Posted in

ШЫЛБЫР ТАСТАДЫ

~ Иә, ел еркіндігі, ел азаттығы туралы заңдар қабылданған тұстарда жарғақ құлағы жастыққа тиіп жарымағандар санатынан Сафуан жиі көрінді. Жас жазушының шығармасына шылбыр тастау, классик жазушының музейін ашқызу, мазарын көтерту — бәрі де оны мазалайды. Х.Ерғ. ~ Мен жақсылап жүргенде, Ол жамандап үлгірді. Талай тастап шылбырды, Сүйреп едім құрғырды, Есін жинап алған соң Жігерімді құм қылды. Х.Ерғ.

Posted in

ШЫҚ БЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ

~ Қ а л и. Бұл заманның шық бермес шығайбайы үйінде ме, көрсетші көзіме! Орынбасар. Арқасымен қарсы алып міне тұр, тақсыр! Ғ.Мұст. ~ Оймауыт даласынан Нарқамысқа қарай шұбырған аш ел Құлатайдікіне соғып түней -түстене өтеді екен. Құлатай сол жылдары "шық бермес Шығайбайдан" асып түседі. С.Ел.

Posted in

ШЫЛБЫР ҮЗІСПЕДІ

~ Аспан ашылған. Ат жауырындай ала бұлттар аунап барады. Бозбала Сұңқардың көңілі көтеріңкі. Әкесі ғана әлі суыққабақ. Одан шылбыр үзіспей қапталдасып Алаш келеді. А.Алт.

Posted in

ШЫЛБЫР ҰШЫН АЛДЫНА ТАСТАДЫ

* Жақсылық ойлайтын қамқор адамның үнімен күмбірлеп, бұның өмірге енді қадам басқан жас екенін, жанбай жатып өшпей, болашағын ойлау керектігін, албырттықпен жасаған қателігін шын көңілімен мойындаса, советтік әділ заң кешірім ететінін ұзақ айтып, алыстан орағытқан. Әбден буыны босады-ау деген бір мезгілде: – Жас болған соң жаным ашып отыр. Жағдайың қиын-ақ. Әйтсе де көп нәрсе өзіңе байланысты, – деді шылбыр ұшын алдына тастап. Т.Сәу.

Posted in

ШЫҚПА, ЖАНЫМ, ШЫҚПА

* Соңғы кезде оның өзі де болмай кетті. Бұл ауылда отырғандардың бірсыпырасы-ақ өлмелі кедей, бәрі де «шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді. Б.Майл. * Соңғы Ұлы Терімде жиналған қорек те азайып, көк жасық сусіңді тамырлар мен нәрсіз құрақ-жапырақтарды талғажау еткен қырық қаралы тайпалас осы атты күнге «шықпа, жаным, шықпалап» әзер жеткен. С.Сағ.

Posted in

ШЫҚПЫРТ ТИГЕНДЕЙ

– Құп, тақсыр! – Қолына шошайта ұстаған бишігін бұлғап-бұлғап, кібіртіктеп келе жатқан аттарды шықпырт тигендей сауырлата жөнелді. О.Бөк.