Posted in

РАҚЫМ ЕТТІ

Қайырымдылық танытты, аяушылық жасады. ~ Жер күңіреніп, жұрт шулап, Ағайын түгел жеткені-ай!Жамиғат тоңбай, күнжылып, Тәңірім рақым еткені-ай! Абай. ~ Батар күнмен батайын, Қалмақты мен де атайын. Рақым етсең, иә, Алла, Қу қалмақты өлтіріп Қызығына батайын. «Қыз Жібек». ~ Шынымен бұл халімді түймеймісің, Қор болғаным білінді, күймеймісің. Жүрегіңе тереңдеп ақылдасшы, Шыныңды айт, сүйемісің, сүймеймісің? Мен ғаріппын, бір рақым етпеймісің, Қор болып осылайша өт деймісің. М.Абай. ~ — Шырағым, Бағадайжан, ел өзіңдікі, жер өзіңдікі, мына балалардың дауысы сай-сүйегімізді сырқыратты. Осы да жетер, енді рақым ет, босат шырағым, — деді. С.Бег.

РАҚЫМ АЙЛАДЫ

Жүрегі жылыды, мейірі түсті. ~ Наз етіп ғашықтығым айтылған соң, Көңіл аусын көз жасыма рақым айлап, Михнатты ауыр жүктер мойныма алып, Бір жанды құрбандыққа тұрмын сайлап. Ә.Тәң.

РАҚЫМ (РАХЫМ) КҮТТІ

~ Не де болса, жолға жақындап барып, алдарынан тосайын, – деді Жаманбай.  Келе жатқан арбалылардан рақым күтетінінаңғартты. С.Ом. ~ Мұнда көктемгі жер мені емізеді деу, табиғаттан рақым күту бар. Сол заманның шындығы да осыболатын. Х.Ерғ. ~ Алладан рахым күтелік. Бәлкім, жылдарын шегерер… Келесі жылға дейін кім бар, кім жоқ, деп үміттендіріп қойды. Бірақ дауысы сенімсіз шықты… Ш.Құм. ~ «Сенен рахым күтейін деп келді деймісің. Мына сор мандай жетімектер әкесін іздейді. Ө.Кәр.

РАЙЫНАН ҚАЙТТЫ

Ойынан, жоспарынан бас тартты; пиғыл-ниетін өзгертті. ~ Ол  өзінің  бір  кезде ақымақтықпен  үкіметке қарсы  шыққанын,   кейіннен  қатесін  танып  райынан қайтып, Шың дубанмен істес болғанын қысқаша әңгімелеп берді. Ж.Шәк. ~ Енді ойым айтады-ау,- деді ол беті шұқырая жымиып, – осының бәрін ана жылғыдай газетке жазып жіберсе, бәлкім ол райынан қайтып,- кенет Мұрат осы мен не сандырақтап отырмын дегендей кілт тоқтап, қызарып қоя берді. – Кешіріңіз ағай, әншейін бір ой ғой… Т.Әбд.

РАЙ БЕРМЕДІ

Құптай қоймады, жақтырмады. ~ Сосын ыржалақтап, сырт жағында тұрған кебеженiң аузын шып‚ iшiнен бiр жартылықты суырып ап, шишаның мойнын қылтитып едi, оған Iзет рай бермедi. Б.Алд. ~ Еламан рай бермей қойған үй иесіне қалай тіл қатудың есебін таба алмай басын көтеріп жан–жағына көз салып өтті. Ә.Нұрп. ~ Батыр бүгін айғайдың көкесін шығарды. Кеше ғана алдарына жығылып, айыбын төлей келген қызы Бикен мен күйеу баласына жақсы рай бермеген еді. Б.Жұм.