Posted in

ТОЛҒАН АЙДАЙ ТОЛЫҚСЫДЫ (ТОЛЫСТЫ)

Тұла бойы толықсып, назданып, құлпыра түсті. ~ Мына күйі кеше қиялында нағашысының ауылына апара жатқан Торғын сияқты болып кетті. Қиссалардағы толған айдай толықсыған қыздың өзі кәдімгі. Қ.Қаз. ~ …толған айдай толықсыған, хор қызындай үлбіреген хас аруға бір кезде өзінің ынтық болған қызық шағын есіне түсіріп, оның алдында қылыш көтеруді ер басына ар көрді… Ж.Сәм. ~ Бірақ күн өткен сайын қоңырауламай қоңырлап бастал- ған сезімдері жүз жылда жалғыз- ақ рет қайталанар ұлы достыққа, бәлкім, махаббатқа ұласып, толған айдай толысып келе жатқан. О.Бөк.~ Араны қайтадан сағынышқа толы хаттар жалғастырып, екеуі кезекті курстарын аяқтап Алматыда кездесті. Қымбат бойжетіп, толған айдай толысып, көрген жанның көзін арбап жүргенімен өз жүрегі Серіктен басқаны қаламады. С.Досж.

Posted in

ТОНЫМДЫ ШЕШІП АЛА МА (АЛМАС)

Мағанне қылар дейсің д.м. ~ Әзімбай өзін жалпы батыл жігітпін деп есептейді, Әлгіден бері қибыжықтап, сары қызға тиісе алмай отырғаны үшін өзіне өзі ашуланып, жыны келді. «Жалғыз екенін білдім. Енді кімнен жасқанам? Менің тоңымды шешіп ала ма?» Б.Соқ. ~ Жұмбақ та қызық зат! Сол жұмбақ та қызық, заттың атын естісем де өзін көрмеппін. Барсам барайыншы. Ол үшін тонымды шешін алмас. М.Қаб.

Posted in

ТОЛҒАУЫ ТОҚСАН ҚЫЗЫЛ ТІЛ (КҮЙ, СӨЗ)

Мән-мағынасы, сән-сұлулығы мол д.м. ~ Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған- Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл. Абай. ~ Енді бір жағынан қарасаңыз әлдеқайда ұмыт болып бара жатқан қазақтың ежелгі тұрмыс-тіршілігінің, толғауы тоқсан қызыл тілді ырқына көндірген би-шешендердің қағысуларының «энциклопедиясы» сияқты. Ж.Шәк. ~ Соқ жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт! Тоқтатпа, «Тарт!» дегенім — қылғаным шарт! Толғауы тоқсан күйдің бір-ақ күй бар — Сылқылдат! Бастыр! Бастыр! Қадалт! Қадалт! І.Жан. ~ Қаламгер осылайша сізді өмірдің ащы шындығына, әдебиеттің толғауы тоқсан сөз иіріміне жетелейді. Ж.Шәк.

Posted in

ТОЛҚЫН ҮСТІНДЕГІ (ЛАҚТЫРҒАН) ЖАҢҚАДАЙ

Дірдек қақты. * Дәл осы қалпында да еш нәрсеге назар салған кейпі жоқ, толқын үстіндегі жаңқадай дірдек қаққан "инеліктің" тұмсығында отырып та тер алдында мүлгіген молдадай бейғам. Қ.Ысқ. * Жастық аңғырттықпен, бірбет асаулықпен қызметке кіріскенде, тіршілік шырғалаң-шиыры толқын үстіндегі жаңқадай қақпақыл қылып ойнады. БАҚ. * — Қайда кимелеп барасыңдар! Бұл не өзі? Кілең мәдениетсіздер. Туфлиімді былғадыңдар құлақ сетіндей ащы дауыспен баж-баж етуіне қарамастан, жұрт Кербезді толқын лақтырған жаңқадай тықсырып, ішке алып кетті. Б.Соқп.

