Posted in

ТҮЙЕНІҢ ТАБАНЫ ТИЕР

Өте алыс жер. * Шығасыға иесі басшы деген, балаларының қалаға кетуіне бір себептен Байсұлтан өзін де кінәлі санайтын… Түйенің табаны тиер бір қиырда қыңырайып жатып алды. Ә.Асқ.

Posted in

ТҮКІРІГІ ЖЕРГЕ ТҮСПЕДІ

Беделі өсіп, билігі жүріп тұрды. * … Бас агрономның қазір "тіфу" деген түкірігі жерге түспей, дәуірлеп тұрған шағы. О.Сәрс. * Алыс-жақынға аса беделді, «тү» деген түкірігі жерге түспей тұрған облыстық соттың бастығы Қоқымбайдың әйелі Гүлиша аймақтағы партия мектебінен, бір жылдық саяси курстан көңілді оралды. Ж.Самит.* Қазақстан қайдасың деп тарта бер енді. Жолыңа кім көлденең түсер екен кәнеки. Жерлік патша ғой ауыл секратары. Ту деген түкірігі жерге түспей тұрған жас, жаңа бастық. Жоғардағы артқы тірегі де жойқын мықты көрінеді, — деп еді. Т.Рыск.

Posted in

ТҮЙЕ ӨРКЕШ

Түйенің өркешіндей болып дөңкиіп, төбе-төбе болып жатқан дөң, адырлар туралы. * Сеңгір-сеңгір таулардан, үңгір-үңгір құздардан, түйе өркешті шыңдардан, қыз емшекті тастардан өтіп, бұраң-бұраң сүрлеумен бес атты кісі бес құмырсқа боп өрмелеп, Алтайдың басына шықты. Ж.Айм. ~ Маратбектің көздеген нысанасы — қарсысындағы қос шоқының түйе өркеші. Одан әрі ирелеңдеп басталатын сай тереңдеп ұзап, ақар-шақар тірескен көп төбенің шатқалына ұласады. Төбе сайын қорым тас. С.См. * Түйе өркештенген адырлар бітіп, алдарынан далиып кең жазық ашылды. О.Бөк.

Posted in

ТҮЙЕНІҢ ТАБАНЫНДАЙ

Өте үлкен. ~ Осылардың көбі төрт жылда төрт ай оқымай-ақ университеттің түйенің табанындай дипломын қойынға тығады. Т.Қож. ~ — Бұл өзі я әрі, я бері емес, көңілге тимейтін, сырт көзге еленбейтін сүйей салды сырғытпа сөз. Баяғыда су жұқпас сері жігіттің аузынан естіген едім. Ай, өзі де жүрген жұпар кіндік болатын. К.Сег. ~ — Өзін мұқабадан жасапты-ау, ә… Кішігірім кітап сияқты екен. Мына біреу түйенің табанындай жалпиып жатқаны мөрі ме?!-деп таңдайын қағып-қағып қайырып берді. Н.Сер.

Posted in

ТҮКІРІГІ ТҮЙМЕ АЛТЫН

Әлдебіреуді жер-көкке сыйғызбай дәріптеу хақында. ~ Бәрі түкірігі түйме алтын саналған мысық мұрт тиранның «қоғам неғұрлым алға басқан сайын, тап тартысы солғұрлым шиеленісе түседі» дейтін сандырағына көзсіз сенгендіктен ғой. Т.Сәу.

Posted in

ТҮЙЕ ТАБАН (ТАБАНДЫ)

1. Табаны жалпақ, үлкен. ~ Арғы бетке шыға бере, өзінің мана, таңертең жүріп өткен ізі үстіне баттиған үлкен, үлкен болғанда, әрқайсысы қарсақ ізіндей жуан төрт бақайлы, үшбұрыш түйе табанды — тарбия жазылған алақан аумағындай зор, доп-домалак жолбарыс ізі түскенін көрді. М.Мағ. ~ Бұқпан отағасының ұзын тұрқы: бойы бір жарым кез және бір сүйем, кебеже қарынды, ешкі сақалды, торсық бетті, түйе табанды, аяқ- мойыны қысқа (тіпті мойын да жоқ!), салпиған бұғақты, есек құлақты, ырбиған семіз саусақты, түкті білекті адам. Сөйлемейді, мөңірейді, мөңіремейді екен, бақырады — дауысы сондай. М.Дәул. 2, Қазақ оюларының бір түрі, түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. Төзімділік пен сабырлықтың, мықтылық пен тұрақтылықтың белгісі. Сонымен бірге, алыс жолға шығатын адамның киіміне осы өрнекті салатын дәстүр де болған.

Posted in

ТҮЙЕНІҢ ТАНЫҒАНЫ ЖАПЫРАҚ

Көрген-білгені шамалы, өресі тар адамға қатысты айтылады. ~ Бәйбіше: — ендеше, өзгең өкпелеме! Жолдарың табыла берер… Әзимә тәуір еді, жолы да үлкен еді: беташарды ажар алсын. (Ажар — әлгі сары қатын) Сары қатын: — Е, дұрыс! — Түйенің танығаны — жапырақ, дегендей. — Соның-ақ мүйізі шықсын, — деп күңкілдескендері де болды. Сары қатын: — Ал, жүріңдер! Келінді көрейік! Ж.Айм. ~ Лесхоз бастықты Қарашелек те жақсы білетін. Түйенің танығаны жапырақ деп әншейін ақсақ егерьге жармасқаны болмаса, әкесін соттатқан да сол. Қ.Ысқ. ~ Барар жерім, бас сұғар үңгірім жоқ. Түйенің танығаны — жапырақ, амалсыздан Дөйшенқұл байкеге тарттым. Т.Сәу.

Posted in

ТҮЙЕ ТАЙЛЫ

Бір жағына қарай ойыс. ~ Аңқаты өзенінің арқа беті жарқабақ, оңтүстік жиегі түйе тайлы келеді. Ал, бұл жатаған жағалаудың кей тұстары бейне бір көп ұсталған көне тостағанның ернегіндей кетік-кетік. Х.Ес. ~ Үшінші жетінің аяғында төбесі түйе тайлы боп жабылған, есік терезе орнатылып, іші-сырты сыланып, ақталған, екі бөлме алдында кіре беріс шағын кілеті бар жаңа үй даңғырап шыға келді. Б.Соқ.

Posted in

ТҮЙЕНІҢ ТҰЯҒЫ ТҮСЕТІН ЖЕР

Қиыр шет. ~ Балам, мен болсам қартайдым, төрімнен көрім жуық. Мына керуендерге ілесіп екі түйемен осы сапарға барып кел, – депті. Жаңа түскен келін: – Ата, көп жүріп түйенің тұяғы түсетін жер екен, осы жолға өзіңіз бару жөн екен, – депті. БС "Шал мен келін".

Posted in

ТҮЙЕ ТАС

Үокендігі түйдей ірі тас. ~ Алсу бұлақтың көк жел- кесінде, түйе тастың көлеңкесінде шай қайнатып отырған. Ө.Кәр. ~ Ол осындай шешімге келіп, ширығып, төңіректі барлап алды. Өркеш-өркеш жартастардың ығымен төмен құлдилап, түйе тастарға жармасып, еңіске түсе бастады. К.Ораз. ~ Ығысқанмен шегінер жер жоқ. Шайқас алаңында мына түйе тастың үстінде біреуі ғана қалуға тиісті, екінші жан иесіне орын жоқ мұнда. Жеңілгені құздан құлап құрдымға батады. Ө.Кәр,