Долбар жасады. ~ Иен жерді мекен етем деп, Игілікке жетем деп, Кеңшілік сүтін ішем деп, Ойменен тон пішем деп, Қара қазан, сары бала, Кемпір-шалдың қамы үшін; Бетегесі бырдай боп, Май сасыры дырдай боп, Тарлаулары балдайын, Балауы жая-жалдайын, Ойы түрлі кілемдей, Солқылдап қыры кілемдей, Салқын самал дала үшін. Д.Баб. * – Председатель, обалына не керек, жібі түзу адам, – деді әр нәрседен топшылап тон пішуге құмарлығы бар Төлебай табанда қорытынды шығарып. – Бірақ, құрығанда, мұндайлар саусақпен санарлық. О.Сәрс. ~ Сметтің қызға сырт долбармен тон пішуі қисынды. Іргелес облыс орталығында, қалада тәтті тағам өндіретін пәбрикада істейтін Зуһраның сыртқы кейпі өлең айтып, би билейтін әртіске келіңкірейді. Ө.Кәр.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТОЛҒАҚТЫ ОЙ (ТОЛҒАНЫС, МӘСЕЛЕ))
Маңызды, уақыи күттірмейтін мәселе. ~ Қағілез жүрегі қашан да алаңдаулы. Жер мен тіл, әдебиет пен мәдениет тағдыры болсын, қазақ қоғамындағы кез-келген ділгір мәселенің бәріне толғақты ой, өткір сөзімен үнемі сергек үн қатып келеді. Б.Нұрж. ~ Желіге желпінеді. Соның соңынан… алғы мезеттер туралы не түрлі толғақты толғанысқа, сан қилы сана толқынына сүңгиді. С.Үс. ~ Зайсандағы зілзала зардабын шеккендер үшін шыр-пыры шығып, шырылдап жүретіні, аналар мен балалардың жағдайын жақсарту жөнінде талай толғақты мәселелер қозғап, дамыл, тыным таппайтыны, қазір де мәдениетіміздің қамқарекетіне көп толғанатыны ойыма оралып, «осы Алтыншаш та Айғаным сияқты ел анасы болуға бет бұрып барады-ау, шамасы!» деген пікір қылаң етті. С.Ақт.
ТОННЫҢ ІШКІ БАУЫНДАЙ
Ым-жымы бір, жақын адамдар туралы. ~ Соның ішінде Нияздың момын балалары Жолшы мен Топы кең пейіл Таңсыққожаны тонның ішкі бауындай көріп, келін түсіріп, қыз ұзатса, — сыбағалы кәдеден құр қалдырмайтын еді. З.Шүк. ~ Әлгі найсаптардың көбісі тірі күнінде марқұммен іща й деспеген немелер, тіпті, тонның ішкі бауындай жақын сырлас болған жандар. Ж.Шағ. ~ Әуелде қажасу қайтадан ұшықты ма деп секем алған Елтай мына кеңкілден кейін Сүкең мен шофер жігіттің әкесі — Сәрсенбінің төс қағысқан дос екенін ұқты. Тонның ішкі бауындай достар, араларынан қыл етпейтін шын достар аяусыз қалжыңдасады. М.Қаб.
ТОЛҒАН АЙДАЙ
Сұлулық сипаты ретіндегі теңеу. * «Сол сипатын семіргенде де сақтап, денесі жалпайғанмен, бет бейнесі бүлінген жоқ еді, толған айдай дөңгеленген бетімен, салбырап кеудесіне түскен бұғағы көзді еріксіз тартушы еді» дейді көргендер. С.Мұқ. * Осы кезде екі көзі жауһардай мөлдіреп, маңдайы он төртінде толған айдай жарқ етіп Ұрқиямен бірге үйге Қадиша кірді. С.Жүн.
ТОНЫ КЕЛТЕ
Тұрмысы нашар, кедей-кепшік. ~ «Барып көр олай болса, Құрамысқа, Адам жоқ жасыруға онан ұста. Шамасыз өзі асқан жақсы жігіт, Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа» — «Мысықжан, оны да қой, өзгесін айт! Жеп едім бір ылағын былтыр қыста». А.Байт. ~ Естай, сен мына біздің баламен жолдас көрінесің. Бірақ сенің тоның келте, амал не, өнерің бар. Мен баламды ана Маралды болысындағы қайнына осы жақында ұрын жіберемін. Сондағы тел жолдасы сен боласың. С.Бег.
