Posted in

ҰРЫНАРҒА ҚАРА ТАППАДЫ

Тиісерге себеп, шатаққа сылтау іздеді; кімге тиісерін білмеді. Сол Айтжанын құтты жеріне қондырып, жалғыз өзі іші пысып, ұрынарға қара таба алмай жүргенде, мынахабар «Бозінгенге» құдайдың үйге айдап әкеп берген дәулетіндей көрінді. Ж.Айм. Ұрынарға қара таппай қағынып тұрған Боранқұл үшін бұл қағытпа таптырмайтын сылтау еді. — Шал болсам болармын. Ғ.Біл. ~ Осындай ұрынарға қара таппай жүргендер аз ғана қақтығыстың өзіне желігіп шыға келетіні де сондықтан. Б.Мом. Ұрынарға қара таппай келе жатқан қалың әскер аран қазғызы келген. Р.Отар. «Шынымен де бұлар мені қайдан білсін. Мал өткізіп келе жатқан анау зоотехник әлденеге наразы ма,ұрынарға қара таппаған қағынулы ғой, біртүрлі». Ж.Шаштай. Осы апамның күйігімен ұрынарға қара таппай жүргенімде, сенің Ғайып ханмен жауласатын, оған орай өнерсайысы болып жатыр деген құлағыма сап етіп тиісімен, апамның кеңесі есіме сап ете қалды. ҚЕ.

Posted in

ҰРЫ ИТТЕЙ (ИТШЕ)

~ Тотықты нәпсіге еріп ақ ниетім, Қарайды иман жүзді ақша бетім. Тіміскі ұры иттей түнде жортып, Он бес жас, бұлаңдаумен сен де кеттің. Шәңг. Бөкеев. ~ Ал, ауыл үйдің өсегі ұры иттей сұғанақ. Ертеңіне ошақ басына от алуға келген қатын әкетеді. Ә.Нұрп. ~ Ораза кезінде түні бойы көше кезіп, қай үйде кім ұйықтамай отыр, кім ауыз ашып, кім сәресі ішкелі жатыр деп, көрінген терезені сығалап, ұры иттей сумаңдап жүруші еді. Д.Әш. ~ Қай үйге барсын, танысын-танымасын ұры итше үй-ішін сыпыра тінтіп, дүние-мүккамалын түгелдеп, сұғын қадамай шықпаушы еді. Апырай, десеңізші?! Ж.Аяз.

Posted in

ҰРЫНҒА ШАБУ

Артық кету, асығыстық жасау. Жолдастары: — Ақбала қалай боп жүр?— дегенде: — Ақбала жүр. Ол өзі қиялшыл жігіт қой: болмайтын істі болдырам деп, кейде ұрынға шабатыны бар. Сөзді тәуір көреді, — деп жымиып қойған. Ж.Айм.

Posted in

ҰРЫ ИТТЕЙ СҮМЕҢДЕДІ

~ Жаманеркек бастыққа кіріп, жағдайын айтып шыққысы кеп бір тұрды. Тақап келіп тоқтады; «түннің ішінде ұры иттей сүмеңдеп нем бар осы. Үйге барып дамылдайын, таңсәріден бейнетке жегілемін» деп бұрылып жөнімен жүріп кетті… Д.Дос.

