Posted in

РАХАТ ТАПТЫ

Ләззат алды, құмарынан шықты. ~ Өзі құшағында өскен табиғаттың қилы-қилы құбылысын ынтыға қызықтайды. Содан рақат тауып, соны мерей санайды. Қ.Тол. ~ Су ағатын құбырдың бәрі жаңа, бұрандасына дейін күміспен күптелген, жаның тазалықтан рахат табады. Қ.Түм.

Posted in

РАС, ӨТІРІГІН КІМ БІЛСІН (БІР ҚҰДАЙ БІЛСІН)

Шын-өтірігін айыру қиын д.м. ~ Бір қолымен жартастың төбесінен ұстап, екінші қолымен тастың жанжағына тіреп, өрмелеп,тасқа жабысып, құламасқа тырысқан кісі сияқты. Соны тас болған қойшы деседі. Рас, өтірігін кім білсін, бірақ солай деген жұртта аңыз бар. Ә.Бөкей.  ~  Ноғайлар… жартасқа Құрбан қия деп ат қойыпты. Осылай деген сөз бар, рас, өтірігін кім білсін. Ә.Бөкей. ~ Рас, өтірігін кім білсін естуі бойынша: Жанжалдың ертеңіне екі балуан ерегіспен қайта күрес тіріліпті.  І.Жан. ~ Сөйтсе, төрде ілулі тұрған Сталин жолдастың портреті екен… Рас, өтірігін кім білсін, менің естігенім осы-тын.   Н.Дәу. ~ Рас-өтірігін кім білген: бірақ кешегі өткен қариялардың айтқанына сенсең, бағзы заманда адам айтса нанғысыз ғаламат жұт болыпты деседі. Ә.Нұрп. ~ Осыдан көп жыл бұрын атақты әңгімеші Орақбай шал келіп. Қасымның серуенде жүріп қанша тоналса да, байлықтан арылмай қоюы киелі алатын тұмардың арқасы көрінеді, ал ол тұмарды бір сарт саудагерді өлтіріп қолға түсірген екен деп аңыз – өсектің шетін шығарды. Оның рас, өтірігін бір құдай білсін. Т.Әбд.

РАҚЫМЫ ТҮСТІ

Біреуге аяушылық жасады, мейірі түсті, қолқабыс қылды. ~ Ертеңінде Жұман жүрерде, рақымы түскен кісі болып, өзіміз ішуге алып қалған азырақ астық бар еді.  Сонша жерден әдейі жаяу келген соң, сол астықтан азырақ жырмалап берейін. Бірақ бұзауымды дөкейлетіп бересің деп, екі қызыл бұзауға бір пұт астық берді.  Ж.Айм.~ Бәлкім, Әбілқайыр екеуің етегінің астына барып тығылған қатын патшаның рақымы түсіп, жеріңді жаудан тазартып беретін шығар? Қ.Жұм. ~ Қолынан дәм татқан сыйлы кісі еді. Ешкімге зияны жоқ, бір құдай деген жан ғой. Алланың рақымы түссе, жазылып та кетер. АҚ «Арпалыспен…» ~ Бөлтіріктерімді қайда деп, Көк тәңіріден сұраймын. Рақымы түссе айтар деп, Аспанға ұлып жылаймын. Д.Тан.

РАҚЫМЫ ТИДІ

Біреуге жақсылық жасады, қайырым көрсетті. ~ Кеудесін тосады күн, тосады айға, Малынып тұрғандай боп жоса қанға…. Рақымы адамға көп тигендер Осылайша мәңгілік жасамай ма?! С.Тұрғ.

Posted in

РАҚЫМЫ ЖОҚ

Қатыгез, аяушылығы жоқ. ~ Әр уақыт рақымы жоқ қатты Құдай. Іздедім қалқажанды нәпсі тыймай. Мақбубаға уасылайла, я кәрім деп, Зарландым жалғыз жүріп, уа, дариға-ай! Ақан сері. ~  Ғашықтық күннен күнге ер жетеді, Қасіретім жанды шайқап еңіретеді. Кей уақыт рақымы жоқ қатты құдай Мені де сол себепті тебірентеді. Махаббат сонша қымбат – білсе бойың Иманды ақыретте берер құдай Дүниеде жалғыз өзің, ақыл-ойым, –  деп дінге емес, ғашығына табынады Ақан. Қ.Бекх.

РАҚЫМ ТІЛЕДІ

Аяушылық, қайырым дәметті. ~ Манадан бері міз бақпай отырған Жөнейіт тап осы арада бір мырс етті. Ол күйші өзіне рахым тілеп отыр деп түсінді. Ә.Кек. ~ Молда қанаты қайырылған құстай қалбалақтап, ханнан рақым тілегендей қос қолын жайып түрегеле бергенде, түсі суық апайтөс қос жасауыл оны қолтығынан қаңбақтай көтеріп әкетті. П.Дүйс. ~ Сол жайдың арқасына аяздай бататындығын айта келіп, шапағат-мейірім мол ханнан рақым тіледі. П.Дүйс.