Posted in

ШЫДАМЫ ТАУСЫЛДЫ

Тағатсыздана бастады. ~ Солардың тезірек келуін асыға күтті. Олар кешіккен сайын сабыры таусылып, өзінен өзі тықырши бастады. Шыдамы таусылып, есік алдына шықты. Ж.Сәм.

Posted in

ШЫЛАУЫНА ЖАРМАСТЫ

~ Көкем де ебелек қағып «Саламалайкүмін» жолай айтып ат шылауына жармасып жатыр. Б.Мом. ~ – Әрине, сгенің үшін жазықты емессің. Бірақ шылауыма жармасқаның көргенсіздік! О.Сәрс. ~ Жұрт түгел не болып, не қоятынын жөнді білмей, дүбараланып қалған. Бастық бала орнында екен, шылауына жармаса кеттім. Н.Дәу.

Posted in

ШЫДАС БЕРДІ

Төтеп берді; қирамады; шыдай алды. * Заңсыз салынған үйлердің орналасқан аумағы табиғи апаттарға шыдас бере алмайтынын тағы бір мәрте көз көрді. БАҚ * Зымыраннан шыққан от жалынына саз балшық керамикасы ғана шыдас береді.

Posted in

ШЫДАС БЕРМЕДІ

Қиындыққа шыдамады, жауына төтеп бере алмады, жеңілді, ықты. ~ Түу ит арқасы қияннан басын қауіпке тігіп сен болмасаң, қай екі туып, бір қалғаным іздеп келеді, – деп желдей есті. – Жүйрікке де біртомар, жаны патшалық қанша шыдас берер дейсің. О.Бөк. ~ Байлархан да аттан құлады. Қимылдауға аяғының ауырғаны шыдас бермеген. АҚ. "Арпалыспен…"

Posted in

ШЫЛАУЫНА ОРАЛДЫ

~ Иә, Мұқажан, сен Мырзабайдың баласы едім де, дұрыс,— деп атынан түсті. Мұқажан болса шылауына орала кетті. Атты белдеуге емес, анадай жердегі кісі бойындай биік қазыққа байлады. С.Бақб. ~ Назарқұл Сұранышбектің үйіне келіп түсті. Түскен жоқ– ау, көкшолақтың үстінде шіреніп: – Сөйлес– ау! – деді. Жолаушының шылауына оралған жан болмады. Т.Әл.

Posted in

ШЫЛАУЫНДА КЕТТІ

~ Әлемдік сурет өнері үлгілеріне иек арта отырып, олардың шылауында кетпей, қазақ көркемсуретіне ұлттық дәстүрлерді молынан енгізуді, ұлттық болмыстың құндылықтарын барынша паш етуді мақсат еттім. Ә.Асқ.