ТОЛҒАН АЙДАЙ ТОЛЫҚСЫДЫ (ТОЛЫСТЫ)
Тұла бойы толықсып, назданып, құлпыра түсті. ~ Мына күйі кеше қиялында нағашысының ауылына апара жатқан Торғын сияқты болып кетті. Қиссалардағы толған айдай толықсыған қыздың өзі кәдімгі. Қ.Қаз. ~ …толған айдай толықсыған, хор қызындай үлбіреген хас аруға бір кезде өзінің ынтық болған қызық шағын есіне түсіріп, оның алдында қылыш көтеруді ер басына ар көрді… Ж.Сәм. ~ Бірақ күн өткен сайын қоңырауламай қоңырлап бастал- ған сезімдері жүз жылда жалғыз- ақ рет қайталанар ұлы достыққа, бәлкім, махаббатқа ұласып, толған айдай толысып келе жатқан. О.Бөк.~ Араны қайтадан сағынышқа толы хаттар жалғастырып, екеуі кезекті курстарын аяқтап Алматыда кездесті. Қымбат бойжетіп, толған айдай толысып, көрген жанның көзін арбап жүргенімен өз жүрегі Серіктен басқаны қаламады. С.Досж.
ТОНЫМДЫ ШЕШІП АЛА МА (АЛМАС)
Мағанне қылар дейсің д.м. ~ Әзімбай өзін жалпы батыл жігітпін деп есептейді, Әлгіден бері қибыжықтап, сары қызға тиісе алмай отырғаны үшін өзіне өзі ашуланып, жыны келді. «Жалғыз екенін білдім. Енді кімнен жасқанам? Менің тоңымды шешіп ала ма?» Б.Соқ. ~ Жұмбақ та қызық зат! Сол жұмбақ та қызық, заттың атын естісем де өзін көрмеппін. Барсам барайыншы. Ол үшін тонымды шешін алмас. М.Қаб.
ТОЛҒАУЫ ТОҚСАН ҚЫЗЫЛ ТІЛ (КҮЙ, СӨЗ)
Мән-мағынасы, сән-сұлулығы мол д.м. ~ Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған- Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл. Абай. ~ Енді бір жағынан қарасаңыз әлдеқайда ұмыт болып бара жатқан қазақтың ежелгі тұрмыс-тіршілігінің, толғауы тоқсан қызыл тілді ырқына көндірген би-шешендердің қағысуларының «энциклопедиясы» сияқты. Ж.Шәк. ~ Соқ жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт! Тоқтатпа, «Тарт!» дегенім — қылғаным шарт! Толғауы тоқсан күйдің бір-ақ күй бар — Сылқылдат! Бастыр! Бастыр! Қадалт! Қадалт! І.Жан. ~ Қаламгер осылайша сізді өмірдің ащы шындығына, әдебиеттің толғауы тоқсан сөз иіріміне жетелейді. Ж.Шәк.
ТОҚАЛДАН ТУҒАН ЖОҚ
Жұрттан кем емес, адамның азы мен тозы емес д.м. * — Ау, Қабеке, олай кетіспейік. Бәріміз бір орыстың баласы, тоқалдан туған ешкім жоқ… — Бәркелет әдейі айтып тұр. Әйдербек бәйбішеден жалғыз болғанда, есенәлі-бөлек тоқалдан туатын еді. З.Шүк. ~ Ащыөзек өзені арнасының кей тұстары қызыл су жайылған кезде мұз айдынына айналатын. Самат өз жігіттерімен барып, әлгі ойынмен көзбе-көз танысып қайтты. Қатты таңырқады. «Мектеп» көшесі де тоқалдан туған жоқ деп, бұлар да әзірлікке кірісті. З.Төл.
ТОҚЫЛДАҚТЫҢ ТӘУБЕСІ
Дәм болсын айта салынған, тиянағы жоқ бос уәде, шығарып салма сөз. ~ Сен маған иманыңдай иландың. Сонда менің антты аттап, сертті бұзғаным ба? Саған айтканымның бәрі бос уәде, тоқылдақтың тәубесі боп шыққаны ма? Мынау сұмдық қой. Бетім бүлк етпей сонша уақыттан бері саған қалай ғана сөйлеп жүрдім екен? Н.Кел. ~ Сұлтан ширығысы дәл сол өзінің кіжінген көңіл күйіне дөп келді. Орда ыңғайынан тыс кетіп, шырық бұзған кейбір ожарларды бұғалықтап бүрістіріп қоймаса, хан тыйымы мен әмірі тоқылдақтың тәубесіндей бос сөз, ақ көбік деп ұғып, жүгенсіз кетер. С.См. ~ Он тоғыз жыл бойы ақ пен қараны ажырата алмай, саған алданып, тоқылдақтың тәубесінде жүргеніме өкінем. Балапандарымды сары ауыз кезінен бауырыма баспай, жігерін жасытып алғаныма қынжылам. Н.Кел.
