Зорлық-зомбылығын, қиянат көрсетуін ешқашан тыйған емес. * Ойларын Сүлкей айтпай-ақ түсінеді. «Ұлмын деп күні кешеге дейін төбемізден әңгір таяқ айырмаған ең, көрейікші енді… әуселеңді» дейтін болар іштері. Әй, дұшпандар — ай! С.Елу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТӨРГЕ ОЗДЫ
Қастерлі орынға шығып алды, жоғары өтті. * Еңгезердей тұлға ебедейсіз қимылдап, есік алдындағы шылапшын, құманды салдыр-гүлдір құлата-мұлата төрге озды. Ж.Нәж * Шал табалдырықтан бергі тай терісі – тулақ үстіне кебісін шешті де, керегеге арқасын таяп тұрған ұлына назар салмастан төрге озды. Ж.Нәж. ~ Әділ оның осы сөзінен-ақ: «Бұл келгендер ауыл арасының жай жүргіншілері емес, Бөлекеңдер болды ғой»,-деп топшылады. Көп ұзамай ауыз үйге сырт киімдерін шешіп, бірінен соң бірі келіп бұған сәлем беріп, қол алысып төрге озған. С.Ьаяз. ~ — Рахмет, шешей! Бір жұтым сусын болса болады, баратын жерім алыс еді,.. — деп жолаушы да төрге озған. Ж.Баш. ~ Ескексіз қайықтай қалқып жүрген қазаққа ес кіргізетін өзім деп, кеуде қағып жүрген «қайраткер» қайтқан ба: «Бәрің де маймылсыңдар! Бәрің де мына тұрған (төрде ілінген портретті нұсқап) таза маймылдың ұрпақтарысыңдар. Көздеріңді тұздай қылып құртамыз!» дейді төріңе озып. Ә.Ізб.
ТӨБЕСІНЕН ЖАЙ ТҮСКЕНДЕЙ БОЛДЫ
Тосын хабар (жағдай) қатты абдыратты; есінен айыра жаздады. ~ Ақсақал абдырады, састы, қысылды, жан терге түсті. Бұл қыз қасиетінен айрылды деп өкініп, қызғанып, жиреніп жүрген үстіне мына хабар төбесінен жай түскендей болды. Ж.Айм. ~ Балаңның ақылы өспей, асты өскенін енді біліп жүрсің бе? Бадаң қалада екінші қатын алыпты, тағы да бір немерең күтіп отыр, ал ендеше! Естиін дегенің осы ма еді, — дегенде, Жамаш әжейдің төбесінен жай түскендей болған. М.Мақ. ~ … күйеуінің көзіне бір де бір рет шөп салып көрмеген, оқытқан балаларына да өмір бойы соны дәріптеп, құлақтарына құйып келген үлгілі ұстаз, мейірімді на, опалы жар а дегенде аяқ астынан төбесінен жай түскендей болды. Ж.Сәм. ~ Е, сен де хабардар екенсің ғой. Осы әңгімені Ұлтараққа жеткізген жөн болады. Ол да қамданып отырсын. Білмей қалса, төбесінен жай түскендей болады ғой байғұс, — деді Өгізбай. Ә.Шәр.
ТӨРЕ ТАБАҚ
Үлкен табақ. * – Ақсақал, төрге шығыңыз, – деп қалбалақтап орын берісті. Бөтен кісі жоқ, өздері ғана, қоңыр кеште төре табақ етті қаумалай орталарына алысқан. О.Бөк.
ТӨБЕСІНЕН ҚЫРҒЫШ СҮЙЕК АЛСА ДА
Қалай қинаса да, нендей қиянат жасаса да. Оның аты құлақ кесті кұл деген сөз. Байға өмір бахи қарыздар, жылқы соңында күні өтеді Таяқ соғар ағайыны да жоқ… Достан төбесінен қырғыш сүйек алса да көнуі керек… З.Шүк.
ТӨРЕЛІК АЙТТЫ (ЖАСАДЫ, ЕТТІ)
Дауға төрелік етті, шешім айтты. ~ Болары болып, бояуы сіңіп қалған істей көріп, төрелік айтқысы келеді. Т.Әл. ~ Мен бұл жерде тыпыршимын, Тыпырлаймын, көнемін, Еш төрелік айта алмаймын. Әкесімін мен оның. К.Мырз. ~ Жошымен де, Батумен де тізе қосып, тіл табыса ел биледі. Екеуінің де ақыл қосар кеңесшісі, билік айтар, төрелік жасар төбе биі болды. Д.Рам. ~ Бөкеннің түсінігінше, бюрократтық – біреуге біреудің үстемдігін жүргізуі, төрелік етуі. Д.Әш.
ТӨБЕСІНЕН СУЫҚ СУ ҚҰЙЫП ЖІБЕРГЕНДЕЙ (СУ СОРҒАЛАТҚАНДАЙ) БОЛДЫ
Оқыс хабардан жүрегі зірк етіп, қорқып қалды д.м. ~ Біреу тас төбесінен мұздай су құйып жібергендей, аз уақыт не болғанын түсінбей, сілейіп тұрып қалды. Әйтеуір бір зор кесапат үстіне құлаған сияқты. Т.Ахт. ~ Оны ел өзінше алып қашып, «солдат сұрапты» деген суық хабар ел ішіне дүңк ете түсті. Ел тасқаяқтай қағысты, Халықтың төбесінен суық су сорғалатқандай ел құлағы елең ете түсті. Шырт ұйқыдан оқ оятқандай жетіден жетпістегісіне шейін серги кетті. І.Жанс.
ТӨРІ ТӨСЕНІШТІ БОЛДЫ
Қонаққа құрмет көрсету д.м. * Махмұт қай ауылға түссе де жүздерің жарқын, төрің төсенішті болсын, қыз- бозбаланы қамап ұстамаңдар, ақынның әр күні ойын — сауықтан құр кетпесін деген Қ.Ысқ.
ТӨБЕСІНЕН ТІК ТҰРДЫ
Алдында құрдай жорғалап, қызмет көрсетті. * Тегі, оңаша тіл қатқанда, Шыңғыстың кім екенін Малтабар Варвараға ескертіп қойған болу керек, көрген сәттен алдында құрдай жорғалап, «төбесінен тік тұрып» құрмет көрсетті. С.Мұқ. * Толыбайдың Қотанкөлді бетке алып көшіп келе жатқанын әлде қалай есітті, Нұрыбай аулынан бала барса да, жақайымдар төбесінен тік тұрып күтеді… З.Шүк.
ТӨРІНЕ ШЫҒЫП, ТӨБЕСІНЕ ОЙНАДЫ
Әбден басынды. * Болыс. Келді ғой! (Қыдышқа.) Үстімізге кіргізіп отырамыз ба басынтып. Қыдыш. Кірмесін, түге. (Дауыстар.) Сый қонақ бар мұнда…. Жүзтайлақ. Төрімізге шығарып, төбемізге ойнатушы ма едік? Әкелмеңіздер Кәкеңнің үстіне. М.Әу.
