«Оңбаған! »—Зыр қағып жүрген Бақберген жер қатынастарынан келетін өкілдерді де сыртынан сыпыртыпбір боқтайды. Ұртын толтырып және боқтайды. Қ.Жиен. Кісіні қорлау қалай екен, «келімді- кетімді кісілерден ұялсаңшы» деп ұртын толтырып, көзін алартып бірікетеді. Екіншісі де соны қайталайды. Қ.Жиен. Тым-тырыс. Әрекідік әржер-әржерден тұншығып естілетін жартыкеш әуендер. Тірі адам суырылып алғашықпаған соң, тамада айызын қандырып ұртын толтырып бір боқтайды. Қ.Жиен.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҰРЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қылмысы көпке аян болды, әшкереленді. * Мұның бәрін әрине байқатпай істеуге тырысады, әйткенмен мүлдем сезілмей кететін қылмыс болмайды ғой, Қасымбектің де ұрлығы ашылды. Ж.Нәжім.
ҰРТЫНА ҚАН ТОЛДЫ
Ызаға булықты.~ Қарт орманшының ұртына қан толып қалыпты. Алдияр аттан секіріп түсіп, қарт орманшының қолын шешті. Ызаға булыққан қарт орманшы есеңгіреп жатқан месқарынның бірінің үстіне кеудесімен қарақұстай төне кетті. АҚ "Сексеуіл".
ҰРМА ТӨС
~ Күрескенді жығып, көкпар тартса, тақымынан көк серке сөгілмей шықпайтын. Талай ұрма төс, содырсотананың десін қайтарып, жалынын басып жүрген кезі еді. Т.Рыс.
ҰРШЫҚТАЙ АЙНАЛДЫ (ИІРІЛДІ)
Аскан ептілікпен қимылдады. * Адуын жігіттер ат үстінде ұршықтай айланып, гүрс-гүрс ұрысып, ыңқ-ыңқ тыныс алысады. Екі жақтан бірді-екілі жігіт аттарынан аударылып түсіп қалған. Бірінің басы жарылып, бірінің қолы сынғандар әр жерде қарауыта томпаяды. К.Сегізб. ~ Әй, істер-ау; пәленің қайсысы болса да қажылардан шығар-ау. Неткен қатал ит еді өзі. Азар болса, жас әйелдің аяғын ауыса басқан бір кезінің үстінен түскен шығар. І.Жан.
ҰРМАҒАНҒА ҚАРА ЖЕР!
*– Ұр! – деді Шоқан тайсалмай. – Ұрмағанға қара жер! – деді Шыңғыс. – Қайда барсаң сыймайтын болдың ғой сен!.. Аяқ басқан жерің – бүліншілік!.. С.Мұқ.
ҰРШЫҚТАЙ АЙНАЛДЫРДЫ (ҮЙІРДІ)
Алдап-сулап, айтқанына көндірді. Жігіт біткенді көзінің құйрығымен ұршықтай айналдырып қойған Лененің өнеріне қатындар сүйсінеді, қаттыұнатады, еркектер мұның арты қан болмай тарамас деп ішінен түршігеді. Ж.Айм. — Өй, қойшы. Мен онымен сөйлесті ғой дейсің бе? Тері — терсек жинап, ауылға келіп-кетіп жүретін. Әйімхандейтін жақын жеңгем бар еді. Шығаннан шыққан жылпос. Қайдан тапқанын, сопы тауып алыпты. Сол Әйімхан күндіз — түні басымды ұршықтай айналдырып, қалай тиіп қалғанымды өзім де білмеймін. Б.Соқп. ~ Осы мезгілде, баяғы атажұрттан көшкен босқын елдің жолында өлі ананың емшегін кергілеп еміп жатқан Жолдыбай жиырманың үстіндегі атпал азамат болған. Сол тентек бұл күндері ауыл жігіттерін ұршықтай үйіріп, иірімінен шығармайтын. Т.Рыс.
ҰРТ МІНЕЗ
Дөрекі, шәлкес мінез, нойыс, бір бет. Кешегі шотпақ қара, төбел таз, ұрт мінез күйеудің бұ жерде әп-әдемі, жібектей жатық жігіт бола қалғаны… Ж.Айм. — Сен күмпілдеме, ол ұрт мінез, жазым етіп жүрмесін. Ә.Шәр. Орысша семинария бітірген түгел қалаша киінген Тұрлыбек Есенейдей ұрт мінез, өр көкірек емес, заң шеңберінен шықпайтын, жегін аттай жортақы адам еді. Ғ.Мүсір. * Бүгін де көрдім, вокзал басында… Аянышты хал!.. Жігіт ұрт мінезді болса деуші едім. Сізде сондай мінез бар білем… Сізге жанымның ашығаны сонша! Ғ.Слан.
ҰРШЫҚТАЙ ДОМАЛАНДЫ
Анасы Күмісай ажарлы, орта бойлы ғана, ұршықтай домаланған етженді, ақ сары кісі. Қ.Ысқ.
ҰРТ СӨЗДІ (ТІЛДІ)
Ойына келгенін айтып салатын, шәлкес мінезді. * Қатипа бұрын бала көтермеген, сымбатты сұлу әйел екен. Қазір жылап, қазір күле салатын, тез иланғыш, жеңіл мінезді, ұрт сөзді, ақкөңіл кісі болып шықты. Ғ.Біл. * Ежелден ұрт тілді, қыңыр міңезді, жолдастарымен ылғи ерегесіп жүретін ол бұл жолы да кемшілігін құп алған жоқ. Е.Мұх.
