Posted in

МҰҢҒА БӨЛЕНДІ

Көңілі босады, уайымға салынды. ~ Несіне қашамын?– деді Алмагүл, − қазір жұрт бұрынғыдай созылған, не қайғы, мұңға бөленген әндерді сүймейді. Ал жастар қазақтың халық әндерін тіпті айтпайды. І.Ес. ~ Әлдебiр мұңға бөленiп жүрiп, аққа жарымаған жаман-жәутiк қозыларды емiзген болды. Қолы шаруа тындырғанымен қаңғалақтаған қиялы әлдеқайда едi. Ә.Ыб.

Posted in

МҰҢҒА БӨЛЕДІ

Көңіліне шер ұялады. ~ Мұндайда Дәуренбектің ожау домбырасынан күңіренген зарлы дыбыс шертіп барақтың ішін бір мұңға бөлейді. С.Бег. ~ Ту алыстан әлсiз жылтырап қана көрiнген жұмбақ оттар адамды нелiктен арбайды, табан асты жаныңд жұмбақ мұңға бөлейтiнi несi, мұны ешкiм түсiндiрiп бере алмас. Ж.Шағ. ~ Азаматы аузы-мұрнынан қан саулап жаяу жер соғып қалған мүсәпірлер аспан астын мұңға бөлеп, Қондыбайды екеулеп көтеріп үйге әкеледі. С.Бег.

Posted in

МҰҢҒА БАТТЫ

Уайымға салынды. ~ Жо– жоқ, Ардақ әлі қауашағын ашпаған балауса; айықпас ауыр мұңға батып, аза қылатындай панасыз емес, аюдай ақырған әкесі бар; кем– кетіксіз ғұмыр кешетін пенде жоқ; кең әлемнің кемтарлығы болмай тұрмайды… О.Бөк. ~ Жібек бір ауық мұңға батып, өзінің өткен өмірін Мәкен алдында еске алып еді. С.Ом. ~ Мұғалім ретінде олардың ортасына сұғына беруге ыңғайсызданатын Сербота алыста жүріп мұңға батады. Д.Ис.

МҰҢҒА БӨКТІ

Ауыр қайғыға салынды, кеудесіне уайым толды. ~ Ән – шежіре. Зер салып тыңдасаңыз, жол таба алмай қиналған, қамалған жұрттың сырын бағар едіңіз. Сол именшек сырдан ақ сәуле аңсаған пақыр көңілдің мұңға бөккен үмітін аңдар едіңіз. С.См.

Posted in

МҰҢ ШАЛДЫ

Жүзінде қайғы ізі пайда болды. ~ Доспамбетті айтқанда, қабағын тастай түйіп төге жөнелсе, Асанқайғының толғаулары тұсында, ақ жүзін мұң шалатындай. З.Шүк. ~ Менің күнім жақын, – дегенде Зибаның танадай көздерін мұнарлы мұң шалып, бір тамшы жас тотияйын сияқтанып көгеріп көрінді. Ш.Мұр. ~ Сол оқиғадан біраз бұрын: «Тәкен елге қайтатын болыпты, Жазушылар Одағына екінші хатшылыққа барады екен» деген әңгіме естігенбіз. Әрі қуандық, әрі қобалжыдық. Мәскеуде Тәкенсіз қалатын болдық-ау деп көңілді мұң шалды. Қ.Ысқ. ~ Жаңыл бұрылғанда байқады, қыз жүзін ай бетіндегі мұнардай бір мұң шалып тұр екен. Т.Ахт.

Posted in

МҰҢ ЕКЕН

  1. Әлдебір сөзді не істі күтіп тұрғандай, дәп сол сәтте д.м. ~ Сол-ақ мұң екен. Шет жайлап жүрген Көпбаев Суаз зоотехник те, жүгері жөніндегі агроном Мақтанов Көктал мен есеп қызметкері Әлімбетов Тоқтанай да өз ауылына қайтып оралды. С.Шайм. ~ Мен батамды бердім! – деп жар салуы мұң екен, қонтайшы атаулы батысқа – қазақ даласына, яғни, Сарыдаладан – Сарыарқаға дүлей құйын боп лап қойды. Т.Жұрт. ~ Гүлнаш шапанын жамылып, түзге отыруды сылтауратып, төбеден асты. Қасында Бадан. Төбеден асуы — ақ мұң екен, екеуі далақтап жүгіре жөнелді. Т.Әл. ~ Димаштың орындауындағы «Махаббат бер мағанды» тыңдауы мұң екен, Анита Карл өзіне «қалайда қазақша үйренуім керек! — деп шешеді. БАҚ ~ Көз алдына қаһарлы шұнақ құлақ қара шал елестеуі-ақ мұң екен, қос мұңлықтың табанын жерге тигізбей алдына caп, айдай жөнелді. С.Дос.