Posted in

ТОЛЫНЫ ШАЙҚАП ТӨКТІ (ТӨГІП ШАЙҚАДЫ)

Билеп-төстеді, бүлік салды, бүлдірді, берекесін кетірді. ~ Толыны шайқап төгіп, майға бөккен қордалылар сонау кең даланың ырғап ішер ырысын шақтап сыздықтатар ма? Қу мініп, құлан құрықтаған пысықтар көрнеу көзге момын мен жуасты қырқыстырып қойып, өзінше қыр басынан қиялап кеп жөн айтар, сол төрелігінің төлеміне қырқа матап мал айдар жолынан оңай тайсақтар ма?" С.См. ~ Ақсақ Темір көреген, Азуын айға білеген, Дұшпанын саздай таптаған, Досын майдай сақтаған, Алтын діңгек секілді, Патша өткен Тұранда. Азғын тартып шүйіліп, Қасиеті жойылып, Онан соңғы хан мен бек Аталыдан азғын тек Суалып қалды қараңға. Елді судай сапырған, Белшесінен батырған, Шілдеде мұзды қатырған, Толыны төгіп шайқаған, Берілді тізгін ылаңға. Д.Баб.

Posted in

ТОЛЫСЫ ШАЙҚАЛДЫ

Тынышы кетті, қауіп төнді д.м. * Игілік аулының жұтқа ұшырап, толысы шайқалғаны бір биыл емес. Сонда да ата қоныстан табан аударып, Сырдың бойын сағалаған кезі жоқ-ты. З.Шүк.

Posted in

ТОЛЫСЫН ТӨГІП, ОРТАСЫН ШАЙҚАДЫ

Жайлы өмірін бұзды, тынышын кетірді. ~ Әлгінде айтылғандай, ретсіздіктер жұрттың соқтасын суытып, елге іріткі салды, толысын төгіп, ортасын шайқады. Қара бұқараны қойдай үркітті. Осыдан келіп, жалпақ қараңғы ел большевик дегенді құбыжық көрді. І.Жанс. * Жазғытұрым ойылған жұт жұрттың толысын төгіп, ортасын шайқап кеткеніне қосыла басқа жайттар да қабаттасып жатты.. Е.Мұхам.

Posted in

ТОМАҒА ТАРТТЫ

Құсына ерік берді, томағасын босатты. ~ ауға ерте кіргенде бірен-саран қорымның-тұсынан томаға тартып қалуға да болушы еді. Сондай белгілі ұрымтал шоқылардың біразы да кейін қалды. М.Әу.~ Өзінің аржақ төрінде де, онан соң сол жақ қатарында да екі ұрымтал шоқы бар екен. Соның екеуінен де томаға тартамыз деп келе жатыр еді. М.Әу. ~ Әулиенің бір биігінде Тұрғанбай томаға тартты. Ар жағындағы бір жотаға барып, Шәке томаға тартты. Үшінші жотада томаға тартқан, Абайдың, Айғыздан туған інісі, осы сапардағы аңшы жолдасы — Смағұл болатын. Абай мен Ербол әдетте қағушы қасында емес, Тұрғанбай маңында жүреді. М.Әу. ~ Бір тасты қағып шығып, екіншіден томаға тартқанда жылпос қағушының алдындағы қорымға томағасы алынған жалаңбас қыран белсеніп кірпік қақпай қалады. М.Әу.

Posted in

ТОЛАРСАҚТАН САЗ КЕШТІ

Ауыр жағдайға төзіп берді. ~ Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығуға, Қас үлектен туған қатепті, Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір-бірін деп сөксе де, Қабағын шытпас ер керек, Біздің бұл іске. Махамб. ~ Күн жауын, жер батпақ еді. Атымды шылбырынан жетектеп, толарсақтан саз кешіп, шаршап-шалдығып полкке келдім. Ә.Нұрш.

Posted in

ТОМАҒА ТҰЙЫҚ

Бұйығы; сыр бермес; жұрттан бөлек. ~ Әлдібек томаға-тұйық жуас кісі еді, оқыс ой айтатындай түйіліп ұзақ отырып барып: – Келінім бұлдырықтың балапанындай сүйкімді бала екен, – деді де, Тоқтас қанша ынтыға күтсе де, Әлдібек одан әрі үндемей қойды. Т.Нұрм. ~ Қалшыл қағып қаралай жүрістерінен жаңылған. Ықыласын бермеді. Томаға тұйық жатып алған. Р. От. ~ Әкесі Тоқтар мыңғырған бай болмаса дағы, жылқы түлігінің күлігі мен құйрық-жалы төгілген ақбоздарын ұстайтын, шаруасы шап-шағын томаға тұйық кісі болатын. Ш.Құм.