* Жап-жаңа ыржаң қаға күліп келе жатқан құрбысының кенет жын қаққандай өзгеріп, жылап қоя бергеніне таң қалмасқа Құмырсқада амал қалмаған. Ш.Құм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЫРҚЫНА ЖІБЕРМЕДІ
СИН: ЫРҚЫНА ҚОЙМАДЫ; ЫРҚЫНА ЖЫҚТЫ Уысында ұстады, бетімен кетірмеді, айтқанын істетті, дегеніне көндірді.
ЫРҚЫНА КӨНБЕДІ
Айтқанға болмады, текетіресті, қырсықты. Анығында, көп заманнан бері партия бәлені өзі басқарып жүрген Оразбай бұрынғы болыстардың ырқынакөнбейтін. М.Әу. Осыдан соң Көксерек қатты долы, ызалы болып, сызданып алды. Ырқына көнбеген күшіктерді, жүріске ереалмаған қартаң қаншықтарды кейде бас салып талап та тастайды. М.Әу. … қарсы алдындағы бұдан былай ырқына көнбейтін қиқар жігіттің қатыгез жүзіне мелшие қалыпты. Ә.Кек.* Бірақ «қырсыққан жол» ол ырқына көнбей, «Бағланға ерте жетеміз» деп аттанған олар түнге ұрынып, қарындары мейлінше ашқан, сондықтан Шоқан түгіл өзі де таңсық көретін балықтан жей кетуге оның құлқы соға қалды. С.Мұқ.
ЫҢҒАЙЫ (ОРНЫ, ЖӨНІ, РЕТІ) КЕЛГЕНДЕ
Сәті түскенде. Колхоз бастығының темір жәшігінен бірнеше «қара қағазды» көрген. Екі жылдан бері жатыр дейді кейбірі.Үмітін малданып жүрген бейшараларды аяп, ха¬барлауға ешкімнің батылы бармапты. Кейін бір ыңғайы келгенде көрерміз дейді. Т.Сәук. Зарина шошыған түр көрсетпейді. Күлімдеуі одан бетер сүйкімдене түседі. Және бір ыңғайы келгендесыбырлап: Сауық кештің соңынан азырақ қыдырайық, — дедім. Зағипа кешіге берді. Қалайша шықпас екен ә? Б.Соқп. ПРИ (УДОБНОМ) СЛУЧАЕ
ЫҢҒАЙЫ КЕЛІП ТҰР
Сәті түсіп тұр; орайы келіп тұр. * Осылай ыңғайы келіп тұрғанда, пайдаланып қалу керек. О.Сәрс.
ЫҢҒАЙЫН ТАППАДЫ
Әсет қиналып, нендей ақыл-кеңес айтардың ыңғайын таппады. Сонда да сыпайы сөзбен жебеді. Қ.Тол. Сиғаттың жұмсақ жымиысынан Бекет разылықтың да, наразылықтың да ыңғайын таппады. Қ.Ысқ.* Өзара қызыл кеңірдек болып, өңештері жыртылғанша айқайласып жатқан жұрт бұған көңіл бөлмеді. Залдан шығып кетудің де ыңғайын таппады. Ә.Тар.
ЫҢҒАЙЫН ТАПТЫ
* Ақберді қорасында ән құйқылжыған айлы түңі бұның тағдыры шешіліп еді. Тыныстауға тысқа шыққан бір сәтте бұл аңдып тұрып Сапарға ұшырасудың ыңғайын тапқан. Ә.Тар.
ЫҢҒАЙЫНА ЖҮРМЕДІ
Айтқанға көнбеді, өз еркімен кетті. * Өсер елдің жігіті бір-біріне дос келер, өшер елдің жігіті бір-біріне өш келер» деп… Боса да ыңғайыңа жүрмейтін болған соң, мұны қырық пышақ қылып қырылыстырайын деп отырмын. «Көдебай жүрген жер бүлік» деп өздері де айтыпты ғой, бүліктің әкесін енді керер… Б.Майл.
ЫНТЫҒЫН БАСА АЛМАЙДЫ
~ – Құдайдың құдіреті, ана бір жаман күйеуі осы келіннің ынтығын баса алмайды-ау деймін, тұлданып бұрқырайды да жүреді. Б.Май.
ЫҢҒАЙЫНА ЖЫҒЫЛДЫ (ҚҰЛАДЫ)
Айтқанына көне кетті; қарсы болмады. * — Жарайды, мен қарсы емеспін. Шындығында, сенің шетелдік атқосшыңның болатын уақыты әлдеқашан жетті емес пе? — деп ыңғайына жығылды. А.Смай. * Ойлай-ойлай шақша басым шарадай болып, ақыры мен Тотыгүлдің ыңғайына жығылдым, екеуіміз үйленетін болдық. Ә.Асқ. * Қиянат көрсе бір сәрі. Ешқайсының бұған өкпесі жоқ. Тек тақтан кеткен соң керегі болмай қалды. Жаңа қожайынның ыңғайына құлап жағыну үшін ғана ғайбаттап жатыр. Т.Сәу. * — Ел іші болған соң бір оқыс жағдай болады екен, өкініштісі сол жағдайдың біздің отбасына кездескенін қарашы, солай ма, әке?,- деп ұлкен ұл тағы әке ыңғайына жығыла кетті. С.Досж.