Аса қиын шаруа екен д.м. ~ Қысты күні саяжайға көмір түсіру бір мұң екен, құдай басқа салмасын… БАҚ. * Адам болып жаратылудың өзі таудай бақыт. Соны сезу мұң екен — ешбір бақытсыздыққа бұл дүниеден орын қалмайтын сияқты. Ш.Мұрт.

Posted in

МҰҢ БОЛДЫ

Қиынға соқты. ~ Былтыр жаңбыр аз жауып көктемей қалған өріс, оты қашқақтап, мал аузына ілігер көлденең шөп кезігуі мұң бола бастады. Е.Мұх. ~ Неменеме жетісем, сенен аспандағы Ай жақын қайда жүрсем де жүзін көре аламын. Ертеңнен бастап сені көру мұң болғалы тұр ғой! ,– деді Нұржан. С.Досж. ~ Ал Ғалия мен Гүлбаршынды… Бұл сөзді мен де айта алмай отырмын. Дәл кәзір аузымнан шығуының өзі мұң болып отыр. Бірақ амалым қанша. О.Көш.

Posted in

МҰҢ АЙТЫП, КҮЙІК ШАҚТЫ

Іштегі шерін төгіп, зар жылады. ~ Мұң айтып, күйiк шағу «сен менi елден асқан десең менiң кеудемдi осындай ыза, намыс дертi басқан. Жуан содырдың қамшы соққысы басқан!» дегендей. М.Әу.

Posted in

МҰҢ АЙТТЫ

Іштегі шерін тарқатты, қайғысын бөлісті. ~ Балалық жақындығы Қамқаның да өзіне мәлім — берік. Сол қайғы үстінде, күндегі бір-біріне мұң айту, күрсіне отырып зарларын шағу, екеуін әбден келін мен ата халінен кетіріп, ортақ қайғыдағы ене менен келіндей, немесе әке мен баладай жақындатқан. М.Әу. ~ Горгазбен құптасып болған соң, балалардың басына бір ой келді: – Папа, телевизор Москву ловит, а Алмату не ловит. Давай, телевизордың да кісісін шақырайық, – деген мұң айтты. О.Әуб. ~ Ханның басқа қатындары беттерін тырнап, ойбайларын салып: «Дүние салды арысым, Айдын көлім суалды. Ну орманым қуарды» деп боздап жатқанда, Тайдолла қанатына оқ тиген аққудай сыңсып, адамның есінен кетпес бір мұң айтқан. І.Ес.

Posted in

МҰҢ-ЗАРЫН (МҰҢЫН) ШЕРТТІ

Іштегі зарын жайып салды, қайғы-қасыретін баян етті. ~ Біздіңше, туынды тасқын салдарынан кенже баласынан айрылып, қайғы-қасірет шеккен Зейнеп байқұстың мұң-зарын шертеді. Ана жайлы киелі тақырыпты қозғайды. Ш.Елеу. ~ Мұңын шертіп ақтарылайын десе, айналасында ешкім жоқ, бір бөлмеде бір өзі, жалғыз адамдық бөлмеге жат жұртта қалғандай жатқызып қойғанын қарашы. Қ.Түм.

Posted in

МҰҢ-АҚ ЕКЕН…

Сол-ақ еді; дегенше болмады; соны күтіп тұрғандай д.м. ~ Сөйлейді тағы Дайыр жыламсырап: «Халім жоқ, міне алмаймын, дертім қатты». Атынан, бұл сөзді естіп, түсті Нәбек, Көтеріп мінгізді ерге сүйеп, демеп. Тиюі тізгін қолға мұң-ақ екен, Жөнелді, бір тебініп, Дәкең шу деп. А.Байт. * Осыдан бөтен жазатындарың бар ма? – Неге болмасын? Бар. Әркім әр түрлі жазады, – деуім мұң-ақ екен, бастырмалатып соға жөнелді. Ж.Айм. ~ Осыны ойлауым мұң-ақ екен, дүкеннің қасынан өтіп бара жатып, бір күйменің ағып кеп, тоқтай қалғаны! Н.Гог. ~ Жүрегін шарпыған қызғаныш Болтан марқұмды есіне алуы мұң екен, сап басылды. Ө.Кәр.