Расымен, шындығында. ~ Сен, Гүлзина, жақсы ұстаз екенсің. Мен бүгін сенің тәрбиелі шәкіртің болдым. Шын мәнінде мен ұлы Абайдың рухымен сырласқандай күйге түстім. Рас айтам… Ә.Асқ. ~ Алдын ала дайындап келген, жоспарлап келген сабақты, әйтеуір, міндет үшін өте салу емес, бір сөз болса да, бір сөйлем болса да, балаларға солай орысша үйрету, шын мәнінде үйрету! Ә.Тар.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫЛҒИ ӨТІРІК
Кілең жалған сөз. * Қырыққа келгенде де адам деген алжаса береді екен де. Құдай біледі, бұнысы шылғи өтірік. М.Сүнд. * (Оның атын сұрағаным жоқ-ты, сұрағанмен айта ма?) Айтпайды, себебі, мына ауланың ішін шылғи өтірік елесі кезіп жүр. Қ.Жиенб.
ШЫН НИЕТПЕН
~ Сөйлейді сонда тұрып Қара шекпен: – Жайыңды айтсаң едің маған көптен, Кінәдан әлі де болса құтқарайын, Тәубаға қайтсаң, жаным, шын ниетпен. А.Байт. ~ Қысқасы, шын ниетпен қолға алса – монша жөндеуге келетін секілді. Ә.Асқ.
ШЫЛДЫҢ ТЕЗЕГІНДЕЙ ШАШЫЛДЫ (ШАШТЫ)
* Осы сәбилерді шылдың тезегіндей шашпай бір жерге жинайтын күн жетті. Ә.Шәр.
ШЫН ЫҚЫЛАСПЕН
* Оның шын ықыласымен ұсынып тұрғанын түсінген ауыл адамдары жан-жақтан шулап кетті. М.Әбдіх. * Ақыры, Хақназар ханды жұрт болып шын ықыласпен қарсы алған. І.Ес.
ШЫМ БАТҚАНДАЙ
* Жылқайдар екі қолын жая шалқасынан құлады. Көкірек сүйегі қақ айрылғандай, қатты ышқынтқан ауруды бір-ақ сезді… Содан соң қараңғы тұңғиыққа, шым батқандай. З.Шүкір
ШЫНДЫ ШЫНДАЙ, АҚСАҚТЫ ТЫҢДАЙ
* Әлі зерттеліп, жазылмаған тарихты бұлар қайдан білсін деп шынды шындай, ақсақты тыңдай етіп, экзотикалық жағын басымдау көбейтіп, сыдырта жөнеледі. С.Жүн.
ШЫМ ЕТТІ
Жүрегі өрекпіп, елең етті. * Сол отырыстың үстіне төрт-бес жігіт – Баймандар келді. Оларға серпіліп орын берісті. Неге екені белгісіз, найзағай ұшқыны зулап өткендей, Күнікейдің тамыр біткені шым ете түсті. Ж.Айм. ~ Таза құм бетіне ит тілінен үзіліп түскен жалғыз түйір мөлдір тамшы құлады. Іші шым ете түсті. С.Елу.
ШЫНЖЫР БАЛАҚ, ШҰБАР ТӨС
Ықпалы, билігі күшті ығай мен сығайлар. ~ Не бір кеудесіне нан піскен жуан қарын байлар мен шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлардың құрдай жорғалап өткенін, ордаға жалтақ-жалтақ қарап кіріп бара жатқанын көргенде, сыртқа білдірмесем де ішімнен: «Жасаған! Жеткергеніңе шүкір!» — деп қоямын. Б.Тоғ. ~ Бұл жерге ең таяу ауыл Қызылкөлдегі төренің ауылы еді. Сәкенді шынжыр балақ, шұбар төстің үйіне апармай, жұпыны дәулеті бар Шәді төренің тамына түсірді. Т.Әлімқ. ~ Шынтуайтқа келгенде тінібектің Аралбай бастаған жітікке саяқ өңкей қулары, шынжыр балақ, шұбар төстері бірігіп кетсе, Жәукені құртып жіберуге де бар. С.Ом. * Зорлап алайын десе, үш әйелі үш жақтан үріп қоя береді. Үшеуінің де төркіндері шынжыр балақ, шұбар төс, мықты адамдар. Ә.Шәр.
ШЫМБАЙЫНА (ШЫМБАЙҒА) БАТТЫ
Қорланды; намысына тиді. ~ Салонды қоя берді өз жайына, Өзінің көнбеген соң ыңғайына. Аздан соң оның сөзін мұтып кетті, Басында батса- дағы шымбайына… Шәк. ~ «Е, жақсы картиналарды жинаса «Айша Бибі» де жаман болмағаны ғой, ─ деп, далбасалады қыз сөзі шымбайына батқан суретші. ─ Бірақ ілулі тұрған жерінен неге алып тастады екен?». С.Шай. ~ Шымбайға батқан шымшыма шамалы ширатты. Т.Әл. ~ Осындай сәні, салтанаты ерекше әйел затының бұған өмірде ең болмаса бір рет қызығып көз салмағаны, еркек деп елемегені шымбайына батады. С.Ел. ~ Поэмада Кебек қатал тағдыр туралы болжам шымбайына батқанмен, «жынның сөзін» қолма-қол ұмытып кетеді; Еңлікпен алғаш кездескен сәтінде де ойына ештеңе оралмайды. Е. Қуат.
