Posted in

ЫҢҒАЙЫ (ОРНЫ, ЖӨНІ, РЕТІ) КЕЛГЕНДЕ

Сәті түскенде. Колхоз бастығының темір жәшігінен бірнеше «қара қағазды» көрген. Екі жылдан бері жатыр дейді кейбірі.Үмітін малданып жүрген бейшараларды аяп, ха¬барлауға ешкімнің батылы бармапты. Кейін бір ыңғайы келгенде көрерміз дейді. Т.Сәук. Зарина шошыған түр көрсетпейді. Күлімдеуі одан бетер сүйкімдене түседі. Және бір ыңғайы келгендесыбырлап: Сауық кештің соңынан азырақ қыдырайық, — дедім. Зағипа кешіге берді. Қалайша шықпас екен ә? Б.Соқп. ПРИ (УДОБНОМ) СЛУЧАЕ

Posted in

ЫҢҒАЙЫН ТАППАДЫ

Әсет қиналып, нендей ақыл-кеңес айтардың ыңғайын таппады. Сонда да сыпайы сөзбен жебеді. Қ.Тол. Сиғаттың жұмсақ жымиысынан Бекет разылықтың да, наразылықтың да ыңғайын таппады. Қ.Ысқ.* Өзара қызыл кеңірдек болып, өңештері жыртылғанша айқайласып жатқан жұрт бұған көңіл бөлмеді. Залдан шығып кетудің де ыңғайын таппады. Ә.Тар.

Posted in

ЫҢҒАЙЫН ТАПТЫ

* Ақберді қорасында ән құйқылжыған айлы түңі бұның тағдыры шешіліп еді. Тыныстауға тысқа шыққан бір сәтте бұл аңдып тұрып Сапарға ұшырасудың ыңғайын тапқан. Ә.Тар.

Posted in

ЫҢҒАЙЫНА ЖҮРМЕДІ

Айтқанға көнбеді, өз еркімен кетті. * Өсер елдің жігіті бір-біріне дос келер, өшер елдің жігіті бір-біріне өш келер» деп… Боса да ыңғайыңа жүрмейтін болған соң, мұны қырық пышақ қылып қырылыстырайын деп отырмын. «Көдебай жүрген жер бүлік» деп өздері де айтыпты ғой, бүліктің әкесін енді керер… Б.Майл.

Posted in

ЫҢҒАЙЫНА ЖЫҒЫЛДЫ (ҚҰЛАДЫ)

Айтқанына көне кетті; қарсы болмады. * — Жарайды, мен қарсы емеспін. Шындығында, сенің шетелдік атқосшыңның болатын уақыты әлдеқашан жетті емес пе? — деп ыңғайына жығылды. А.Смай. * Ойлай-ойлай шақша басым шарадай болып, ақыры мен Тотыгүлдің ыңғайына жығылдым, екеуіміз үйленетін болдық. Ә.Асқ. * Қиянат көрсе бір сәрі. Ешқайсының бұған өкпесі жоқ. Тек тақтан кеткен соң керегі болмай қалды. Жаңа қожайынның ыңғайына құлап жағыну үшін ғана ғайбаттап жатыр. Т.Сәу. * — Ел іші болған соң бір оқыс жағдай болады екен, өкініштісі сол жағдайдың біздің отбасына кездескенін қарашы, солай ма, әке?,- деп ұлкен ұл тағы әке ыңғайына жығыла кетті. С.Досж.

Posted in

ЫНТЫЗАР БОЛДЫ

Сондықтан сіз тәніне ынтызар болған, әуес әйелге оның «жанын сүйемін» деп айтасыз. Т.Әсем. Құнанбай балаларының білімін одан әрі жалғастыруға да ерекше ынтызар болды. Т.Жұрт. Қызыл сақаны Бураш көрді, көрді де ынтызар болды. Ә.Тар.

Posted in

ЫНТЫЗАР КӨҢІЛ

Онда бәрі- бәрі айқын, бедерлі әрі көркем көріністі, әсемсал сипатта еді. Сонда Қойшы осынау өлкенің барбітіміне аса ынтызар көңілмен сонырқайтын. О.Бөк. Іштегі сыр үні, іштегі ынтызар көңілдің рахат сәулесі мөлдіреді. С.Смат. Қалада өсіп, тіл сындырғанның бірі өзі еді, «білсем» деген ынтызар көңіл мен құмарлық, Адамға деген құрметқой бұған да қазанама оқытып қойған. Қ.Түм.