Posted in

ҰРЫНЫҢ АРТЫ ҚУЫС

Кінәлі адам өз-өзінен сезіктенеді д.м. Ұрының арты қуыс дегендей әйтеуір тегін емес екені оның бет – жүзінен — ақ беп-белгілі. Б.Соқп.* Бір сабақ біткен. Үзіліс. Үйінде жалғыз отырған Алтынға жетіп барғым келеді. «Ұрының арты қуыс» деген рас-ау, Жан — жағыма сезіктене жалтақтап қарап, әзер батып кірдім. Б.Соқ Қазан түн ортасында асылады. «Ұрының арты қуыс» деген. Ұры табылды дейді ол. Ұрлық ет болмаса күндізнеге асып жемейді? Ү.Жәл. – Шықашка-а! – деді дауысын соза назданып. – Соңғы кезде айнаға көп қарайтын боп кеттің. Сенде бірөзгеріс бар! Ұрының арты қуыс деген, Шықаңның арқа тұсын шым еткізіп аяз қарып өтті. Әйтсе де сыр білдірген жоқ. Т.Сәу. — Жұмыс көбейсін, бастық! Қасып сөйлейтін қыршаңқылығы жоқ еді, бүгін әбілет басты. Ұрының арты қуыс, бір айда керіктей кеудесі басылып-ақ қалған екен, даусы жалған шықты. М.Қаб. – Олай жалтарма сен, бәрібір қыруар малды артыңа тығып жайбарақат жата алмайсың, ұялған тек тұрмасдеп, бұлаң құйрыққа салғаныңнан түк өнбейді, ұры арты қуыс. Одан да ел болам, жұрт болам десең, ояз алдында бітімге келіп, малымызды қайтар! С.Жүн.

Posted in

ҰРЫ ИТТЕЙ СҰҒАНАҚ

~ Ел аралап қыдырып жүрген софыны бүгін-ертең келе қоймас деп ойлаған жігіт бұл ауылда тағы бір күнге ерулеп қалды. Ал, ауыл үйдің өсегі ұры иттей сұғанақ. І.Ес.

Posted in

ҰРЫП ӨЛТІРЕТІН АДАМ (КІСІ) ЖОҚ

Неткен ақымақ едім, өзіме де сол керек д.м. * Сонда да алдарына түсіп мөнтеңдегенім не соншама?! Әй, мені де ұрып өлтіретін адам жоқ… О.Сәрс. * Мені ұрып өлтіретін адам жоқ! Ұрып өлтіргісі келетіндер кектеніп жүрген болар, күйіп кетемін де, жүдә ұмытшақпын ғой! М.Шер. * – Кешір, Құлахмет! Қайдағы жоқ қысыр әңгімені қозғап нем бар еді, мені ұрып өлтіретін адам жоқ, – деді дірілдеп. Д.Иса. ~ «Бәрі… Бәрі өзімнен. Мені ұрып өлтіретін адам жоқ. Өзімнен. Шайтан базардың бірдеңеге ұрындырарын білмеп пе ем? Шайтан ұялаған жерде не жүрмейді. М.Сүн. * Осы жолға мені айдаған құдай ма, адам ба?.. Құдай да емес, адам да емес, шайтан түртіп, жоқ жерден кәсіп іздей қалған өзім! Мені ұрып өлтіретін кісі жоқ. С.Мұқ.

Posted in

ҰРЫ КЕППЕ

Өктем, зорлықшыл адам туралы. Бұл өзі Мұсабайдың қатыны еді. Аузы даладай боп кәртайып қалса да, «Бозінген» жаулығына кіржуытпайтын, мақтаншақ, ұры кеппелеу кісі болатын. Ж.Айм. Әскери коммунизм деген айтулы ұран бар. Ол ұранды кейде асыра сілтеп, ретсіз пайдаланушы ұры кеппелерде кездесіп қалады. С.Бег.

Posted in

ҰРЫС САЛДЫ

Жауға тиісті, соғыс ашты. Кейбір балшықты былш-былш кешкен дүлей жігіттер биік кесек дуалдың іргесінде жанталасып "ұрыссалды". О.Сәрс. Асығыс шегінген Жасағанбергеннің полкі сол жақ қанатын жалаңаштап кеткен соң бұлар күші басым жауғақарсылық көрсете алмай қаша ұрыс сап келе жатыр екен. Ә.Нұрп.

Posted in

ҰРЫ КЕППЕ ҚАУ БӨРІК

~ Барға береке, жоққа қанағат болар деп түбір сөз айтайын деп отырмын. Пәле басы барымта болса, ұры кеппе қау бөріктің алдын алар қақпаным да осы. С.Смат.