онанда. М.Сүн. О, жүгірмек өңкей… Бар, үйге кіріп сүртін. Анау шашыңды тара… Сені де үлкен, қолқанатым деп жүрмін-ау.Ұсқыныңа болайын. М.Сүн.