Айтқанға болмады, текетіресті, қырсықты. Анығында, көп заманнан бері партия бәлені өзі басқарып жүрген Оразбай бұрынғы болыстардың ырқынакөнбейтін. М.Әу. Осыдан соң Көксерек қатты долы, ызалы болып, сызданып алды. Ырқына көнбеген күшіктерді, жүріске ереалмаған қартаң қаншықтарды кейде бас салып талап та тастайды. М.Әу. … қарсы алдындағы бұдан былай ырқына көнбейтін қиқар жігіттің қатыгез жүзіне мелшие қалыпты. Ә.Кек.* Бірақ «қырсыққан жол» ол ырқына көнбей, «Бағланға ерте жетеміз» деп аттанған олар түнге ұрынып, қарындары мейлінше ашқан, сондықтан Шоқан түгіл өзі де таңсық көретін балықтан жей кетуге оның құлқы соға қалды. С.Мұқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЫРҚЫНА КӨНДІ
Біреудің айтқанымен, ыңғайымен жүріп-тұрды; ықпалында шыға алмады. * Қолының жұмсақ сыртымен көз жасын сүртіп, әтір иісі шыққан құлақ түбінен сүйді. Рәзия ырқына көніп, ақ білегін мойнына артты. М.Сүн. СИН: ЫРҚЫНАН ШЫҚПАДЫ; ЫРҚЫНДА (ЫРҚЫМЕН ) ЖҮРДІ. ПОД ВЛИЯНИЕМ (БЫТЬ)
ЫРҚЫНА КӨНДІРДІ
Ханым жан-жағынан анталай қараған көп жанардан қаймығып, қанша қымтанып бақса да, жан-жағынанжапатармағай созылған кәп қол бәрібір өз ырықтарына көндіретін. Алабұртқан албырт тәні жұп-жұмсақ аялы қолдар тигенде бір түрлі байыз тауып қалатын. Ә.К. Ұйқысыз өткен түн өз ырқына ақыры көндірді; қабағы ауыр тартып, көзі ілініп кете берді. М.Сүн.
ЫРҚЫНАН АЙРЫЛДЫ
Өзіне өзі ие бола алмай қалды. * Қайық қалағындай алақан қызуы өрімдей әйел тұла бойын қалтыратып жібергені сондай, ырқынан айрылғандай со сәт; ол да жай таппай, әлдебір сезімдер бойын кернеп, аш белден қыса, қалың қорысқа уыз өңді келіншекті тартқылай берген. «Қайным! Қой әрі» – десе де қылықты дауыспен мекірене, көнген… Ш.Құм.
ЫРҚЫНАН ШЫҚПАДЫ
СИН: (Біреудің) ЫРҚЫНДА (ЫРҚЫМЕН) ЖҮРДІ ПОД ГНЕТОМ
ЫҢҒАЙЫНА КӨШТІ (КӨНДІ)
Қарсы келмеді; айтқанын екі етпеді. Қазір ол ояздың ыңғайына көшіп, тез келісім іздей сөйлеп кетті. М.Әу. … қарауылдарға кеткен өшін қайтармаққа деген құлшынған құштарлықтан ба, Радзилевичтің ыңғайынакөшіп, мұның көп-көп кеңестерін бас шұлғып отырып қабыл алған. С.Жүн. Қонағасы тауып бермеуі мүмкін емес. Аба да сондай ұғымда еді, сондықтан «Хан-иесінің» ыңғайына көшіп. С.Мұқ. Асқар Қамзаның ыңғайына көніп, киім секілді бірдеңе төселген бұрышқа келгенде, жүрегі лоблып аяқтарықалтырай бастады. Т.Әбд. Ол, қымсына, әзілге сүйеп айтты ойын:- Өзіңді сыйлап, ыңғайына көнетін келін керек болды- ау, сірә? Т.Рыск.
ЫҢҒАЙЫНА ҚАРАДЫ
Көңілін аулады. Орталарында ақ жаулықты жалғыз әйел. Бәрі сол кісінің ыңғайына қарайтын сияқты. Б.Момыш. Бірақ Ыбырай көңілсіз жайды одан ары қазбалаған жоқ. Әңгімені бүгінгі құрметті қонақтың ыңғайына қарайбұрып әкетті. Қ.Жұм. Сен енді жуан қараның ыңғайына қарап отырып, бұндағы кісілердің қайсысы Әзімге жақтас, қайсысықарсылас екенін қателеспей айыра бастағансың-ды. Ә.Нұрп.
ЫҢҒАЙЫНА ҚАРАЙ
Жағдайға байланысты; ретіне орай. Тағы да талай кемшіліктері бар. Әрпіміз, әліппеміз ыңғайына қарай, хат танытуға дыбыс әдісін қолданыпжүрміз. Ж.Айм. Қазекең өз шаруасының ыңғайына қарай баласын бірнеше ай жұмысқа салады да, шаруасы бірыңғайланғансоң қайта жібереді. Ғ.Мүс. Бұл жақтан барғандар киіз үйлерін тігіп, күркелерін құрып, бөлектеу қонған. Бірақ, отырықшы елдіңыңғайына қарай бірден- бірге ауыса берді. Ү.Жәл. — Ертең он екі шамасында бір тракторды бірер сағатқа босат… Сосын төрт- бес жігітті сүйекшіге сайла. Басқа тілегіміз жоқ. — Ыңғайына қарай көрейік, — деді Солтан ерін ұшымен. Д.Әшім. Бірақ Ыбырай көңілсіз жайды одан ары қазбалаған жоқ. Әңгімені бүгінгі құрметті қонақтың ыңғайына қарайбұрып әкетті. Қ.Жұм.
ЫҢЫРШАҒЫ АЙНАЛҒАН
Әбден болдырып, шаршап-шалдыққан; арық, көтерем. Бекбергеннің бастауымен көп өзінің қаулысын шығарып, тиісті орындарына беріп отырды. Төртіншідегіыңыршағы айналған кедей біздің ауыл. Біздің ауылға өмірде шыр біткен емес. Б.Майл. Мал арық. Итеріп қалса, құлағалы тұрған, ыңыршағы айналған, кілең дерлік көтерем. Қыстан қысылып,жүдеп шықса, әлі көкке тойып қоңаймаса, арық болмай, қайтеді? Б.Соқ. Қоңыр сиыр жолдың жиегінде шөп шалып жүр. Ыңыршығы айналған кәрі мөшке, көшке жарамайтыны анықеді. З.Шүк.
ЫПЫНЫ КЕТТІ
Бұл көшу — көшу емес, көтергенді қолға алып үй-орман, жиған-тергенді айдалаға тастап босу еді. Ыпындары кеткен кәрі-құртаң, аш-жалаңаш бала-шағаның кеспірлері нашар. С.Елу. — Дәурен қатты ауырып қалыпты. Айтпады демесін деп звандап тұрмын, дейді. Сорлы бала, — депжайнап отырған Саттардың лезде ыпыны кетіп қалды. Қ.Түм.
